2.1.1 Тірі табиғат бұрышындағы еңбек және оған балаларды жұмылдыру Тірі табиғат мүйісі террариумында әр түрлі хайуанаттар: бақа, шөл, көл, бөген бақасы, жалды тритон, кәдімгі су жылан, дала тасбақасы, сергек және тірі туатын кесіретке ұстауға болады.
Қосмекенділер үшін террариумде шалшық және күн сәулесінен жасырынатын пана болуы керек. Бауырымен жорғалаушыларға террариум шалшықсыз жарай береді. Тритонға су ортасында аз уақыт тыныстайтын алаңы бар шағын аквариум болғаны дұрыс.
Егер тірі табиғат бұрышы жеке бөлмеде орналасса, ондай жағдайда құстар ұстауға болады. Бәрінен де шымшықтар, қараторғайлар, қызылбауыр шымшықтар, пайыз торғайлар жақсы көндігеді.
Тірі табиғат бұрышындағы әр тірі организмге жекелей талаптар орындалу керек. Ол талаптар арнайы кітаптарда жазылады, ең алдымен олармен мұқият танысып алуқажет.
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру шарасын биолгттармен бірлесе немесе кеңестер сұрап ұйымдастыруға болады.
Әрбір балабақшаның маңында арнайы жер бөлініп, онда оқу-тәжірибе үлескесі ұйымдастырылады. Онда мектепке дайінгі топтарға арналған мөлтектер бөлініп беріледі. Әрбір топ өз мөлтегінде жұмыс істейді.
Оқу-тәжірибе үлескесі алдын ала мынандай бөлімдерге бөлінеді: дала өсімдіктер бөлімі, көкөніс өсімдіктер бөлімі, жеміс-жидектер бөлімі, әсемдік өсімдіктер бөлімі және жануарлар бөлімі.
Дала өсімдіктері бөлімінің өзі 2 бөлімге коллекциялық және тәжірибелік деп бөліну керек. Коллекциялық бөлікке белгілі ретпен мәдени өсімдіктердің түрлері егіледі. Айталық; 1-бөлікке астық тұқымдастары (арпа, сұлы, бидай, тары, жүгері, күріш), екінші бөлікке бұршақ тұқымдастары (ас бұршақ, үрме бұршақ, жасымық, жоңышқа, беде), 3-бөлікке тоқыма өнеркәсібіне пайдаланатын өсімдіктері (кендір, кенеп, қалақай), 4-бөлікке майлы есімдіктер , (күнбағыс, жержаңғақ, мақсары), 5-бөлікке түйнекті өсімдіктер түрлері (картоп, шалқан, сәбіз, қызылша, орамжапырақ), 6-бөлікке дәрілік өсімдіктер (жалбыз, шаңқурай, валериана, тмин) егіліп, өсіріледі.
Коллекция бөлімінің жалғасы тәжірибе бөлімен ұштасады. Мұнда жерсіндіру жұмыстары, вегетативті көбейту тәсілдері және түрлі агротехникалық шаралар ұйымдастырылады.
Балабақша маңындағы оқу-тәжірибе үлескесі білім мен тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Тәжірибе алаңындағы жұмыстар балалар бойында практикалық дағдылар мен машықтар қалыптасуға, еңбекке баулуға үлкен септігін тигізеді. Тәжірибе алаңында күзгі және көктемгі топырақты өңдеу, арамшөптермен, зиянды бунақденелілермен күрес жолдарын, тұқымдарды себу тәсілдерін, өсімдіктерді көбейту жолдарын, олардың өнуін, өсуін бақылау, күтіп баптау жолдарын үйренеді,
Оқу-тәжірибе үлескесінде жұмыс істеу үшін соған сәйкес құрал-жабдықтар болу керек: күрек 20 дана (жалпы ұзындығы сабымен есептегенде 85-95 см, сабының жуандығы – 3 см, ) тісті темір тырма- 10 дана, тісті ағаш тырма 1-2 дана, шаршылы ұялап егуде және көшет отырғызуды белгілеуге арналған маркер қажет. Сондай-ақ көшеттерді отырғызу үшін 5-6 дана қалақ, топырақтың қабатын қопсыту үшін кетпен, өсімдіктерді суғару үшін су құйғыштар керек. Сонымен бірге жоспарлау жұмысы кезінде үлескенің эстетикалық, көркемдік жағына аса көңіл бөліну керек.
Бұл үлескеде ағаштар егу, санитарлық жұмыстар, ағаштарда құстарға арнап ұя, тамақтандыру торын орнату жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Бұл үлкен тәрбиелік жұмыс, сондай-ақ құстарды балабақша ауласына шақыру, олардың тіршілігін бақылауға қиындық тудырмайды. Үлкен жауапкершілік, табиғатқа деген сүйіспеншілік, эстетикалық тәрбие қалыптасады. Балабақша маңындағы бұл алаң көктемде және күзде экскурсия ұйымдастыруға таптырмас табиғи орын болып табылады.
Мектепке дейінгі топта дүниетану сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін тәжірибе алаңның да өзіндік рөлі жоғары. Тәжірибе алаңда тәжірибе ұғымдарды кеңейту, түрлі аспаптарда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында яғни практикалық сабақтар ұйымдастырылады. Тәжірибе алаң шамамен 10x10 көлемді алатын алаң. Оны биіктігі 1 м-ге баратын қашамен қоршайды, қашаның бір бөлігін түрлі түске (мысалға, ақ пен қара) кезектестіріп бояйды да, өлшеуіш қаша ретінде пайдаланылады. Алаңға арналған орынды мүмкіндігінше ашықтау жерден таңдайды. Оның дәл ортасында тіктегіші бар, биіктігі 1 м вертикаль таяқ (гномон) орнатады. Оның көмегімен күннің түсу уақытын, көкжиек бағытын анықтайды. Талтүстегі сызықтың көрсетуін пайдалана отырып, алаңда көкжиектің негізгі және аралық тұстарын көрсететін жолдар төсеуге болады.
Ауа райын бақылау үшін метрологиялық дүңгіршек (будка) орнатып, оның ішіне термометр қояды.
Желдің бағытын анықтау үшін биіктігі 10 м бағанаға флюгер орнатады (алаң ашық жерде орналаспаса, флюгер балабақша шатырына бекітіледі).
Тәжірибе алаңда өлшем үлескісі бөлініп, онда дециметрлерге бөлінген текше метр орнатылады. Қар жамылғысының қалыңдығын анықтау үшін ұзындығы 1,5-2 м, ені 8-10 см қар өлшейтін рейка қолданылады. Рейканың бет жағы ақ түске боялады да, 1 см сайын бөлінеді.
Балалар жылдың жылы мезгілінде тәжірибе алаңда құмнан рельеф формаларын мүсіндеу, жасанды көлшікте аралдар мен түбектердің, өзеннің түйетайлы және жарқабақты жағаларының үлгілерін жасау, өзеннің жасанды схемасында бастауын, арнасын, сағасын және тарамдарын көрсету жөнінде әр түрлі тапсырмалар орындай алады.
Мектепке дейінгі топ балалары тәжірибе алаңда бақылау жүргізген кезде тәрбиешінің басшылығымен қарапайым құралдармен (термометр, флюгермен) жұмыс істеу дағдысын қалыптастырулары, күннің көкжиектен биіктігін анықтау үшін тал түсте сызықты өлшеуді үйренулері (гномонмен); табиғат құбылыстарын (бұлттылық, жаңбыр, қар, кырау, тұман т.б.) бақылауға және түсіндіруге үйренулері, бірнеше жылғы деректерді талдай білулері, өз жерлеріндегі ауа райының ерекшеліктерін корытып және тани білулері; жақын маңдағы заттарға дейінгі қашықтықты көзбен өлшей алулары; көкжиектің негізгі және аралық тұстары бойынша еркін бағдарлай білу біліктігі қалыптасады. Жел бағытын, ауа температурасын, жауын-шашын көлемін анықтайтын құралдармен жасай білуге машықтанады. Бұлардан басқа жайдақ және тік баурайлы, төбесі айқын көрінетін үйілген төбе моделін басталатын жері, сағасы, салалары жақсы көрінетін жылғалары мен жасанды су қоймаларын жасауға орын бөліну керек.
Тәжірибе алаңда жұмыстың нәтижелі болуы тәрбиеші тарапынан тікелей қадағалауынан туындайды.
Тәжірибе алаңда жүргізілетін бақылаулардың негізгі мақсаты-балалар мектепке дейінгі топта зерттейтін табиғат құбылыстарының өзара байланыстары мен заңдылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен бірге, тәжірибе аспаптар мен құралдарда жұмыс істей алу сауыттылығын қалыптастыру.