1. Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы. Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде



бет15/15
Дата13.10.2022
өлшемі96,58 Kb.
#42727
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1. Мемлекет ж не ы теориясыны жалпы сипаттамасы. Мемлекет ж

15. Заңдылық және құқықтық тәртіп.
1. Заңдылық түсінігі және қағидалары.
2. Заңдылық кепілдігі.
3. Құқықтық тәртіп түсінігі.
4. Заңдылық және құқықтық тәртіптің арақатынасы.
5. Құқықтық реттеу механизміне түсінік.
Заңдылық – бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы. Заңдылықтың екі жағы бар:
а) мазмұндылығы – бұл құқықтық, әділеттік ғылыми негізделген заңдардың болуы;
б) оның формальдылығы – бұл заңдардың орындалуы.
Заңдылықтың субъектілері барлық қоғамдық қатынастарға қатысушылар болып табылады: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі заңды міндетті тұлғалардың мінез-құлқы, олардың санасы, еркі және іс-әрекеті.
Заңдылықтың қағидалары – бұл заңдылықтың мазмұнын білдіретін негізгі идеялардың бастамасы. Оған жататындар:
1) заңның жоғарылығы – заңға барлық жеке құқықтық және басқа нормативтік актілердің бағынуын білдіреді;
2) заңдылықтың біртұтастығы – нормативтік актілердің мемлекеттің барлық территориясында бірдей түсіндірілуі және бірдей қолдануын білдіреді;
3) заңдылықтың мақсаттылығы – мемлекеттің құқық шығармашылық және құқық қолданушылық қызметін қоғамға қажетті мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды қатаң заң шеңберінде пайдалануды білдіреді, яғни заңды және мақсаттылықты қарама-қайшылықты болдырмау немесе заңды мақсатқа сай деген сылтаумен айналып өтуге жол бермеу;
4) заңның шынайылығы – барлық қызмет түрлерінде құқықтық жазбаларының нақты орындалуын білдіреді және құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын тартылатындығын білдіреді.
Заңдылықтың кепілдігі – бұл қоғам дамуының заңдылығына сай заңдардың және заң негізіндегі актілердің орындалуын, азаматтардың құқығын және қоғам мен мемлекеттің мүддесін ешбір қайшылықсыз орындалуын қамтамасыз ететін құралдар.
Заңдылық кепілдігінің бірнеше түрлері бар:
1) әлеуметтік-экономикалық кепілдік – бұл қоғамның экономикалық дамуы, оның әртүрлі меншік түріндегі жағдайының дәрежесі, экономикалық бостандығы т.б.
2) саяси кепілдігі – конституциялық құрылыстың, қоғамның саяси жүйесінің, саяси плюрализмнің, көп партиялық билікті бөлудің т.б. демократиялық даму дәрежесі; 
3) ұйымдастырылу кепілдігі – бұл арнаулы органдардың қызметі, заңдарды және заң негізіндегі актілерді орындалуын бақылау, прокуратура, сот, полиция т.б. қызметін қолдану.
4) қоғамдық кепілдік – мемлекетте заңды бұзушылыққа қарсы мақсатында қолданылатын профилактикалық және басқа шаралардың жиынтығы.
5) идеологиялық кепілдік – бұл құқықтық сананың даму дәрежесі, азаматтардың арасында құқықтық білімнің таратылуы, заң талаптарын сыйлау, қоғамның адамгершілік тәрбиесінің даму сатысы.
6) арнаулы – заңдық кепілдік – бұл құқықтық талаптардың бұзылуын алдын-алу мақсатында қимылдағы заңда бекітілген әдістер мен құралдар.
Құқықтық тәртіп дегеніміз – бұл қоғамдық қатынастар жүйесі, яғни субъектілердің мінез-құлқының құқықтылығы, қоғамдық қатынастарға заңның шынайы түрде енгізілуі, әлеуметтік байланыстарды реттеудің нәтижесі.
Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:
1) құқық нормаларында көрсетілуі;
2) көрсетілген нормаларды іске асыру нәтижесінде пайда болуы;
3) мемлекеттің қамтамасыз етіуі;
4) қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру үшін жағдай жасауы;
5) заңдылықтың қорытындысы ретінде көріну.
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз – қоғамдағы қатынастардың жүйе – салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілдіктері:
1. Материалдық кепілдік – егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе, өздері келісімге келіп, нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
2. Саяси кепілдік – қоғамның саяси тұрақтылығы. Заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың дұрыс, жақсы жұмыс жасауына ықпал етуі.
3. Моральдық кепілдік – қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса, заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
4. Заңды кепілдік – бұған мемлекеттігі заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының ролі, маңызы, әсері өте зор.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қарым-қатынасының көрінісі:
а) құқықтық тәртіп құқықтық реттеуді мақсат етіп қояды, сол мақсатқа жету үшін заңдар және нормативтік-құқықтық актілер қабылданады.
Заң шығармашылықты дамыту іске асырылады және заңдылықты бекіту шаралары қабылданады;
б) құқықтық тәртіпке жету үшін тек құқықтық реттеуді дамыту мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдердің қажеті шамалы;
в) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты;
г) заңдылықты бекіту құқықтық тәртіпті бекіту болып табылады.
Құқықтық тәртіп – бұл заңдылықтың толық, нақты орындалуы.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңыздылығы мынада:
1) қоғамдық өмірдің бір қалыпты, тұрақты, жақсы дамуы;
2) мемлекеттік, қоғамдық т.б. ұйымдардың жақсы жұмыс істеуі;
3) барлық адамдардың құқығын, бостандығын дамыту және ұйымдар мен ұжымдардың мүдде-мақсатының дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтық реттеу механизмі дегеніміз – бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін қолданылатын заң құралдарының жиынтығы. Қоғамдағы барлық тәртіп түрлері әртүрлі құралдармен реттеледі.
Мұндай заң құралдары мыналар:
а) құқық нормалары;
б) құқықтық қолданушылық актілер;
в) келісім түрлері;
г) заңды фактілер;
д) субъективтік құқық;
е) заңды міндет;
ж) тиым салу;
з) түрлі жеңілдіктер;
и) жәрдем ақы түрлері;
к) жаза т.б.
Құқық құралдарының негізгі белгілері:
1) құқық субъектілерінің мүддесін қамтамасыз ету үшін құқықтық әдістерді қолдану;
2) құқықтық, құқықтық реттеудің, құқықтық тәртіптің негізгі бөліктері ретінде көрінуі;
3) заңды күшінің болуы және мемлекеттің қолдауы.
Құқықтық құралдардың түрлері:
1. Құқық салаларына байланысты – конституциялық, әкімшілік т.б. болып бөлінуі.
2. Сипатына байланысты – материалдық және процессуалды-іс – жүргізу.
3. Қызмет роліне байланысты – реттеушілік және қорғаушылық.
4. Ақпараттық-психологиялық бағытына қарай – ынталандыру және шек қою болып бөлінеді.
Заң құралдары құқықтық реттеуге және құқықтық әсер етуге қатысады.
Құқықтық реттеу дегеніміз – бұл қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, барлық құқық құралдарының әсер етуі.
Сөйтіп, құқықтық реттеу дегеніміз мүмкін және мүмкін емес тікелей жазбаларға қатысты, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің белгілеуіне байланысты, құқықтық қатынастар арқылы іске асырылатын арнаулы – заңның әсер етуі.
Құқықтық әсер ету дегеніміз – бұл қоғамдық өмірге, адамдардың санасына және мінез-құлқына құқықтық әсер етуі.
Құқықтық әсер ету құқықпен реттелмейді, тек оған әсерін тигізеді. Бұл құқықтық ғана емес, экономикалық, саяси, әлеуметтік қатынастарға әсер ету.
Құқықтық реттеудің мақсаты – қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу, субъектілердің позитивті мүдделерінің іске асырылуын қамтамасыз ету, басқару процесіне, заңды және жеке тұлғалардың құқықтық мүддесін қанағаттандыруына әсер ететін түрлі және көптеген кедергілерді жою.
Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты – субъектілердің құндылықтарға жету мүдделеріне кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, яғни олардың әділетті түрде мүдделерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз ету.
Құқықтық реттеу механизмінің құрылымы:
1. Құқық нормасы арқылы мүдделерді қанағаттандырудың моделінің жасалуы.
2. Заңды факт немесе шешуші факті болып саналатын ұйымдастыру-атқарушы құқық қолданушылық актісі бар факт құрамы ретінде болуы.
3. Құқықтық қатынас.
4. Құқықтар мен міндеттерді іске асырушы актілер.
5. Құқықтық қорғаушылық және құқықтық қолданушылық актілер. Бұл актілер құқық бұзылған жағдайда қолданылады.
Құқықтық реттеу тиімділігі дегеніміз – бұл құқықтық реттеудің нәтижесі мен оның алдындағы мақсаттың ара-қатынасы.
Құқықтық реттеудің тиімділігін арттырудың мынадай жолдарын көсетеміз:
1. Құқықтық шығармашылықты дамыту, соның нәтижесінде жоғары дәрежелі заң техникасын қолдану арқылы құқық нормаларын көтеру, оның шеңберіндегі қоғамдық мүдделер мен заңдылық толық айқындалады.
Бұл жерде заң және хабар құралдарының көмегіне сай заңды бұзғаннан ғөрі сақтағанның көп пайда келтіретін жағдай жасалынады.
2. Құқықтық қолданушылықты дамыту нормативтік реттеуді күшейтеді.
Құқықтық қолдану нақты жағдайды ескереді, әрбір заң жағдайының өз ерекшелігі бар.
Құқықтық шығармашылық пен құқықтық қолданудың бір-біріне сай болуы, құқықтық реттеудің жан-жақтылығы мен икемділігін көрсетеді.
3. Құқық субъектілерінің құқықтық мәдениетін көтеру құқықтық реттеудің сапалылығын арттырады, заңдылық және құқықтық тәртіптілік процесін бекітеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет