Байланысты: 1. Мемлекет ж не ы теориясыны жалпы сипаттамасы. Мемлекет ж
9. Құқық жүйесі және заңды жүйелеу. 1. Құқық құрылымының жүйесі.
2. Құқық саласының негізгі белгілері.
3. Құқықты реттеу пәні.
4. Заңды жүйелеу.
Құқық өте күрделі жүйені көрсетеді. Ол әр-түрлі бір-бірімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Қоғамдық қатынастардың өзі де түрлерге бөлінеді.
Жаңа қоғамдық қатынастар пайда болып, қалыптасқан қатынастар жүйесі өзгеріп отырады. Соған байланысты жаңа нормалар және бұл нормаларға қатысты жаңа байланыс жүйесі қалыптасады. Құқық жүйесі дегеніміз құқықтың өзінің ішкі құрылымы, оның әртүрлі салаларға, бұл салалардың өздере тән ішкі бөлімдерге және институттарға бөлінуі.
Құқық құрылымының жүйесі – бір-бірімен байланыстағы көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.
Құқық жүйесі бірнеше сатыдан тұратыны анық 1-сі, ішкі байланыстағы заң нормалары. Бұл нормалар қоғамдық өмірдегі ең қажетті құқықтық қатынастарды реттейді. Їшкі байланыстармен қатар сыртқы байланыста да бұл нормалардың маңызы зор.
Белгілі қоғамдық қатынастардың өзі бір ғана құқық нормасымен ғана емес, бірнеше құқық нормаларымен реттеліп және қорғалып отырады.
Бұл нормалар біртұтас құқықтық институтты құрайды: мысалы, азаматтық құқықта меншік институтын, қылмыстық іс-жүргізу процесінде айыпталушының құқықтық жағдайы институты т.б.
Құқық жүйесінің 2-і сатысы, құқықтық институттар болып табылады. Құқық институты – белгілі - бір қоғамдық қатынасты реттеуші тәртіпке салынған нормалар. Құқық институты заң нормалары салаларының жиынтығымен салыстырғанда анағұрлым төмендірек. Әрбір құқық саласынан көптеген құқық институттарын бөліп көрсетуге болады. Мысалы, еңбек құқығы бойынша еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқық бойынша талаптың ескіруі институты, отбасы құқығы - неке институты, ұл (қыз) асырап алу институты т.б. халықаралық құқықта консулдық институты, елшілік институты т.б. Құқықтық институттың үш негізгі белгісін көрсетеміз:
1) құқық нормаларының заңды түрдегі теңдігі;
2) қоғамдық қатынастың нақты анықталған бір саласының жағын реттеуі;
3) құқықтық институтты құрайтын нормалардың, заңдардың және басқа нормативті құқықтық актілердің тарауларға, бөлімдерге, бөлімшелерге жіктелуі.
Құқық жүйесінің бұл үшінші сатысы құқықтың әртүрлі салаларға бөлінуін көрсетеді. Құқық саласы – бұл қоғамдық қатынастарының нақты анықталған саласын реттейтін нормалар тобы. Мұндай қатынас саласын реттеуде өзіне тән арнайы әдіс – тәсілдерді пайдаланады. Құқық салаларын конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, азаматтық іс жүргізу құқығына және т.б. құқықтарға бөлеміз.
Барлық ғылым салалары сияқты құқық саласының негізгі белгілері мыналар:
- әрбір саланың өзіне тән пәнінің бар болуы;
- өз заңы, өзіне тән кодекстелінуі;
- құқықтық нормаларды мүлтіксіз орындауға бағытталған мемлекеттік – құқықтық шаралары, құқықтарды және міндеттерді іске асыру әдістері белгіленген құқық субъектілерінің құқықтық жағдайларын реттеуші ерекше заң тәртібінің болуы.
Осы белгілердің барлығы құқық саласының түрлерін анықтайды.
Құқық салаларын мынадай топтарға жинақтаймыз:
1-і топқа, негізгі құқықтық тәртіпті қамтыйтын базалық салалар жатады. Барлық құқық жүйесінің үстінен қарайтын конституциялық құқық, одан кейін материалдық сала – азаматтық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық және соларға сай іс жүргізуші саласы – азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу құқықтары жатады.
2-і топқа, құқықтық тәртіптің қалыптасқан қоғамның маңызды жақтарын қамтыйтын арнаулы салалар жатады. Оларға еңбек құқығы, жер құқығы, қаржы құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, отбасы құқығы, еңбекпен түзеу құқығы т.б. жатады.
3-і топқа, әртүрлі институттардың комплексті салалары жатады. Бұл сала шаруашылық құқығын, аграрлық, экологиалық,сауда, прокурорлық бақылау, теңіз, өзен құқықтарын қамтыйды.
Құқықты салаларға бөлу екі негізгі бөлікті анықтайды: құқықты реттеу пәні және әдісі.
Құқықты реттеу пәні – заң нормаларының арасында ерекше байланыс жүйесін құрайтын, құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынастар. Құқықты реттеу пәні белгілі – бір сала бойынша негізгі құқықтық нормаларды топтастырады. Құқықтық құрылымына қарай оларды айырып береді. Мысалы, мемлекеттік органдардың құрылымына байланысты қатынастар немесе халыққа білім беру саласына байланысты қатынастар. Еңбек қатынастары - еңбек құқығын реттеу пәні ретінде жүреді, отбасы қатынастары - отбасы неке құқығы пәні ретінде т.б.
Қосымша өлшем ретінде құқықтық реттеу әдісін қолданамыз.
Құқықтық реттеу әдісі – бұл мемлекет тарапынан біртекті қоғамдық қатынастарға құқықтың әсер етудің әртүрлі құқықтық тәсілдерінің жиынтығы. Бұл тәсілдер құқықтық нормалар құруда пайдаланылмайды. Олар әрбір құқық саласында қолданылатын құқықтық реттеу әдісіне байланысты анықталады.
Теориялық жүйеде бірнеше негізгі құқықтық реттеу әдісін көрсетеміз:
1-сі, автономиялық немесе диапозитивті әдіс, бұл меншік құқығы саласында қолданылады; 2-сі, жария құқық шеңберінде қолданылатын авторитарлы әдіс.
Автономиялық әдіс – бұл қоғамдық қатынасқа қатысушылардың заң шеңберіндегі бір – бірімен ара қатынасындағы іс - әрекеттерін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруі. Бұл жағдайда екі жақ тең құқықты субъект ретінде көрінеді. Олардың ерікті түрде келісімге келе отырып, бір-біріне деген міндеттемені алуы. Мысалы, акционерлер бір – бірімен қатынасқа құрылтай шарты арқылы түседі.
Авториталы әдіс немесе императивті әдіс құқық қатынасқа түсуші субъектілердің нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болу тәртібі, тиым салу, жазалау негізі түрінде пайда болады. Мысалы, мемлекеттік билік органдарына, сот органдарына сайлау құқығы, әкімшілік іс-әрекетке жауаптылық, жасалған қылмысқа қылмыстық жауаптылық, салық жинау тәртібі т.б.
Негізгі әдістердің біріне көтермелеу әдісі жатады. Ол заңға лайықты жүріс-тұрысты марапаттау әдісі.
Келесі негізгі әдістердің бірі – ұсыныс әдісі. Бұл қоғам мен мемлекет үшін қажет ұсынылатын кеңес әдісі. Бұл пайдалы мінез-құлық пен іс-әрекет түрлерін ұсынады.
Заң құқық сияқты өзінің ішкі құрылымына байланысты өз жүйесін құрайды.
Заңның құқықтан мынадай айырмашылықтарын атап кетеміз:
а) құқық жүйесінің негізгі элементі норма болса, ал заң жүйесінің негізгі элементі нормативті акті болып саналады.
ә) құқық жүйесі мазмұны жағынан жинақталса, ал заң жүйесі форма түрінде көрінеді.
б) құқық жүйесі қоғамдық қатынастарға сай шынайы түрде қалыптасса, заң жүйесі заң шығарушыға байланысты жасалынады.
в) құқық жүйесі бастапқы мәнге ие болса, ал заң жүйесі туынды болып саналады.
г) құқық жүйесінің заң жүйесінен көлемі жағынан да айырмашылығы болады.
Заң жүйесі тек заңдарды жинақтап реттесе, ал құқық жүйесі құқықтық салт – дәстүрлерді, нормативті актілерді, заң прецедентін қамтыйды. Сонымен бірге, нормаларымен қатар тараулардың, бөлімдердің, басылымдардың аттарын, преамбуланы т.б. өзіне енгізеді.
Мемлекеттегі заңдарды дұрыс пайдалану үшін әртүрлі құқықтық нормалар мен құқықтық актілерді белгілі бір жүйеге жинақтайды. Заңдарды жүйелеу – бұл тәжірибеде лайықты пайдалану үшін нормативті актілерді ретке келтіру.
Заңдарды жүйелеудің негізгі үш түрі бар: 1) инкорпорациялау; 2) консолидациялау; 3) кодификациялау.
1.Инкорпорациялау – бұл белгілі тәртіппен нормативті материалдарды біртұтас жинаққа біріктіру және жинау. Ол алфавиттік, хронологиялық, субъектілер бойынша болуы мүмкін.
Инкорпорацияда нормативті материал толық немесе жеке бөлімдері бойынша әртүрлі жинақтарға енгізіледі. Бұл жағдайда актілердің мазмұны сол күйінде қалып, тек сыртқы көрінісі ғана өзгеріледі. Мұнда құқықтық нормалар одан алынып қайта қарауға жатпайды.
Инкорпорация – ресми, одан хронологиялық және тақырыптық және бейресми болып бөлінеді. Олардың әр қайсысының өз ерекшіліктері бар.
Ресми инкорпорацияның қайнар көзі мемлекет органдарынан шығатын ресми заң актілері. Бұл хронологиялық және пәндік болып бөлінеді. Бұлар ресми түрде жарияланған нормативті құқықтық актілердің арнайы тәртіпке келтірілуі. Пәндік ресми инкорпорация – жүйелеудің күрделі түрі. Ол мемлекеттік билік және басқарудың жоғарғы органдарының іс-әрекетіндегі нормативті актілерінің жинағы. Бұл қатал принциппен жинақталған тақырыптық бағыттағы жинақ.
Бейресми инкорпорацияға ведомстваларда, ғылыми мекемелерде басылатын, құқық шығармашылық орган тарапынан арнайы өкілеттілікке ие болмаған, бірақ өз ұсыныстары бойынша жүргізіліп, басылған жинақ жатады. Бұл жинақтар құқықтың қайнар бастауы ретінде саналмайды.
2.Консолидациялау – бұл қабылданған актілерді, олардың мазмұнын өзгертпей бір жүйеге біріктіру. Мұнда әрбір енгізілген акті өз маңызын жоғалтады. Бұл енгізілген нормативті актілердің қызмет түрінің белгілеріне қарай жинақталады. Мысалы, табиғатты қорғау, білім беру, денсаулық т.б.
3.Кодификациялау – бұл нормативті құқықтық актілердің мазмұнының өзгеріліп, біртұтас жүйеге біріктірілуі. Кодекстеу процесі кезінде ескірген нормалар, қайшы келетін материалдар алынылып тасталынып, жаңа нормативті акті жасалынады. Дәстүрлі ірі жинақталған акті кодекс болып табылады. Ол біртекті қоғамдық қатынастарды жан-жақты реттеуге арналады. Кодекстеу салалық және арнаулы болып екіге бөлінеді. Мысалы, салалыққа Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексі, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі т.б. жатады.
Арнаулы кодекстерге Қазақстан Республикасы Су кодексі, Қазақстан Республикасы Орман кодексі т.б. жатады.