22.Бөлімшеде дәрілік заттардың талаптарын жазу және сақтау. Стационарда жатқан пациентке дәрілік заттар арнайы талап қағазында жазылады (ф. №434/у). Дәрігер пациеттерге тексеріс жасап, ауырыуын емдеу мақсатында, оларға керекті дәрілік заттардың мөлшерін күніне қанша, қалай және қай жерге енгізу керек екендігін анықтап, дәрілік заттарды пациенттің медициналық картасына (ф.№003/у) және дәрігердің нұсқау қағазына жазып қойады(ф. №004-1/у).
Бөлімшелік Медбике әр пациентке арналған дәрілік заттардың санын, бар-жоқтығын дәрігердің нұсқау қағазынан қарап, апта сайын посттан тексеріп тұрады.Пациентке парентеральді жолмен енгізуге арналған дәрілік заттарды дәрігердің нұсқау қағазы бойынша егу бөлмесіне Медбикеге өткізеді.Дәрілік зат жетпесе немесе жоқ болса егу бөлмесінің Медбикесі мен бөлімше Медбикесі мемлекеттік және орыс тілінде жазып талап қағазын өткізеді.
Аға Медбике бұл қағазбен танысып бөлімшенің меңгерушісіне қол қойғызып дәріханадан 3 данадан дәрілік заттарды алады. Талап қағазы реті бойынша жыл басталғаннан бастап номерленеді. Талап қағазында дәрілік заттардың толық аты, дозасы, дәрілік пішіні, қапталуы және саны жазылады. Бұдан бөлек дайын дәрілік заттар, эксперементтегі дәрілік заттар, таңуға арналған материалдар, наркотикалық, улы дәрілік заттар, этил спирті басқа талап қағазына жазылады. бөлімшеде дәрілік заттар 3 күнге артығымен болады.
Улы, наркотикалық заттар, этил спирті латын тілінде, саны цифрмен, қолмен жазылады (прописью), 4 – данадан арнайы бланкада штамппен,в емду мекемесінің басшысының немесе оның орынбасарының қолы және мөрі басылуы тиіс. Улы және наркотикалық заттарды және тіркеудегі барлық дәрілік заттарды жазғанда- пациенттің мединалық картасының номері, пациенттің аты-жөні, диагнозы және енгізу түрі жазылуы тиіс. Ал қабылдау, травматология, хирургия, реанимация бөлімдеріне пациенттің ауру тарихының номерін жазбай «шұғыл жағдайға қолдануға арналған» - деген белгімен 5 күнге жететіндей етіп тапсырыс береді.
Дәріханада бар дәрілік заттарды аға Медбике күн сайын алып отырады, ал дайын емес дәрілік заттарға тапсырыс беріп, келесі күні келіп алады. Аға Медбике дәрілік заттарды дәріханадан алғанда оларды талап қағазымен салыстырады және түрін, түсін, формасын, жазуын, дозасын, жарамды мерзімін тексеріп, мұқиат қарап тапсырысты беруші фармацефтың қолы қойылғандығына көз жеткізеді. ( ҚР ДСМ 7.04.2005 жылдан бастап №173 бұйрығы.«
«А» және «Б» тобының дәрілерінің сақталуы
Наркотикалық дәрілер оқшауланып кіруге тыйым салынған арнайы құлпыланатын бөлмеде сейфте сақталады:
Улы дәрілік заттар бөлек металл шкафта құлпыланып сақталады;
Металл шкафпен сейфтің есігінің ішкі жақ беетінде «А» тобының дәрілік заттары екендігі және жоғарғы дозасы мен тәуліктік дозасы жазылуы керек;
«А» тобының дәрілік заттары артығымен болмауы керек, улы – 5 күнге, наркотикалық – 3 күнге, әсері қатты – 10 күнге;
Әсері қатты дәрілік заттар бөлек ағаш шкафта құлыппен «Б» тобының дәрілік заттары деген жазумен жазылады.
Дәрілік заттарды бөлімшеде сақтау ережесі.
Дәрілік заттарды сақталуын, шығынын, таратылуын, дәрігердің нұсқауы, барлығын қадағалайтын және жауапты бөлім меңгерушісі. Дәрілерді сақтау олардың түрлеріне және қабылдаудағы ерекшелігіне байланысты сақталады. Қай шкафта болмасын ішінде «сыртқа қолдануға арнадған», «ішке қолдануға арналған», «парентральді жолмен енгізілетін» - деген жазулар болады. Залалсыз ерітінділер ампулада және фдаконда шығарылатын препараттарды көкілдір этикетка болуы тиіс және оларды егу бөлмесінде әйнек шкафта, бірінші қатарда сақталынады- шокка қарсы қобдиша, екінші қатарда антибиотиктер және оның еріткіштері, үшінші полкада «А» және «Б» топтарына кірмейтін ампуладағы дәрілер сақталады. Тері астына, бұлшық етке, көк тамырға арналған витаминдер, дибазол, папаверин, магни сульфаты т.б. дәрілер төртінші қатарда тамшылатып құйуға арналған сұйықтықтармен бірге сақталады. Постыдағы Медбикенің тартпасында құлыппен ішке және сыртқа қолдануға арналған дәрілер сақталынады. Барлық дәрілік заттар қолай және қандац кезде қолдануғаболатындығы жазылып бөлек бөлек жиналады, іздегенде тез табылатындай болуы тиіс.
Иісі өткір дәрілерді бөлек сақтайлы. Ал тоңазытқышта (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар, ) сонымен қатар маздар, вакцина, сыворотка (t° дан +2°С ға дейін +10°С) сақталады.
(2вариант)Медбике дәріханадан дәрілерді жаздырып алып, оларды сақтауға жауапты. Рецепт жазғанда өте мұқият болу керек. Әсіресе қатты әсер ететін және улы заттарды жазып бергенде қате жібермеу, дәрілерді дұрыс сақтау ережелерін білу керек. Дәрілерді күнде жаздырып алдыру қажет. Дәрігер бөлімшеде науқастарды тексеру барысында, ауру тарихына немесе нұсқау қағазына қажетті дәрілерді, олардың мөлшерін, енгізу санын және жолдарын жазады.
Палаталық медбике күнделікті нұсқауларды іріктеп, дәптеріне тағайындалған дәрілерді көшіреді. Егу туралы деректерді, оларды орындайтын процедура мейірбикесіне береді.
Постта немесе ем жасайтын бөлмеде тағайындалған дәрілер болмаса олардың тізімі қажет жағдайда бөлімшенің аға медбикесіне беріледі.
Белгілі формада, латын тілінде, 2 данада жазылған, бөлім меңгерушісінің қолы қойылған дәрілерді дәріханадан алуға арналған талап ету құжатын аға медбике (қажет болған жағдайда) толтырады.
Улы (мысалы: строфантин, атропин, прозерин,т.б) және есірткілік дәрілер (мысалы: промедол, омнопон, морфин), сонымен қатар, этил спиртіне талап ету құжатын бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы талап ету құжаттарына ЕПҰ-ның бас дәрігері немесе оның емдеу жөніндегі орынбасарының мөрі басылып, қолы қойылады.
Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарында емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді.
Аға медбике дәріханадан дәрі-дәрмектерді аларда олардың тапсырысқа сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада жасалған дәрілік формаларда бір түсті этикеткалар болуы керек: сыртқы қолдануға арналған дәрілер сары түсті, ішкі қолдануға арналған дәрілер ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрілер көк түсті (стерильды ерітінділері бар флакондары). Этикеткаларда дәрілердің анық атаулары, концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және осы дәрілік формаларда фармацевттің қолы болуы керек.