1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру



бет4/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
1. Ìåé³ðáèêå ³ñ³, ìåé³ðáèêåí³? æ?ìûñûí áàðëû? êåçå?äåðäå ?éûìäàñ

3.Емдеу-қорғау режимін, ішкі тәртіп ережелерін және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, жұмыстарды орындау кезінде медициналық этика, деонтология нормаларын сақтау.
1 Емдеу-қорғау режимі
Емдеу-қорғау режимі – бұлберілген емдеу мекемесінде белгіленген нақты тәртіп. Осы режимнің негізінде бөлімшедегі науқасты күтудің дұрыс ұйымдастырылуы, науқастардың толық демалуы мен ұйқысының дұрыс болуы, дұрыс тамақтануы,теріс эмоцияның болмауын, физикалық күш түсудің болмау шарты қойылған [7, 30].
Аураханадағы күн тәртібі
Осы белгілеудегі бастысы рациональді күн тәртібі, қолайсыз сыртқы факторларды болдырмау (қатты сөйлеу, шу, есікті қатты жабу). Науқасты тітіркендіретін барлық жағдайларды болдырмау, теріс эмоциядан қорғау, медициналық күту құралдары теріс әсер етуі мүмкін (қан тиген мақта қалдықтары, шприц, скальпель қан іздерімен, шара, лас бинттер мен мақталармен толтырылған).
Науқастар хабардар болу үшін күн тәртібі ережелерін ең жақсы көрінетін жерге іледі
Емдеу–сақтандыру ережелерінің орындалуын мейірбике қадағалайды. Науқастың жазылуы ем қабылдауына ғана байланысты емес, күн тәртібін қатаң орындауына, барлық ауруханаларда қабылданған, осында науқастар туралы ережелер жазылған. Аурухананың емдеу-сақтандыру ережесін бұзса, науқас ауруханадан шығарылады, жарамсыздық парағына бұл туралы белгі қойылады.
Ауруханада жатқан уақыттағы науқастардың міндеттері:
 белгіленген күн тәртібімен режимді қадағалау;
 дәрігердің нұсқауларын қатаң түрде орындау;
 белгіленген диетаны ұстану;
 тамақтарды тоңазытқышта пакетке салып сыртына науқастың тегін, атыжөнін, палатасының нөмірін және салған күнін белгілеп қояды. Тез бұзылатын заттарды тумбочкада және палатаның терезе алдында сақтауға тиым салынады;
 палатада және аурухананың басқада бөлмелерінде тазалықты сақтау, төсекті және төсек жанындағы тумбаны таза ұстау;
 жалпы гигиеналық ережелерді сақтау – тамақ ішер алдында қолды жуу, тісті
тазалау және т.б.;
 аурухана мүлігін күтіп ұстау, қолдану;
 ауруханадан шығу уақытын туыстарына уақтылы айту.
Бөлімшедегі емдік-қорғау режимі науқастардың қимыл-қозғалыс белсенділігін қадағалауды қарастырады. Қимыл-қозғалыс режимі – науқасқа аурына және жағдайына байланысты рұқсат етілетін қимыл-қозғалыс мөлшері
Этика - мораль, адамгершілік пен оның таптық мәні туралы ғылым. Этика - кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың анықтайтын философияның бір саласы деуге болады.

Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің өз жұмысында әдептіліктің ролін зерттейтін ілім. Этика мен мораль - қоғамдағы адамдардың мінез - құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым - қатынасын реттейтін ережелерге қажеттіліктен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Медициналық этика біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын қолданылып келеді. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі «Гиппократ анты», ол 2400 жыл бойы әйгілі.


Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері : моральдық принцип бойынша іс әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қандай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары адамгершілікті кәсіптің салт-дәстүрлерін сақтау қажет.

Адамдар бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты принциптілік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата-аналармен, жолдастарымен, достарымен өзара қамқорлықпен сыйластық қарым - қатынасты сақтау қажет. Медициналық этикаға медицина қызметкерлерінің жұмысына тән ерекшеліктері мен қоғамдағы орнына қарай мінез-құлық нормаларын реттейтін принциптер жиынтығы жатады.


Медициналық этиканың бір бөлігі - деонтология. Деонтология грек тілінен аударғанда - «тиісті» деген мағынаны білдіреді. Деонтология- басқа салаларға қарағанда, медицина мен тәжірибелік денсаулық сақтау саласына өте тән қажетті ғылым.

Медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек науқасты емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған.

Деонтологияның тараулары:

- Мейірбикемен науқастың қарым-қатынасы.

- Мейірбикемен қоғам арасындағы қарым-қатынас.

- Мейірбикемен науқастың туысқандарының ортасындағы қарым қатынасы.

- Мейірбикемен әріптестер арасындағы қарым- қатынас.

Деонтология мен этиканың принциптерін қолайлы іске асыру үшін мынандай жағдайлар қажет: парыз сезімі, өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі жетілдіру, медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, ауруынан жазылатындығына иландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет