2.1.2 Тәжірибе үлескісіндегі еңбек және оған балаларды қамту
жолдары
Дүниетанудан білім берудің бір түрі-үлескідегі сабақ. Әдістемелік құралдарда үлескідегі сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдеріне көп тоқталмай, мұндағы істелетін жұмыс түрлері ғана сөз болады. Ал дүниетануды оқыту мәселесімен, оның ішінде табиғатты оқытудың әдістемесімен айналысқан В.М.Пакулова, В.И.Кузнецовалардың еңбектерінде бұл жұмыс түрі мүлде аталмайды. Сол сияқты В.П.Горощенко, В.С.Никитина және басқалардың еңбектерінде "үлескідегі еңбек" деп аты аталып қана өтеді де, талдау берілмейді.
В.А.Крутецкийдің пікірі бойынша "...ақыл-ой дамуы санада не бейнеленсе, соның негізінде..." болмақ. Олай болса, дүниетануды оқыту мәселесін сөз еткенде балаларда нақты заггар мен құбылыстар арқылы қалыптасатын саналы ойды естен шығармауға тиіспіз. Психологтардың пікірінше ақыл-ойдың дамуына екі жағдай болуы керек, біріншісі "білім жинақталатын орын болуга тиіс, ол әрине адам басы, ақылсыз бас ойлай да алмайды", екіншіден, "оның тәжірибесі мен білімі мол болу керек". Мұнан шығатын қорытынды - білім беру оқытудың қажетті шарты.
Үлескідегі сабақ кезінде білім алу, оны қолма-қол іс жүзінде қолдануға үйрену және меңгерілетін білімді бақылау, қабылдау қатар жүреді. Егер Ж.Пиаже мектепке дейінгі топ балаларының қарапайым нақты ойы басым деген болса, кейінгі психолог ғалымдарымыз Л.С.Выготский, В.В.Давыдова, Л.В.Занков т.б. бала оқуға кіріскеннен кейін оның интеллектісі өзгеретінін, нақтылы ойдан ұғым арқылы абстрактілі ойлауға көшетінін дәлелдеп отыр. Бірақ, біз мұны дұрыс түсінуге тиіспіз - бала ойынын түпкі тірегі нақты заттар мен бейнелер, олардың сындары мен елесі болуға тиіс. Олар өз көздерімен көргендерін жинақтау мен топтаудан, салыстырудан барып абстрактілі ойға көшс алады. Баланың оқу материалын ұғынуы тікелей сезіну ироцестерімен басталып соның негізіндегі бейнелерге сүйеніп, іске асады. Тікелей сезу процесіне туйсіну, қабылдау, елестеу жататындығын айтады. Бұл айтылып отырған пікір тікелей үлескідегі сабақ ұйымдастыру мен білім беру үрдісіне қатысты деуге болады. Себебі үлескідегі сабақ әр уакытта ғылыми ұғым мен практикалық жұмысты байланыстыра отырып баланың түрлі сезім мүшелері арқылы қабылдауына жағдай жасайды. Соның арқасында балалардың алған білімді іс жүзінде қолданып, жаттығып үйренуіне мүмкіндік туады.
"Үйрену" деген ұғымның мазмұны өте кең. Психолог М.М.Мұкановтың пікірінше "үйрену" ұғымының кең болуы кез келген керекті де, керексіз де істі бала алдына осыны үйренейін дел мақсат қоймаса да үйренуі мүмкін. Ал оқу барысында білім алу арқылы үйрену белгілі мақсатқа негізделеді. Білім берудің мақсаты жүйелі түрде ғылыми мазмұнды іске асыру болса, үлескідегі сабақтың да көздейтін мақсаты - осы. Мәселен, І-топта балаларға өсімдіктің тұқымнан өсетіні жайында ұғым беру көзделіп отыр. Білімді практикалық жұмыс аткару барысында меңгеруді жүзеге асыру үшін үлескідегі сабақ ретінде ұйымдастыру, біріншіден, өсімдік тұқымының өнуі үшін қажетті жағдайды көрсетуге (топырақ оны қопсыту, тұқымды отырғызу, су құю т.б.), екіншіден, тұқымды отырғызу ережесімен таныстыруға, үшіншіден, өсімдіктің тұқымымен танысуға, оны көріп ұстап, топыраққа отырғызып, түрі-түсін, пішінін байқауға (құрғақ, сулы, түсі, түрі т.б.) мүмкіндік береді. Практикалық жұмыс нәтижесінде меңгерген ұғым арқылы балада тұқым туралы тиянақты білім қалыптасады. Оған қажетті жағдайлар жайында ұмытпастай елес пайда болады. Өсімдіктермен танысқан кезде де бұл білім негіздері әрі қарай дами түседі.
Білім беруге қойылатын педагогикалық талаптардың бірі -балалардың дағдысын қалыптастыру. Дағдының түрі көп, соның ішінде шаған білімді іс жүзінде қолдану дағдысы, яғни балаларды іскерлікке жаттықтыру негізгі орын алмақ. В.П.Стрезкозин "Окытудың теориялық деңгейін арттыруды балалардың дағдыларын жетілдірумен қоса жүргізбейінше тиімді деп санауға болмайды» - дейді.
Мектепке дейінгі топ балаларына арналған теориялық ұғым олардың жас ерекшелігіне лайықталып, нақты заттар мен құбылыстарға сүйене отырып, ғылыми шындыққа негізделіп беріледі. Осы тұста адам, табиғат, қоғам жайында берілетін білімді үнемі қоршаған дүниеден, өмірден, табиғаттан аламыз. Соның бір саласы үлескідегі сабақ десек, мұнда адаммен адам арасындағы қарым-қатынас қалыптасу, яғни, балалардың практикалық іс-әрекет үстіндегі бақылау барысындағы бір-бірімен қатысы дамиды.
Үлескідегі сабақтың ерекшелігі - балаларда тірі табиғаттың дамуы туралы ғылыми ұғым қалыптасуына көмектесетіндігі. Өсімдіктердің өніп өсуін, дамуын күнбе-күн бақылап, көріп, тұжырымдау арқылы баланың ой-өрісі де дамиды. Өсімдіктердің дамуын қадағалай отырып, білім жүйелілігі де іске асады. Алғашқы сабақ тұқым отырғызуға арналса, келесі сабақтарда ол ұғым терендей түсіп, тұқымның қалай өнгенін, оны күтудің жолын, ең алдымен өсімдіктің қандай бөліктерінің пайда болғанын (тамыр, өскін, өркен, сабақ, жапырақ т.б.), оның дамуындағы ерекшеліктерін меңгеру арқылы олардың ұғымы жеңілден ауырға қарай күрделенеді. Үлескідегі сабақ белгілі мазмұнға арналған білім берумен баланы адамгершілікке, еңбекке баулу, үнемшілдікке үйрету, экологиялық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асырады.
Балалардың үлескідегі өздігінен атқаратын жұмыстары барысында ізденушілігі артып, шығармашылық дағдылары қалыптасады, өздері қолымен істегсн істерінің нәтижесін көреді. Үлескідегі сабақтың тағы бір тиімділігі - атқарылатын жұмыс үзілмей жалғаса отырып, балалардың білім алудағы іс-әрекеттерінің ұйытқысы болады. Үлескідегі сабақтан алған білім топтағы сабақпен жалғасып, байланысып, кірігеді. Отырғызған тұқымдардың суретін салу, үлескінің сұлбасын сызу, тәжірибелер жасау (топырақтың қасиетін анықтау) топтағы сабақта жүзеге асады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда мұндай үзілмей, бірізділікпен берілген білім бала ойына түрткі болып, оның дамуына қозғау салады. Олардың ой қорытып, істеген ісінің нәтижесін тұжырымдау қабілеті артады, Мұндай сабақтар нәтижесінде балалар ауызша, жазбаша шығарма құрастыруға төселеді. Үлескідегі сабақ барысында олар өздері өсірген өсімдіктер жайында ғана білім алып қоймай, бүкіл табиғи ортаны бақылауға төселеді. Мәселен, үлескіге отырғызғам тұқымды күту кезінде өсімдіктерге зиянды және пайдалы жануарлармен танысады, өлі табиғат пен тірі табиғаттың байланысын аңғарады. Өнбей қалған тұқым болса, тәрбиешінің көмегімен оның себебін іздестіреді (Тұқым жарамсыз болды ма, "тамыр жемірі" жеп қойды ма қолайсыз жағдайға түсті ме? т.б.).
Үлескідегі сабақ барысында балалар өсімдікке зиянды көбелектер мен оның қуыршақтарын кездестіреді, олардың өсімдікке қандай зиян келтіретінін бақылап біледі. Мұндай жағдайда тәрбиешінің "өсімдіктерге зиянды бұнақденелілер" тақырыбына арнап жеке сабақ ұйымдастыруына болады. Бағдарламада мұндай тақырыптардың өтілуі талап етілген. Сайып келгенде, үлескідегі сабақ - белгілі мақсатқа арналып, балалардың өздігінен атқаратын практикалық жұмыстары негізінде ұйымдасқан түрде білім берудің бір түрі. Сонымен қатар, ол білім берудің өте тиімді түрі деуге де болады. Үлескідегі сабақтың нәтижесінде балалар өздері істеген істерінің, орындаған жұмыстарының нәтижесін көруге мүмкіндік алады. Олардың, белсенділігі дамып, тәрбиешінің көмегінсіз өздігінен іс орындауға төселеді. Бұл үнемі қайталанған жаттығу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асады.
Табиғат бұрышындағы сабақта дүниетанудан білім берудің негізгі бір түрі (формасы). В.М.Пакулова мен В.И.Кузнецова білім берудің түрін (формасын) сөз етіліп келіп, оған мынадай анықтама берілген: "форма обучения - это организация учебно-познавательной деятельности учащихся, соответствующая различным условиям её роведения используемая учителем в процессе воспитывающего обучения".
Қоршаған дүниеден білім беру түрінің ерекшелігі - оның жеке түрлерінің ұйымдастырылу уақытының ұзақтығы жағынан бір-бірімен сәйкес келе бермеуінде. Бірі топтағы сабақ ретінде ұйымдастырылып, педагогика мен дидактикада белгіленген уақыт ішінде аяқталып отырса, енді бірінің уақыт ұзақтығы созылып кетуі мүмкін. Бірақ, ол да мақсаты, мазмұны және білім мен тәрбиелеу жағынан сабаққа өте ұқсас болады. Дегенмен, білім берудің әр түрінің тек өзіне ғана тән ұйымдастырылуы, білім беру мен білімді меңгерту әдісі, тәрбиелік және дамыту мақсаты бар
Балабақшадағы тәжірибе үлескісі.
Сабақтың мазмұны Балабақша маңындағы үлескіге серуен. Серуеннің мақсаты — балалардың күз кезіндегі ауа райын байқауы. Үлескідегі өсімдіктердің күзгі көрінісіне зер салуы. Күздегі жануарлар тіршілігіне де көңіл бөлу. Тәрбиеші ол үшін балаларды тиісті жерге ертіп әкелгеннен кейін олармен әңгімелесіп, жаз кезінде байқаған көріністерін естеріне түсіреді.
Топ серуеннің барысы: Әңгіме барасында олардың көңілін ауа-райы қалай болатынына аударады (күн ашық, тұман, желді, тымық, бұлтты, т.б.). Ауа дымқыл, суық. Осы байқағандарын жазбен салыстырады.
Үлескілерде өсімдіктердің әрқайсысымен жеке-жеке таныстырып, олардың ерекшеліктеріне назар аударуларын айтады. Ағаштардың жапырақтарының сарғайып түскенін, не түсе бастағанын, сирегенін көрсетеді. Жапырақтарын қолға алып көріп, бір-бірімен салыстырады. Бұтақтан үзілген жапыпақтың жерге қалай түскенін байқау. Жердегі жапырақтарды басып көру, олардың сытырлап сынғанын аңғарту.
Үлескідегі бұталарды ағаштармен салыстыру. Шөптекті өсімдіктердің, қурай бастағанына көңіл бөлу.
Үлескідегі қураған жапырақтарды жинап алып, отқа жағып жіберу қажеттігін айтып түсіндіреді.
Күзгі жапырақтың түсін елестететін өлең оқу, маңайда көзге түскен құс, құмырсқа, т.б. жәндіктерді байқау.
Жұмбақ
Дегендей ешкім кірмссін.
Алыпты торлап күймесін.
(Өрмекші)
Тәрбиеші Р.Өмірсеріковтың „Құмырсқа" деген өлеңін оқиды.
Шидей болып құмырсқа,
Шаршамайды жұмысқа.
Ала жаздай дән тасып,.
Дем алады ол қыста.
Құмырсқа неге ала жаздай дән тасиды? Құмырсқаның қыста илеуде болатыны түсіндіріледі, Илеу деген сөзге түсінік береді.
- Илеу деген сөзге сөйлем ойлаңдар,
Сөз үйрету: ашық, тұман, бұлтты, желді, тынық, жапырақ, сарғаяды, жапырақ түседі, қурайды, сытырлайды, сынады, илеу, құмырсқа.
Сөйлем құрату. Күзде күн салқындайды. Күз туралы тағы не айтуға болады? «Жапырағына қарап таныңдар" ойынын ойнатуға болады.
Ойынның мақсаты: балалардың ағаш, бұға шөптерді ажырата білу қабілеттерін дамытып жаттықтыру.
О й ы н т ә р т і б і. Балаларды 3 - 4 топқа бөліп, әр топқа бір-бір ағаштың, не болмаса өздері білетін өсімдіктердің жапырағы беріледі. Тәрбиешінің белгісінен кейін әр топ сол өздеріндегі жапырақты ағашпен, бұтамен не шөппен салып отырып, оның, атын атайды. Жапырақтарды алмастырып беріп, ойынды жалғастыруға болады.
Сабақты қ о р ы т у: а) балалардың көңілін „Бұл қай кезде болады?" өлеңіне аудару. ә) оларға күз туралы ауызша әңгіме құрату.
2-сабақ.
С а б а қ т ы ң м а з м ұ н ы: балаларға балабақшадағы табиғат мүйісін, ондағы табиғат объектілерін таныстыру. Шамалары келетін жұмыстарды істете отырып, олардың табиғи объектілерді бақылай білу дағдыларын қалыптастыру.
Табиғат мүйісіндегі жануарлардың тіршілік әрекеттерін үнемі (күнделікті) бақылап жүруге үйрету. Оларды күтудің жолдарымен таныстыру.
Табиғат мүйісінде аквариум балықтары, жергілікті жерде кездесетін теңіз шошқасы, тасбақа, құмырсқа, кесіртке, бөлме өсімдіктері, түрлі құстар (қайшыауыз, суықторғай, сарышымшық,, пайыз торғай, шымшық, т.б.) болуға тиіс.
Даярлық топ балаларын табиғат мүйісімен таныстарғанда ондағы жануарлардың түр-түсін, қимылын, қоректенуін көрсетіп, сол көргендерін ойларында сақтап, мұнан әрі де бақылап жүруге мүмкіндік жасалады. - Ол үшін ең алғашқы табиғат мүйісімен таныстыруға арналған сабақ, шамамем төмендегідей жоспармен өтуге тиіс.
1. Табиғат мүйісін көрсете отырып, кіріспе әңгіме
өткізу.
- Не көріп тұрсыңдар, аттарын атаңдар?
- Осылардың қайсысын (сыртта) табиғаттан кездестірдіңдер?
- Бұл жерді неге табиғат мүйісі дейміз?
2. Тәрбиеші өзі қосымша түсінік береді. (Бұл жерге табиғат объектілері жинақталған, оны жоғары топ балалары бағып күтеді). Сендер де бұдан былай жәрдемдесіп жүруге тиіссіңдер.
Табиғат мүйісін таза сақтап, мезгілімен тазартып отыру қажеттігін түсіндіреді.
3. Белгілі бір объектіге жеке тоқталып, оны бақылату.
Мысалы, тәрбиеші аквариумдегі балықтарға жақындап келіп, балалардың көңілін соған аударады.
Мына аквариумде неше түрлі балық, бар, байқап
қараңдар, байқағандарыңды айтыңдар.
Қай балықты ұнатасыңдар, неге?
Балықтарға жем беріп, олардың қалай
қоректенетінін балалар бақылайды.
Балықтардың қоректенетінін, денесі туралы балалардың байқағанын айтқызады (басы, кеуде
бөлімі, құйрығы, қанаты, т.б.)
6. Балық туралы жұмбақ:
Қанаты бар ұшпайды
Су ішінде қыстайды.
Сөз үйрету: жүзеді, басы, кеудесі, құйрығы, жем жейді, тез, жылдам, шапшаң.
Жануарлардың аттары; балық, кірпі, тасбақа, құрбақа, т.б.
Сөйлем құрату. Балық, суда жақсы жүзеді. Тез жүзеді деген сөйлемге ұқсас тағы қалай айтуға болады?
Балық, туралы әңгімелеп беріңдер.
Сабақты қорыту кезінде тәрбиеші балаларға мынадай тапсырмалар береді:
а) табиғат мүйісіне жиі келіп, ондағы жануарлар тіршілігін бақылап жүру;
ә) құстарға, кірпі, кесіртке, тасбақаға (табиғат муйісінде қандай жануарлар болса, соған байланысты айтылады) керекті жемдерді жинастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |