1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру



бет16/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
1. Ìåé³ðáèêå ³ñ³, ìåé³ðáèêåí³? æ?ìûñûí áàðëû? êåçå?äåðäå ?éûìäàñ

Қызбаның жіктелуі:


Дене қызуының деңгейіне қарай:

Түріне байланысты:

  1. Қызыл гипертермия (өзін өзі қалыпты сезіну мен қызғылт тері жабындыларымен жүреді).

  2. Ақ гипертермия (өзін өзі сезінуі мен жағдайы нашарлап, қалтырау, тері жабындыларының бозғылттануы болады).

Ұзақтығына байланысты:

  1. Жедел: – 2 аптаға дейін

  2. Жеделдеу- 6 аптаға дейін

  3. Созылмалы – 6 аптадан жоғары

Ақ гипертермия

  1. терісі бозарған, «мәрмар тәрізді», тырнақтары мен еріндері көгерген, «ақ дақ» симптомы оң;
    - аяқ-қолы суық;
    - шамадан тыс тахикардия, ентігу;
    - баланың жүріс тұрысының бұзылуы, немқұрайдылық, сабырлылық, қозуы, сандырақтауы, тырысулардың болуы ықтимал.

  2. «Ақ» гипертермия кезінде қызуды басатын дәрілердің көмегі жеткіліксіз.

Көбінесе болжамы қолайлырақ болып келетін «қызыл» гипертермия кездеседі (жылудың өндірілуі жылудың шығарылуына сәйкес келеді): терісі шамалы гипертермияланған, ыстық, ылғал, аяқ-қолы жылы; тамырының соғуы мен тынысының жиілеуі дене қызуының кетерілуіне сәйкес келеді (37°С жоғары әрбір градусқа ентігу минутына 4 рет тыныс алуға, ал тахикардия минутына 20 рет соғуға артады); температураның фебрильдік және гипертермиялық сандарға дейін көтерілуіне қарамастан, баланың жүріс-тұрысы кәдімгідей болады.

Этиологиясы түсініксіз қызба (ЭТҚ)


Қандай жағдайда қызба «Этиологиясы түсініксіз қызба» ретінде танылады?
ЭТҚ атауы мұқият сырқатнама жинау, клиникалық тексеру және алдын ала зертханалық тексеру мәліметтері баладағы тұрақты қызбаның (температурасы 38°С жоғары) себебін анықтауға мүмкіндік бермейтін қызба жағдайын білдіреді. Ересектерде ЭТҚ ретінде анықталған қызбаның ұзақтығы әдетте 3 аптаны және одан да көп уақытты, ал балаларда 8 күннен 2-3 аптаға дейінгі уақыт мерзімін құрайды.
ХАЖ -10 бойынша (МКБ-10):

  1. R 50.0 – Қызба қалтыраумен бірге жүретін

  2. R 50.1 – Тұрақты қызба

  3. R 50.9 – Тұрақсыз қызба

 Этиологиясы түсініксіз қызбаға тән:

  1. Міндетті түрде температура көтерілу

  2. Температура көтерілу типі мен сипаты ауруды толық сипаттай алмайды

  3. Температуның көтерілуімен қатар жретін басқа да симптомдар болуы мүмкін (бас ауыруы, ұйқышылдық, денесінің ауырсынуы)

ЭТҚ этиологиясы:

  1. Терморегуляцияның орталықтық генезді бұзылуымен өтетін вегетативті-тамырлық дистония.

  2. Әр түрлі жұқпалы ошақтар

  3. Аллергиялық синдром

ЭТҚ дамуында соматикалық патологияның нейровегетативті дисфункцияларымен бірігіуі маңызды рөл атқарады, ондағы басты фактор қабынулық этиологиялы емес, реттеуші этиологиялы терморегуляция бұзылыстары болып табылады. Орталық генезді терморегуляция бұзылыстарын Нурофенді жасқа сай тәуліктік мөлшерде күніне 4рет бөліп (8.00-12.00-16.00-20.00) тағайындау арқылы анықтауға болады.
ЭТҚ диагностикалау алгоритмі

  1. Клиникалық белгілерін ажыратып анықтау;

  2. Лабараторлық зерттеу әдістері: Жалпы және БХ әдістері, серологиялық және бактериологиялық әдістер

  3. Инструменталды зерттеу әдістері

  4.  Арнайы зерттеу әдістері (индивидуалды тұрғыда)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет