1 Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері



бет8/9
Дата31.03.2023
өлшемі67,24 Kb.
#78112
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қорытынды
Қорыта келе балабақша жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу және педагогикалық ерекшеліктерін қарастырылды;
- Балабақша жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу және оның педагогикалық ерекшеліктерін қарастырылды.
- Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның мазмұнын ашылды;
- Балабақша жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастырылды;
- Балабақша жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттағы еңбегін ұйымдастырылды;
- Тірі табиғат бұрышындағы еңбек және оған балаларды жұмылдырылды;
- Тәжірибе үлескісіндегі еңбек және оған балаларды қамтылды;
- Табиғатқа топсаяхат пен серуен кезіндегі еңбек түрлері және оны ұйымдастырылды;
Балалардың еңбегін жұмылдыру мақсатында мына төмендігі жұмыстар орындалады.
- еңбекке және еңбек ету ниетіне тәрбиелеу;
- жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету;
- тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру;
- тапсырмаға жауапты (бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлігі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру;
- балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру;
- жолдастары мен үлкендерге көмек көрсету талабын көтермелеу;
- өзінің және үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету.
Мазмұны:
Өзіне-өзі қызмет көрсету
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру: белгілі тәртіп бойынша киініп шешіну, киімінің түймесін қадау, аяқ киімінің бауын байлау. Заттарын ұқыпты бүктеуге, киімдерін ілуге, аяқ киімін тазалап, шкафқа қоюға, шкафтың есігін жабуға үйрету.
Ұқыпты, мұнтаздай таза болуға тәрбиелеу: үлкендердің көмегімен киімдерін ретке келтіру — тазалау, құрғату.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек
Балаларды өз бетінше топ бөлмесін ретке келтіруге үйрету: конструкторлар мен ойыншықтарды орындарына жинау, оларды жуу, қуыршақтың киімдерін жуу. Тәрбиешіге кітаптарды, қорапшаларды желімдеуге, үстел мен орындықтардың шаңын сүртуге көмектесу.
Асханада кезекшілік міндетін өз бетінше орындауға үйрету: табақшаларды орындарына қою, шыны аяқты табақшасымен бірге қою, нан салғышты, майлықты, асхана құралдарын (қасық, шанышқы, пышақ) ажыратып қою.
Екінші жарты жылдықта сабаққа материалдарды дайындау кезекшілік міндетін орындауға үйрету: құрал-жабдықтарды дайындау, сабақтан соң оларды жинау.
Табиғат бұрышындағы еңбек
Өз беттерінше бөлме өсімдіктерін суару, жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды коректендіру, астауды жуу, оларға су құю және жем шашу.
Бөлме өсімдіктерінің көшеттерін отырғызуға, аквариумның суын ауыстыруға, қыстап қалатын құстарды қоректендіруге көңілін бөлу.
Еңбек құралдарын таза, ұқыпты ұстауға үйрету.
Табиғаттағы еңбек
Өсімдіктерді өз беттерінше суару іскерліктерін қалыптастыру.
Гүлзарлар мен бақшада жұмыс істеуге үйрету (жүйек жасау, тұқым себу, көшет отырғызу, суару, түбін қопсыту, егінді жинау).
Жолды қардан тазалауға, орындық үстінен қарды сыпыруға үйрету.
Қыс мезгілінде табиғат бұрышындағы құстардың азығы болатын өсімдіктерді өсіруге қатыстыру (тамыр жемістерді отырғызу, сұлы егу).
Қолданған еңбек құралдарын ретке келтіруге (тазалау, кептіру, өз орына қою) үйрету
Ұрпақ тәрбиелеуде қай халықтың болмасын еңбек тәрбиесін сырт қалдырмайтыны белгілі. Өйткені адам үшін еңбексіз өмір-жоқ, еңбек –тіршілік көзі, адамзат ғұмырының мәні. Қазақ халқы "баланы жеті жасқа дейін патшадай күт" десе дағы еңбек тәрбиесін ерте жасынан баулуды қолға алған. Оған халқымыздың ауыз әдебиетіндегі ертегілер, аңыз әңгімелер мен батырлар жырлары, халық өлеңдері, санамақтар мен мақал-мәтелдер, тыйым сөздер мен бата-тілектер дәлел. Дәлірек айтқанда, халқымыз бесік жырынан бастап, үлкен-үлкен жыр-дастандарына дейін еңбек тәрбиесін тәрбиелік-ізгілік мұрат санап насихаттап отырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет