1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Әлемдік саясат,сыртқы саясат Әлемдік саясат



бет11/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
1. Ìåìëåêåò æ?íå îíû? íåã³çã³ áåëã³ëåð³ æ?íå àò?àðàòûí ?ûçìåò³

14. Әлемдік саясат,сыртқы саясат
Әлемдік саясат деп мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік кауымдастықтың өміріне катысты шешімдерді шығару , қабылдау және оларды жүзеге асыруды мемлекеттердiң тубегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды камтиды . Сонымен қатар бұл тақырыпта жиі кездесетін , мағына жағынан жақын үш ұғым бар . Олар – сыртқы саясат , халықаралық саясат , халықаралық қатынастар . Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайын. Жалпы Бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген . Бірақ олардын арасында айтарлықтай айырма бар . Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін курайды .Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердiң дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс – әрекеттері жатады . Халықаралық саясатқа мемлекеттiк не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер , жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді . Халықаралық қатынастар деп халықтар , мемлекеттер , мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси , экономикалық , құқықтық , дипломатиялык , әскери , мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік , экономикалық , саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарынын жиынтығын айтады . Бұл айырмашылыктар , бiрiншiден , халықаралық қатынастарға қатысушылардын , оларды іске асырушылардың ( субъектілердiн ) көбеюіне байланысты . Мысалы , сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді . Ал халықаралық саясатка мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар , әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар катысуы мүмкін . Екіншіден , халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардын негізгі , түпкі бастамасы . принциптері қаланады . Бұл бағыт бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады . Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық – саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік . Бірак халықаралық қатынастарда негізгі ролдi мемлекет атқарады . Себебі , ол белгiлi бiр әлеуметтік топтын немесе саяси ұйымнын емес , жалпы қоғамның мүддесін қорғайды . Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргiзгенде келісім – шарттар жасау , соғыс ашу және т.б занды түрде іске асыруға өкілдіктер берiледi .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет