Байланысты: 1. Мемлекет ж не ы теориясыны жалпы сипаттамасы. Мемлекет ж
1. Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы.
1.Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде.
2.Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісі.
3.Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі.
Ғылым-адам қызметінің маңызды бір саласы ретінде өте күрделі құрылымнан тұрады.Қоғам мен табиғаттағы құбылыстар мен процестерді зерттеу нәтижесіне байланысты табиғи және қоғамдық ғылым жүйесі қалыптасты.
Қоғамдық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты ғылымның жаңа кезеңдегі дамуы басталды. Осының нәтижесінде қоғам мен табиғатқа тән құбылыстар мен процестерге әрекет етуші заңдарды мынадай түрлерге бөлеміз:
1) табиғи заңдар,оның зерттейтін пәні-табиғи ғылымдар саласы.
2) әлеуметтік заңдар,оның зерттейтін пәні - қоғамдық ғылымдар саласы.Қоғамдық ғылымдарға заң ғылымы да жатады.
3) «заңдар», бұған нормативті заңдар жатады.
Барлық ғылым салалары сияқты,заң ғылымының да зерттеу объектісі бар. Оған мемлекет және құқық туралы мәселелер кіреді.
Қоғамның пайда болып,дамуына байланысты қоғамдық құбылыс ретінде мемлекет және құқық пайда болды.
Мемлекет және құқық қоғамның саяси-құқықтық өміріне әсер ете отырып,қоғамдық құбылыстармен тікелей қатынаста болады. Міне, осыған байланысты заң ғылымының оқыту пәніне қарай өзіндік құрылым жүйесі қалыптасты.
1. Жалпытеориялық және жалпы тарихи ғылымдар. Оған мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы жатады.
2. Салалық заң ғылымдары. Бұл заң ғылымына конституциялық құқық,мемлекеттік құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы, сауда құқығы, салық құқығы т.б. жатады.
3. Органдар туралы заң ғылымы. Бұл ғылым саласы мемлекеттік органдардың құрылымын, құқықтық-ұйымдастырылуын, қызмет тәртібін зерттейді. Мысалы, соттың және прокуратураның ұйымдастырылуын, прокуратуралық бақылау т.б.
4. Салааралық заң ғылымы. Бұған халықаралық құқық, жер құқығы, экологиялық құқық, космостық құқық т.б. кіреді.
5. Їс жүзінде қолданылатын заң ғылымы. Оған сот статистикасы, сот медицинасы, сот психиатриясы, криминалогия т.б. жатады.
Заң ғылымдары жүйесі қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Заң ғылымдарының жалпы теориялық бөліміне жататын мемлекет және құқық теориясының орны ерекше.
Мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет істеу бағыттарының жалпы заңдылығын зерттейтін ғылым.
Мемлекет және құқық теориясының негізгі ерекшелігі мынада:
- қоғамдық ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясы қоғамдық құбылыстарды құрайтын пән болып табылады. Осы ерекшілігіне байланысты басқа ғылымдар саласы ажыратылады.
- саяси қоғамдық ғылым ретінде мемлекеттің саясат саласын мемлекеттің билік қызметіне байланысты қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік – құқықтық қондырманы зерттейтін басқа ғылымдардан ажыратылады.
- жалпы теориялық ғылым ретінде мемлекет және құқықтың ерекше және жалпы заңдылығын және белгілерін зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты арнаулы заң ғылымдарынан ажыратылады.
- жалпы методологиялық ғылым ретінде мемлекеттік - құқықтық қондырманың жалпы заңдылығын түсіндіреді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу мәселелерін дайындайды.
- мемлекет және құқық теориясы басқа заң ғылымдары үшін базалық ғылым болып саналады. Міне, осы езгешілігіне байланысты мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы мемлекет пен құқықтың пайда болуын, дамуы және қызмет атқару заңдылықтарын, олардың мәні мен құрылымын, негізгі бөлшектері мен принциптерін, заңдылықтарын зерттейтін ғылым жүйесі.
Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа әлеуметтік құбылыстар заң ғылымына белгісіз мәселелерді күн тәртібіне қойды. Мемлекет және құқық теориясының кез-келген мәселесі жария мәнге ие болады. Мемлекет және құқық териясының дамуы қызмет атқару бағыттарына да байланысты. Осы қоғамда өмір сүріп отырған мемлекеттік-құқықтық нақты қатынасты анықтайды.
Мемлекет және құқық теориясы бірнеше арнаулы қызметті атқарады.
1)онтологиялық қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекет пен құқықтың қалай пайда болғанын, қазіргі даму дәрежесін анықтайды.
2)гносеологиялық қызметі (таным қызметі). Мемлекет пен құқық теориясы бұл қызметті атқара отырып, көптеген таным әдістері мен тәсілдерін жасайды, мемлекет пен құқық теориясының мәнін, мазмұнын, түрлерін және басқа мемлекет және құқыққа байланысты құбылыстар мен процестерді танып біледі.
3) эвристикалық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы тек мемлекет пен құқық ұғымдарының белгілі заңдылықтарын ашып қана қоймай,қоғам өміріндегі пайда болған жаңа заңдылықтарды зерттейді.
4)методолгиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясының ғылыми-таным әдістерін творчествалық түрде басқа заң ғылымдары салаларында пайдаланады.
5)әлеуметтік - қолданбалы қызметі. Мемлекеттік - құқықтық құбылыстар мен процестердің қалай дамитындығын көрсетеді.Мысалы: құқықтық реформа табыс әкеле ме?, құқықтық мемлекетті қалыптастыру үшін не істеу керек? т.б.
6) мемлекет және құқық теориясының идеологиялық қызметінің маңызы зор. Ұзақ уақыт бойы мемлекет және құқық теориясы маркстік-лениндік тұрғыдан дамытылды. Қоғамның жаңа сатыға көтерілуіне байланысты бұл қызмет саласы жаңа мәнге ие болды. Қазіргі мемлекет және құқық теориясының иделогиялық қызметі - жалпы демократиялық, гуманистік идеалды қалыптастыру. Осы қызметтерге байланысты мемлекет және құқық теориясы жаңа даму жолына түсті.
7)мемлекет және құқық теориясының тәжірибелік-ұйымдастырушылық қызметі тәжірибеде теориялық-танымдық модельдерді талдап, іске асырады.
8)мемлекет және құқық теориясының болжамдық қызметі мемлекеттік-құқықтық дамудың заңдылығын ашып, статистиканы жинақтайды.
9)саяси-басқару қызметі. Мемлекет және құқықтың бұл қызметі саяси ұғымды, саяси билікті бір қолға немесе бір әлеуметтік құрылымға жинақтау үшін қажет.
Мемлекетті басқару үшін өте ірі құралдар қажет. Ол үшін ішкі және сыртқы саясаттың ғылыми негізі жасалады. Мұны тек мемлекет және құқық теориясы іске асырады.
Мемлекет және құқық теориясының барлық қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бірін-бірі толықтыра отырып, мемлекет және құқық теориясы туралы түсінікті қалыптастырады.