1 Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері


Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері



бет3/9
Дата31.03.2023
өлшемі67,24 Kb.
#78112
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері

және оның мазмұны
Мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, оған оң көзқарастарын тәрбиелеп, алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- еңбекке және еңбек ету ниетіне тәрбиелеу;
- жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету;
- тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру;
- тапсырмаға жауапты (бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлігі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру;
- балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру;
- жолдастары мен үлкендерге көмек көрсету талабын көтермелеу;
- өзінің және үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету.
Мазмұны:
Өзіне-өзі қызмет көрсету
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру: белгілі тәртіп бойынша киініп шешіну, киімінің түймесін қадау, аяқ киімінің бауын байлау. Заттарын ұқыпты бүктеуге, киімдерін ілуге, аяқ киімін тазалап, шкафқа қоюға, шкафтың есігін жабуға үйрету.
Ұқыпты, мұнтаздай таза болуға тәрбиелеу: үлкендердің көмегімен киімдерін ретке келтіру — тазалау, құрғату.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек
Балаларды өз бетінше топ бөлмесін ретке келтіруге үйрету: конструкторлар мен ойыншықтарды орындарына жинау, оларды жуу, қуыршақтың киімдерін жуу. Тәрбиешіге кітаптарды, қорапшаларды желімдеуге, үстел мен орындықтардың шаңын сүртуге көмектесу.
Асханада кезекшілік міндетін өз бетінше орындауға үйрету: табақшаларды орындарына қою, шыны аяқты табақшасымен бірге қою, нан салғышты, майлықты, асхана құралдарын (қасық, шанышқы, пышақ) ажыратып қою.
Екінші жарты жылдықта сабаққа материалдарды дайындау кезекшілік міндетін орындауға үйрету: құрал-жабдықтарды дайындау, сабақтан соң оларды жинау.
Табиғат бұрышындағы еңбек
Өз беттерінше бөлме өсімдіктерін суару, жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды коректендіру, астауды жуу, оларға су құю және жем шашу.
Бөлме өсімдіктерінің көшеттерін отырғызуға, аквариумның суын ауыстыруға, қыстап қалатын құстарды қоректендіруге көңілін бөлу.
Еңбек құралдарын таза, ұқыпты ұстауға үйрету.
Табиғаттағы еңбек
Өсімдіктерді өз беттерінше суару іскерліктерін қалыптастыру.
Гүлзарлар мен бақшада жұмыс істеуге үйрету (жүйек жасау, тұқым себу, көшет отырғызу, суару, түбін қопсыту, егінді жинау).
Жолды қардан тазалауға, орындық үстінен қарды сыпыруға үйрету.
Қыс мезгілінде табиғат бұрышындағы құстардың азығы болатын өсімдіктерді өсіруге қатыстыру (тамыр жемістерді отырғызу, сұлы егу).
Қолданған еңбек құралдарын ретке келтіруге (тазалау, кептіру, өз орына қою) үйрету
Ұрпақ тәрбиелеуде қай халықтың болмасын еңбек тәрбиесін сырт қалдырмайтыны белгілі. Өйткені адам үшін еңбексіз өмір-жоқ, еңбек –тіршілік көзі, адамзат ғүмырының мәні. Қазақ халқы "баланы жеті жасқа дейін патшадай күт" десе-дағы еңбек тәрбиесін ерте жасынан баулуды қолға алған. Оған халқымыздың ауыз әдебиетіндегі ертегілер, аңыз әңгімелер мен батырлар жырлары, халық өлеңдері, санамақтар мен мақал-мәтелдер, тыйым сөздер мен бата-тілектер дәлел. Долірек айтқанда халқымыз бесік жырынан бастап, үлкен-үлкен жыр-дастандарына дейін еңбек тәрбиесін тәрбиелік-ізгілік мұрат санап насихаттап отырған.
Мысалы:
"Менің бөпем қайда екен
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан қанекей,
Жаңа теріп жүр екен?", - деген
Бесік жыры бәрімізге таныс. Ұлды ер адамдар мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық ұстайтын мергендікке, қолөнер шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға баулыса, қыздарды үй тазалау, төсек жинау, шай құйып, ас пісіру, кесте тігіп ою ойып, тон пішу, өрмек тоқу т.б. отбасының әйелдерге тән жұмыстарына аналары мен әжелері баулыған. Мұны ешкім теріске шығара алмайды тұрмыстың орны бөлек.
Көпшілік отбасында үй шаруасы әйел жұмыстан келгенше қозғалмай жатады. Ал, әйел болса, жолшыбай дүкеннен азық-түлік сатып ала келіп, тамақ әзірлегенше тағы да біршама уақыт өтеді. Бос отыруға ұялудың орнына қарны ашқан үй иесі әйелінен тамақты тез беруін талап етеді, кешіккені үшін жазғырады. Осыдан өкпе-реніш туады, мұның арты кейде ұрыс-керіске де айналады. Ал, мүндай құбылыстардың балаларға қаншалықты ауыр әсер ететіні, тіпті кейде бала жанын жаралайтыны ескерілмейді. Мұндай отбасының балалары да жалқау, өмірге икемсіз дөрекі болып өседі.
Баланы жасынан тіршілікке бейім етіп өсіру тәрбиедегі бір ұтымды құбылыс. "Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы" деген халық мәтелі де осыған орай айтылғаны бекер емес. Өмірден ешнәрсе үйренбей, "әзірге мәзір" болып өскендердің өзі кейін "маған ешнәрсе істетпеген, үйретпеген әке-шешем" деп басына қиындық түскенде ата-анадан көреді.
Баланы шамасы келетін нәрсеге жасынан жұмсап, оның орындалуын қадағалап отыру арқылы білмегенін үйретіп, тілалғыш, еңбексүйгіш, тәртіпті етіп өсіруге болады.
Қалима деген елуді өкшелеп қалған ана өсіп келе жатқан қызының кірін жуады, тамағын алдына әкеліп қояды. Оның босатқан ыдыс-аяқтарын тазалайды, үзілген түймесін қадап, жыртылғдн жерін тігіп береді.
Ал, шешесі болса "сенің мүның болмайды, қарағым, ақсаусақ болып өсесің, мен қашанғы қасыңда жүремін дейсің деп әсте айтпайды. Баланы жақсы көргеннің, қамқорлық істегеннің жөні осы деп "көзім тірі түрғанда саган ешнәрсе істетпеймін "деу өсіп келе жатқан баланы еркінсіте түседі. Оның үстіне еден жусаң ревматизммен ауырасың, су өкелсең бойың өспей қалады" деп қорқытатындар да бар.
Ондай анаға: сіз неге баланы жаман үйретесіз? Қайта баланы еңбекке тәрбиелеуіңіз керек қой, – деп көріңіз, еститін жауабыңыз:
Басына түскенде озі-ақ үйреніп алады. Қазір оны күйбендетіп қайтемін.
Бұған не дерсіз? Есіл ана, сөйтіп өзінің баласына пайда емес. өмірлік зиян істеп жүргенін сезбейді ғой. Қызының еңбекке енжар, ақсаусақ болып өсетінін сезбейді-ау, шіркін.
Көптеген отбасында үй шаруасын үй-ішіндегілер тегіс бөлісіп атқарады. Мысалы, кейбір отбасында демалыс күні үй-ішіндегі үлкенді-кішілі адамдар, бала-шаға бәрі қатысатын "сенбілік" ұйымдастырылады. Балалардың бірі шаң сүртсе, екіншісі су тасиды, үшіншісі үйдегі нөрселерді далаға шығарып, қағып-сілкеді. Қалғандары шамасына қарай кір жуады немесе аяқ киімдерді тазартып, жинастырады.
Мұндай "сенбіліктің" уақыты алдын-ала жоспарланады. Әркімнің істейтін жұмысы бөлінеді, киетін халаттары немесе алдарына тағатын алжапқыштары, бастарына тартатын орамал, аяқтарына киетін аяқ киім-деріне дейін әзірленіп қойылады.
Үйдегі еңбекке отбасы мүшелерінің тегіс қатысуы сол үйдің бала-ларына үлкен тәрбие мектебі десе болады. Олар еңбек ете жүре, бір-біріне көмектесіп. бірінің жұмысын екіншісі жеңілдететініне қуанады. Бір-біріне дсген мейірімділік пен еңбектен ләззат алу олардың бойында жағымды сезім тудырады. Мүндай үжымдык еңбек күнін балалар асыға күтетін болады, бірте- бірте осынау, жақсы әдст қалыптасып, еңбексүйгіштік касиет дами түседі.
Кей отбасында үй ішіндегі адамдардың өзінің әсте айтпайды. Баланы жақсы көргеннің, қамқорлық істегеннің жөні осы деп "көзім тірі түрғанда саган ешнәрсе істетпеймін "деу өсіп келе жатқан баланы еркінсіте түседі. Оның үстіне еден жусаң ревматизммен ауырасың, су өкелсең бойың өспей қалады" деп қорқытатындар да бар.
Ондай анаға: сіз неге баланы жаман үйретесіз? Қайта баланы еңбекке тәрбиелеуіңіз керек қой, – деп көріңіз, еститін жауабыңыз:
Басына түскенде өзі-ақ үйреніп алады. Қазір оны күйбендетіп қайтемін.
Бұған не дерсіз? Есіл ана, сөйтіп өзінің баласына пайда емес. өмірлік зиян істеп жүргенін сезбейді ғой. Қызының еңбекке енжар, ақсаусақ болып өсетінін сезбейді-ау, шіркін.
Көптеген отбасында үй шаруасын үй-ішіндегілер тегіс бөлісіп атқарады. Мысалы, кейбір отбасында демалыс күні үй-ішіндегі үлкенді-кішілі адамдар, бала-шаға бәрі қатысатын "сенбілік" ұйымдастырылады. Балалардың бірі шаң сүртсе, екіншісі су тасиды, үшіншісі үйдегі нөрселерді далаға шығарып, қағып-сілкеді. Қалғандары шамасына қарай кір жуады немесе аяқ киімдерді тазартып, жинастырады.
Мұндай "сенбіліктің" уақыты алдын-ала жоспарланады. Әркімнің істейтін жұмысы бөлінеді, киетін халаттары немесе алдарына тағатын алжапқыштары, бастарына тартатын орамал, аяқтарына киетін аяқ киім-деріне дейін әзірленіп қойылады.
Үйдегі еңбекке отбасы мүшелерінің тегіс қатысуы сол үйдің бала-ларына үлкен тәрбие мектебі десе болады. Олар еңбек ете жүре, бір-біріне көмектесіп. бірінің жұмысын екіншісі жеңілдететініне қуанады. Бір-біріне дсген мейірімділік пен еңбектен ләззат алу олардың бойында жағымды сезім тудырады. Мүндай ұжымдык еңбек күнін балалар асыға күтетін болады, бірте- бірте осынау, жақсы әдст қалыптасып, еңбексүйгіштік касиет дами түседі.
Кей отбасында үй ішіндегі адамдардың өзінің күнделікті атқаратын тұрақты міндеті болады. Мұның жақсы жағы әркім өз міндетін іждаһатпен орындайды, әсіресе, баланы жауапкершілікке тәрбиелейді. Әркайсысы өз үлесінің мәнін сезінуге, еңбек тәртібіне дағдыланады.
Мысалы, онжасар Серіктің міндеті күн сайын дүкеннен нан сатып әкелу еді. Бірде ол балалармен ойынға беріліп, нанға баруды ұмытып кетіпті. Түскі тамақта үйде нан болмай шықты. Бірақ оған үй-ішіндегілердің біреуіде үндемеді. Серік тамақ үстінде өзінің отбасы мүшелерін нансыз қалдырғанына қатты ұялды әрі өз еңбегінің отбасы мүшелері үшін қаншалықты мәні барын сезініп, соған орай кінәсін де іштей әбден түсінді. Әсіресе, оған ересектердің келісіп алғандай тегіс үнсіздігі қатты батты. Бұдан кейін ол нанға баруды ұмытпайтындай әсер алды.
Отбасы мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір міндеті болғаны дұрыс дей түрсақ та, шаруаның қыбын біліп, мәнісін түсінуде, әсіресе, балалардың ұзақ уақыт еңбектің бір түріне ғана мамандануы жеткіліксіз. Біршама уақыт өткен соң балалардың жұмыстарын шамасына қарай ауыстырып, жаңартып отырған да теріс емес.
Кейбіреулер үй шаруасын ерлердің жұмысы, әйелдердің жүмысы деп бөледі. Мысалы, көпшілік ата-ана үйде ұл балаларын тамақ дайын-дауға, ыдыс-аяқ, кір, еден жууға жолатпайды. Олар мұндай жұмыстар тек әйелдің ісі, ерлердің "қадірін кстіреді" деп есептейді.
Әрине, қыздардың физиологиялық ерекшеліктеріне қарай оларға ағаіш жару, тым салмақты жүк көтеру сиякты кеибір ауыр жұмыстарды тапсыруға болмайды. Ал, басқа шаралардың бәрін үйде ұл да, қыз да бірдей атқарғаны жөн.
Баласын бірнәрсеге жұмсағанда "ертең киноға жіберемін", "балмұздақ сатып алуға ақша беремін" деп ынталандыру мақсатында уәде беретін ата-аналар бар. Мұндай жағдайда баланы еңбек етуге итермелейтін – үй шаруасын бөлісіп атқару, басқаларға көмектесу, әке-шешесіне жаны ашу ниеті емес, тиісті ақыны алуға тырысушылық басым келеді. Бұл әдіс баланы еңбекке баулудан гөрі аяқбасқаны үшін ақша тілейтін есеп қор тәрбиелеп шығаруға көмектеседі.
5-ші топ баласы Мадина өз шығармасында: "Біз үйде төрт жанбыз: әкем, анам, үш жасар қарындасым және мен. Біздің ата-анамыз екеуі де еңбек етеді. Мен әке-шешеме көмектесуге тырысамын. Олардың үйге келгенде тыныққанын жақсы көремін. Қарындасымды балабақшадан өзім алып келемін. Олар келгенде тамақты ысытып қоямын. Ертеңгі тамақты дайындауға да бәріміз қатысамыз. Біз өте тату тұрамыз", – деп жазған екен.
...Шахтер Кенжебектің отбасы да үй шаруасын ынтымақтасып атқарады. Кешкі астан кейін әкесі балаларымен бірге отырып, үйде ертеңгі қандай жұмыстар күтіп түрғанын бірге ойластырады. Үйді жинастыру, дүкеннен әкелетін азық-түлік, жөндейтін жұмыстар айтылады. Ол балаларымен бірге шаруаға кіріскенде "біздің жүмысымызға мамаң риза болатындай етіп атқарайық", – деп ынталандыра үгіттейді. Шешесі ас әзірлей жүріп, бүлардың жұмысын сырттай бақылап, кемшілік жерін толықтырып, тындырған істерін мақтай сөйлеседі... Осындай ынтымакты еңбек ету үй-ішіндегілердің бәріне де рахат: көңіл-күйлері көтеріңкі, өзара мейірімге толы, сыйластығы жарасып тұрады. Мүндай ортада тәрбиеленген бала да өнегелі болып өспей ме?!
Қысқасы, үй ішінде еңбекті ұйымдастырудың алуан түрлері бар. Егер отбасында әуелден-ақ жақсы дәстүр қалыптасса, ондағы өмір.де мазмүнды, тату-тәтті, балалар да тәрбиелі болары анық.
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.
Еңбек арқылы адамның денесі , көзқарасы, эстетиксілық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән сүлулығын еңбекте ғана корсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да баланы еңбекке тәрбиелеу үйелменнің қасиетті борышы. Жас үрпақтың еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзегті мәселесі ретінде жырланды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он саусағынан өнері тамған» нақты кәсіп иесі болуын да көз деді. Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді. Еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретіндс алынды.
Еңбек, адамның еңбекке қатынасы тақырыптары аңыз әңгімслср, сртегілер, мақал-мәтелдер және ән-жырлардың арқауы болды.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу көз қарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптермен ұштасып жатыр.
Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани қүндылықты жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Неғүрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе,соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты толыса түседі.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі – әр азаматтың өмірде оз орнында толық күш жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамныд өмір салтының алғы шарты болып табылады.Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған, белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыратын әлеуметтік тәрбие институттарының негізгісі – жалпы орта білім беретін политехникалық еңбек мектебі. Балабақшада еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.
Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдарларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады: Осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Балабақшада еңбекке төрбиелеудің басты міндетіері: біріншіден, еңбек сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, баланарды халық шаруашылығының салаларыңдағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс- әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамаңдықты таңдауға дайындау.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы. міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: балалардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, балалардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық түрғыдан дайындау – бұл қоғам үшін балалардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімсн, оз, еркімен ынталануын орындауға үирсту бұл оте күрделі процесс мұнда балалардың әдеті, сезімі калыптасады. Мысалы, балалар адамдарды табысты еңбегіне масаттанады нсмссе адал еңбеккерлердің есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, жек кореді, керек десе олармсн күресуге де даяр тұрады. Бұл процесс екі фактордың ықпалымеи жүзеге асырылады: объективтік фактор қоғамның материалдық техникалық базаасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Осының негізнде әдет, моральдық нормаларын бекітеді. Субъективтік фактор – адамның еңбектің маңызына терең түсінуі және ішкі сезімнің әмірімен озінің борышын орындауы.
Еңбек етуге әдеттену – бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу,- деді
Н.К.Крупская, – демек өз күшінді және басқалардың күшін және жүмыстың барлық жағдайын есептей білу.
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-топтан. ал үйелменде балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне катыстыра отырып, еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру.
Сонымен, оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі балаларды еңбекке психологаялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуы қажет.
Балалардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызы өте зор. Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашыла бастайды, ұжымдық өмірде тәртіп және мінез-құлықтық әдеттері, дағдылары қалыптасады. Еңбекте достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығаяды. Әркімнің қылықтары ұжымдық өмір нормалары тұрғысынан бағаланады.
Осылардың барлығы ұжымдық топ өмірінде, балалардың өндірістік бригадаларында байқалады. Егер ұжымдық еңбектің дағдылары баланың бойында қалыптасса, ол балабақшаті бітіргеннен кейін қандайда бір жагдайда болмасын ұжымдық қатынаста нормаларын және жолдастық өзара көмекті әр уақытта қолдайда.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек кұралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне өзін көрсетс дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың нсгізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады.
Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді, электрониканы, т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту және тәрбие жүмысының барысында балалардың ынтасын ғылыми- техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.
Міне, осылай мақсатқа бағытталып жүргізілетін балалардың ынтасының қабілетінің, шығармашылық ой өрісінің дамуына мүмкіншілік жасайды, еңбектің тербиелік құндылығы артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет