Байланысты: 1. Мемлекет ж не ы теориясыны жалпы сипаттамасы. Мемлекет ж
14. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. 1. Құқық бұзушылықтың себептері және оның түрлері.
2. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері.
Құқық бұзушылық дегеніміз – бұл қоғамға, мемлекеттке және жеке адамға зиян келтіретін, құқықтық нормаға қарсы, қоғамға қауіпті жеке тұлғаның кінәлі іс-әрекеті.
Құқықты бұзудың бірнеше түрлері бар:
1) қылығы (әрекеті немесе әрекетсіздігі);
2) құқыққа қарсы тәртібі;
3) кінәлігі;
4) зиянды нәтижесі;
5) қылығы мен зиянды нәтижесінің себепті байланыстылығы;
6) заңды жауаптылығы.
Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқық бұзушылық қылмысқа және теріс қылыққа бөлінеді.
Қылмыс дегеніміз – бұл қоғамға белгілі дәрежеде зиян келтіретін, әлеуметті мүддеге қайшы келетін қылмыстық жауаптылық. Басқа құқықтық бұзушылық түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңда қаралған, талқылауға жатпайтын іс-әрекет.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік.
Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекеленген жақтарына нұсқан келтіруші құқық бұзушылық. Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен әлеуметтік қауіпті болып саналады.
Теріс қылықты бірнеше түрлерге бөлеміз:
1. Азаматтық құқық бұзушылық – бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласындағы жасалған құқық бұзушылықтың түрі. Жасалынған теріс қылық арқылы ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға мүліктік залал келтіру, келісімдегі міндеттемені орындамау, азаматтың ар-намысына тиетін мәліметті жария ету т.б.
Құқықты қалпына келтіруші санкциялар арқылы келтірілген залалдың орны толтырылады, бұзылған құқықты қалпына келтіреді, орындалмаған міндеттемені орындатады, заңға қайшы келетін мәмлені өзгертеді т.б. жатады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл қоғамдық тәртіптің заңмен бекітілген жақтарына зиян келтіру. Әсіресе, мемлекет органдарының атқару-бөлу саласындағы қызмет қатынастарының бұзылуы.
Әкімшілік құқықты бұзушылыққа айып, өндіріп алу, арнаулы құқығынан айыру белгіленеді. Мысалы, транспорт құралдарын басқару құқықығынан айыру т.б.
3. Тәртіптік құқық бұзушылық – бұл еңбек қатынастары саласында жасалған құқық бұзушылық өндірістің, ұйымның, мекеменің ішкі қызметін реттеуде бұзылған әлеуметтік – қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
Тәртіптік жаза – еңбек туралы заңда, әскери міндетті тұлғалар үшін – тәртіп туралы жарғыда, кейбір өндіріс, ұйымдар, мекемелердің лауазымды тұлғалары үшін – арнаулы ережелерде көрсетіледі.
4. Процессуалды – іс жүргізу барысындағы құқық бұзушылық дегеніміз – бұл әділеттілікті іске асыру барысында заң қимылдарына қарсы тұру (куәгердің сотқа келмеуі т.б.).
Құқық бұзушылықтың заңды құрамы – бұл заңды жауапқа тартылатын жеткілікті құқық бұзу белгілерінің жиынтығы.
Құқық бұзушылықтың заңды құрамына мыналар жатады:
1. Құқық бұзушылықтың субъектісі – бұл құқыққа қарсы қауіпті іс-әрекет жасаған тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
2. Құқық бұзушылықтың объектісі – бұл озбырлық жасалған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Бұл құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Сонымен бірге, адам өмірі, ар-намысы, ден-саулығы т.б.
3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның қылығына және оның зардаптарына субъективтік қатынасын білдіретін белгілердің жиынтығы.
Бұл жерде негізгі категориялар – күнә, мотиві және мақсаты.
Күнәнің екі түрі белгіленеді:
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық.
2. Абайсыздық. Ол тұлғаның менмендігінен немесе немқұрайдылығынан пайда болады.
Тұлғаның менмендігі дегеніміз – бұл өзінің қылығының зардаптарын сезінбеуі.
Тұлғаның немқұрайдылығы дегеніміз – бұл өзінің әрекетінің зардаптарын түсіне отырып жасауы.
Мотиві дегеніміз – бір себептің құқық бұзушылыққа іштей ұйытқы болуы.
Мақсаты дегеніміз – бұл құқық бұзушының құқық бұзушылық әрекетін іске асыруда көздеген нәтижесі.
4. Құқық бұзушылықтың объективтік жағы – құқықтың бұзылғандығын білдіретін сыртқы белгілерінің жиынтығы.
Оған жататындар:
а) теріс қылық;
б) құқыққа қарсы тұрушылық;
в) зардап шектіру;
г) залал келтіру;
д) теріс қылық пен келтірген залалдың арасындағы себепті байланыс.
Заңды жауапкершілік дегеніміз – бұл процессуалды - іс жүргізу тәртібімен белгіленген мемлекеттік күштеу арқылы қолданылатын заңдарда қарастырылған құқық бұзушылықты іске асырған тұлғаларға қарсы қолданылатын шаралар.
Бұл шаралар әртүрлі болуы мүмкін:
а) жеке мәніне байланысты (бас бостанбығынан айыру);
б) мүліктік мәніне байланысты (айып белгілеу);
в) ұйымдастыру мәніне байланысты (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар:
а) мемлекет бекіткен құқық нормаларында белгіленуі;
б) мемлекеттік мәжбүрлеу әдісіне сүйенуі;
в) арнаулы өкілеттілікке ие мемлекеттік органдардың қолдануы;
г) міндеттемелік жүктемесіне байланыстылығы;
д) жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық мәндегі қайшы зардаптардың болуы;
г) процессуалды – іс жүргізу түрінде іске асырылуы;
з) құқық бұзушылықты іске асырғаннан кейін пайда болуы.
Єкілеттілікке ие органның нақты құқық бұзушылыққа белгіленетін мәжбүрлеу шаралары – құқық нормаларында және құқық қолданушылық актілеріне сай іске асырылады. Құқық қолданушылық актілер әкімшілік бұйрығы, соттың шешімі немесе үкімі т.б. болуы мүмкін.
Заңды жауапкершіліктің принциптері:
1) заңдылығы;
2) әділеттілігі;
3) жауаптылығы;
4) мақсатқа сәйкестілігі;
5) гуманизмділігі;
6) негізділігі.
Заңды жауапкершіліктің заңдылық принципі – құқық қабілеттігі бар тұлғаның істеген қылығына ғана заңды түрде жауапкершіліктің белгіленуі.
Заңды жауапкершіліктің әділеттік принципі – жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі. Құқық бұзушының міндетті түрде жауаптылыққа тартылуы.
Жауаптылық принципі – бұл құқық бұзушылығы үшін заң алдында жауаптылығы.
Мақсатқа сәйкес принципі – бұл құқық бұзушыға қатысты шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуі.
Гуманистік принципі – адамның ар-намысына тиетін жазаның белгіленуіне жол берілмеуі.
Заңды жауаптылықтың негізділік принципі – болған істі объективті түрде зерттеу және соған сәйкес заңда көрсетілген жаза шараларын анықтау.
Заңды жауапкершіліктің түрлері:
1. Қылмыстық жауапкершілік тек жасаған қылмысы үшін ғана қолданылыды. Бірде-бір адам соттың үкімінсіз немесе заңға сай деп танылмаған жағдайда айыпты деп танылып немесе қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес. Қылмыстық жазаның шаралары мемлекеттің қатаң мәжбүрлеу шаралары арқылы іске асырылады. Айыпкерді – бас бостандығынан айыру, өлім жазасы т.б.
2. Әкімшілік жауаптылық - әкімшілік теріс қылық жасалған жағдайда қолданылыды. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айып-пұл, қатаң сөгіс.
3. Азаматтық – құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізгі принципі – келтірілген залалдың орнының толық толтырылуы.
4. Тәртіптік жауапкершілік – еңбек, оқу, түрлі қызмет саласындағы әскери тәртіпті бұзған кезде қолданылады. Тәртіптік жауапкершілік шараларына – сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату т.б. жатады.
5. Материалдық жауапкершілік – өздерінің қызмет міндеттерін орындау кезіндегі өндіріс, мекеме, ұйым жұмысшыларының келтірген залалдарына сәйкес қолданылады.
Заңды жауапкершілік өз уақытында орындалуы тиіс.
Мемлекет қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Заңдылық құқықтық тәртіпті қалыптастырады, ал құқықтық жауапкершілік адамдардың әрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.
Заңды жауапкершіліктің қызметі:
1) жазалау;
2) бұзылған құқықты қалпына келтіру;
3) азаматтық заңды сақтап, өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Заңды жауапкершілікті және теріс қылықты білдіретін мән-жайлар:
1) қабілетсіз, не болғанын білмеу - өзінің іс-әрекетіне тұлғаның жауап бере алмауы;
2) қажетті қорғаныс – заң қорғайтын мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның мүддесіне қылмыскердің қол сұғуына, оған зиян келтіру арқылы қорғану, яғни қылмыскердің озбырлығына қарсы қолданылатын әрекет;
3) мәжбүрлік қажеттілік – мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның мүддесіне төнген қауіптен зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса, егерде келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлде қайда кем болса да жасалған әрекет;
4) елеулі емес құқық бұзушылық – бұл қоғамға қауіптілігі онша емес әрекет;
5) казус (кездейсоқ, талдап қорытуға жатпайтын) әрекет т.б.