1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру


Науқастарды қабылдау және санитарлық өңдеу



бет8/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
7.Науқастарды қабылдау және санитарлық өңдеу.
Қабылдау бөлiмi арқылы науқастар стационардың түрлi бөлiмдерiне бағытталады. Қабылдау бөлiмiнде науқастар тiркеледi, дәрiгерлiк қараудан, санитарлық өңдеуден өтедi.
Қабылдау бөлiмiнiң құрылымы: кiреберiс, тосып күту бөлмесi, гардероб және тiркеу бөлiмiмен бiрге, қарап тексеру бөлмелері, изоляторлар (бокстар), диагностикалық палаталар мен санитарлы өткiзу бөлiмi. Қабылдау бөлiмiнiң жұмысы осы кезектiлiкке сәйкес. Қабылдау бөлiмiнде егу кабинетi, кiшi операциялық бөлме, таңу бөлмесi, рентген – кабинеті, лаборатория, кезекшi дәрiгер кабинетi, әжетхана және қабылдау бөлiмiнiң тәулiк бойы жұмысын қамтамасыз ететiн бөлмелер бар.
Қабылдау бөлiмiнде науқастар жедел және жоспарлы кезекте түседi. Жедел медициналық көмектi қажет ететiн науқастар жедел кезекте қабылданады. Оларды стационарға бағыттама парағынсыз қабылдайды. Науқас жағдайының ауырлығына байланысты сырқатнаманы толтыруға қажеттi ақпаратты науқастың өзiнен немесе жанындағы адамдардан не туысқандардан алады.
Егер науқас құжатсыз түссе және жанында адамдар болмаса, онда милиция бөлiмдерiне ‘белгiсiз адам’ түскенi жайлы хабар беру қажет.
Егер науқас үйден тыс жерде ауырып жедел көмек машинасымен жеткiзiлген болса, онда қабылдау бөлiмiнiң қызметкерлерi бұл жайында науқастың туысқандарына хабарлау қажет.
Жоспарлы науқастар аймақтық поликлиника дәрігерiнiң бағыттауымен түседi.
Тiркеуден кейiн науқас дәрiгер қарауынан өту үшiн және диагнозы қойылу үшiн қарау-кабинетiне бағытталады. Егер диагноз анық қойылмаса, дәрiгер қосымша зерттеулердi (лабораторлы, эндаскопиялық, УДЗ) немесе басқа дәрiгердiң консультациясын тағайындайды. Сондықтан науқасты санитарлық өңдеуден кейiн қабылдау бөлiмiнiң диагностикалық палатасына орналастырады. Онда науқасты тексередi, бақылайды және диагностика жүргiзедi. Содан кейiн ғана сәйкес бөлiмге бағыттайды. Стационарлық емдi қажет етпейтiн науқастарға көмек көрсетiлгеннен кейiн, оларды мекен-жайы бойынша емханаға бағыттайды. Қарау, зерттеу нәтижелерi дәрiгердiң тағайындаулары және санитарлы өңдеу сипаты, науқасты тасымалдау жолы сырқатнамаға дәрiгермен жазылады. Науқас дәрiгердiң қарауынан және диагностикасынан кейiн, науқасқа санитарлы өңдеу жүргiзiледi: педикулезғе бастың шашты бөлiгiн қарау, терiде iрiңдi бөртпе бар-жоғын, аяқтарында саңырауқұлақ аурулары бар-жоғын тексеру. Науқастың жағдайына байланысты гигиеналық ванна, душ және сүртiнудi тағайындайды. Онымен қоса функционалды жаңдайды бағалау үшiн және ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу үшiн дене температурасын және т.б тексереді.
Науқастың жағдайына байланысты санитарлық өңдеу толық не жартылай болуы мүмкiн санитарлы өңдеу сипатын дәрiгер анықтайды. Толық санитарлық өңдеуге ванна мен душ жатады. Жартылайға – шайыну, сүртiну. Педикулездi анықтау үшiн санитарлы өңдеу алдында қабылдау бөлiмiнiң медбикесi науқас денесiнiң шашты бөлiктерiн қарау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет