1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру


Диетотерапияда қолданылатын принциптер



бет28/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
1. Ìåé³ðáèêå ³ñ³, ìåé³ðáèêåí³? æ?ìûñûí áàðëû? êåçå?äåðäå ?éûìäàñ

Диетотерапияда қолданылатын принциптер: 
«Сақтау, қорғау» принципі - белгілі бір мүшені тітіркендіретін немесе патологиялық процесті күшейтетін тамақтану факторларын (химиялық, термиялық тітіркендіргіштер т.б.) шектеу. Бұл принцип ас қорыту мүшелерінің аурулары диетотерапиясының негізгі принципі болып саналады. 
«Жаттықтыру» принципі - алғашқы тағайындалған қатаң диетаны кеңейтуден тұрады. Бұл бір жақты толыққанды диета емес. Бұл жеңіл тағамды диетаны қолдану арқылы іске асады. Олар калориясы шектелген немесе химиялық құрамы қайта түзілген тағамдардан тұрады. Оларды 7-10 күнде 1 рет тағайындайды. 
«Коррекция» принципі - аурудың ӛршуіне алып келетін кейбір тағамдарды азайту немесе мүлде алып тастау. Мысалы - қант диабеті ауруы. Кейде диета коррекциясының ӛзі қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді. Емдеу сауықтыру ұйымдарында М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады.
Емдеу сауықтыру ұйымдарында М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады.
Диеталық үстелдер
№ 1 диеталық үстел – Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит.
№ 2 диеталық үстел – Қышқылдығы тӛмен созылмалы гастрит.
№ 3 диеталық үстел – Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы.
№ 4 диеталық үстел – Іш ӛтумен сипатталатын энтериттер.
№ 5 диеталық үстел – Бауырдың және ӛт жолдарының аурулары.
№ 6 диеталық үстел - Подагра ауруы.
№ 7 диеталық үстел - Бүйрек аурулары.
№ 8 диеталық үстел – Семіздік.
№ 9 диеталық үстел – Қант диабеті ауруы.
№ 10 диеталық үстел – Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары.
№ 11 диеталық үстел – Туберкулез ауруы.
№ 12 диеталық үстел - Жүйке-психикалық аурулар.
№ 13 диеталық үстел – Жедел жұқпалы аурулар, қызба кезеңдері.
№ 14 диеталық үстел – Несептің сілтілі реакциясы мен фосфор-кальций тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия.
№ 15 диеталық үстел – Жалпы стол, арнайы диеталық стол тағайындауға кӛрсетпелердің болмауы және ас қорыту жүйесі қызметінің қалыпты болуы.
Ауыр халдегі, әлсіреген науқастарды кейде қасықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. Бұл тамақтандырудың табиғи тәсілі. Кейбір жағдайларда, науқастар ӛздігінен тамақтана алмаса немесе кей себептердің салдарынан табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса жасанды тамақтандыру қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет