1. Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы. Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде



бет11/15
Дата13.10.2022
өлшемі96,58 Kb.
#42727
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1. Мемлекет ж не ы теориясыны жалпы сипаттамасы. Мемлекет ж

11. Құқықтық нормаларды іске асыру.

  1. Құқықты іске асырудың түсінігі.

  2. Құқықтық нормаларды қолдану.

  3. Құқықтағы кемшіліктер.

  4. Құқықтық нормаларды қолдану актілері.

Қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару үшін құқықтық нормалар өмірге келіп, өзгеріп, дамып, ескіріп, жаңарып отырады. Құқықтық нормалар заңда көрсетілгендей мақсатты түрде адамдардың еркі және санасына әсер ету үшін пайда болады. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеті арқылы заң шығарушы құқықтық нормалардың нәтижесін көрсетеді.
Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болып келеді, олардың пайда болу себептері де әр түрлі болады:
а) қоғамдағы қатынастардың мазмұнының әр түрлі болуы;
б) нормативтік актілердің адамдарға әр түрлі әсер етуі;
в) норманың ерекше мазмұнының әсері;
г) құқықты іске асырудағы субъектілердің құзіреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы;
д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.
Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты қоғамдағы қатынастарды уақытында реттеп, басқарып, оны іске асыру.
Құқықтық нормаларды іске асырудың бірнеше түрлерін атап өтуге болады:
1.Норманың мазмұнына қарай орындалуын әр түрге бөлеміз: норманың мүдде-мақсатын орындау; жалпы міндет қағидаларын орындау; нақты қатынастағы норманы орындау.
2.Ґорманы іске асырудағы қатынас субъектілерін жеке және топтық субъектілерге бөлеміз. Бұл субъектілердің өз құқықтарын іске асыруы.
3.Нормативтік актілердің ерікті түрде емес, қоғамдық мүдде үшін әкімшілік-тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік түрінде еріксіз іске асырылуы.
4.Құқықтық нармаларды іске асыруда саяси және идеологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Субъектілердің құқықты іске асыруға әсер етуінің төрт түрін көрсетеміз:
1) құқықты сақтау – құқықта тиым салынған іс-әрекеттерге жол бермеу;
2) құқықты орындау – заң міндеттерін орындауға белсенді түрде қатысу;
3) құқықты пайдалану – өзінің мүддесін қорғай отырып, субъективтік құқықты іске асыру;
4) құқықты қолдану – ресми өкілеттікке байланысты және соның нәтижесіне сай жеке актіні енгізу. Құқықты қолдану құқықты іске асырудың ерекше түрі. Бұл адамдардың өз құқықтары мен міндеттерін билік органдарының көмегінсіз іске асыра алмаған жағдайда қажет болады.
Құқықты қолданудың белгілері мынадан көрінеді:
1) ресми өкілеттікке ие органдардың құқықты қолдануы;
2) оның билік мәніне ие болуы;
3) іс жүргізу түрінде іске асырылуы;
4) жеке түрдегі билік актілерді іске сай қолдануға байланысты көрінеді.
Құқықты қолданудың бірнеше кезеңдері бар:
1.Їстің нақты мазмұнымен және жағдайымен танысу, қарым-қатынастың басталуын, оған қатысушы субъектілерді анықтау.
2.Пайда болған қатынастың заңды негізін анықтау, анализ жасау, іске заңды баға беру.
3.Їс бойынша шешім қабылдау, құқықты қолдануды, тиімділігін анықтау және оны рәсімдеу, шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу.
4.Қабылданған шешімді жүзеге асыру.
Құқық қолданатын акті – мемлекет атынан жасалатын, нақтылы заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бар-жоғын анықтайтын, соған сәйкес шараларды белгілейтін органның актісі.
Құқықтық нормаларды анықтау кезінде нормалар коллизиясы (қарама-қарсы тараптардың немесе мүдделердің қақтығысуы) және құқықтағы кемшіліктер деген құбылыстармен кездесеміз.
Заң коллизиясы дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттеуге қатынасты құқықтық актілер арасындағы қайшылықты айтамыз.
Олар заңды қолдануды қиындатып, құқықты қолдану тәжірибесінде қолайсыз жағдай тудырады.
Коллизияның бірнеше түрлері бар:
1) Ол конституция және барлық басқа актілер арасында пайда болады. Нәтижесінде Конституцияның пайдасына шешіледі.
2) Заңдар және заң негізіндегі актілер арасында пайда болады. Заңдық күші жоғары болғандықтан заңдар пайдасына шешіледі.
3) Әр түрлі мерзімде шығарылған бір органның актілері арасында туады. Бұл жерде соңғы қабылданған акті қолданылады.
4) Әр түрлі органдар қабылданған актілер арасында пайда болады.
Қай орган өкілеттігі жағынан жоғары тұрса, сол органның актісі қолданылады.
Құқықтағы кемшіліктер – қажетті заң нормаларының толық немесе жеке бөлімдерінің заңдарда болмауы. Бұл кемшілік тек құқық шығармашылық процесте жаңа құқықтық актілерді қабылдау арқылы жойылады.
Кей жағдайларда жаңа құқықтық актілер қабылдамай-ақ, құқықты қабылдану кезінде жоюға болады. Мұнда заң аналогиясын немесе құқық аналогиясын қолданамыз.
Заң аналогиясы – бұл істе шешу кезінде құқық нормаларын пайдалана отырып, жағдайға қарай істі шешу.
Құқық анаогиясы – бұл істе шешу кезінде жалпы принциптерге және құқықтың мағынасына қарап шешу.
Құқықты қолдануда, іске асыруда міндетті түрде акті жасалуға тиіс.
Құқықты қолдану актісі – бұл істе шешу кезеңінде өкілеттікке ие орган енгізген, жеке билік жазбасы түріндегі құқықтық акті.
Оның мынадай ерекшеліктері бар:
- өкілеттікке ие органнан туындайды;
- мемлекеттік – билік мәніне ие;
- оны орындайтын нақты субъектінің көрсетілуі;
- мемлекет бекіткен форма түрінде жазылуы.
Құқықты қолдану актілерін мынадай ерекшеліктері бойынша топтастырамыз:
1) түрі жағынан – жарлықтар, бұйрықтар, шешімдер, қаулылар т.б.;
2) оларды қабылдаған субъектілері бойынша бөлеміз:
а) мемлекеттік органдар;
б)мемлекеттік емес органдар.
3) құқықтық қызметі бойынша:
а) реттеуші (қызметін жоғарлатуы бойынша бұйрық);
б) қорғаушы (қылмыстық істе қорғау жөніндегі қаулы);
4) заңдық табиғаты бойынша – негізгі, заңдық істің шешімінің орындалуы (мысалы,үкім) және қосымша, негізгі істің орындауын қамтамасыз етеді (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде тарту туралы қаулы);
5) құқықтық реттеу пәні бойынша мынадай актілерге бөлінеді: азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық актілер т.б.;
6) мәні жағынан – материалдық және іс жүргізу.
Сонымен, құқықты қолдану – мемлекеттің, оның органдарының құқықтық нормаларды іске асыруы, орындалуын басқарып, реттеп отыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет