1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі



бет7/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Байланысты:
1. Ìåìëåêåò æ?íå îíû? íåã³çã³ áåëã³ëåð³ æ?íå àò?àðàòûí ?ûçìåò³

Сыртқы саяси дағдарыстар халықаралық қайшылықтар мен қақтығыстардан туындайды және бір емес бірнеше мемлекетке әсер етеді.

8. Саяси сана түсінігі,мәні және деңгейлері.


Саяси сана адамдардың саяси өмірді түсініп , сезінуі . Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды , көзқарастарды , мақ сат – мүдделерді ұғынуы , саяси билікке қатынасуы жатады . Олар адамның іс – әрек етіне , әр түрлі жағдайда өзін – өзі ұстауына тікелей әсер етеді .
Саяси сана – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін , оларды түсiнiп – сезінетін , адамдардың бұл саладағы iс – әрекеттеріне бағыт – бағдар беретін әлеуметтік сезiмдер , тусiнiктер , кезқарастар жиынтығы . Яғни , адамдардың саяси емiрдi түсiнiп , сезiнуi . Оған ен алдымен қоғамдағы саяси идеяларды , көзқарастарды , мақсат – мүдделерді ұғынуы , саяси билікке қатынасуы жатады . Саяси сана , әрине , саяси болмыспен тікелей байланысты және соған тәуелді , бірак жай ғана оның сұлык кешiрмесi немесе енжар бейнесі ғана емес . Ол саяси болмыска , тәжірибеге белсенді әсер етіп , қоғамдық саяси үдерістердің дамуын болжай отырып , одан озып та кете алады . Саяси санаға рационалдық та иррационалдық та элемент жиынтығы жатады.
Саяси сана атқаратын қызметтері:
танымдық қызметі : саясат саласының әр түрлі қыр – сырларын танып – білуге деген муктаждық; идеологиялық қызметі мемлекетті , ұлтты , саяси партияны билiкте қол жеткен шептердi берiк ұстап , сактап калуга топтастыру қажеттілігі ; коммуникативтік қызметі: саясат субьектілерін билік институттарымен өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметi; болжамдык қызметі : саясат субьектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауга , соган орай саяси максаттар қоя білуге деген қабілеттілігі ; тәрбиелік қажеттілік: белгілі мақсат – мұраттарга сай саяси мінез – құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.
Жүйелі құрылым ретіндегі саяси сананың өз деңгейлері бар . Олар: қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана , саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Ең төменгісі – оның қарапайым деңгейі , яғни адамдардың күнделікті өмірде туындайтын саяси көзқарастары , пікірлері , соларға байланысты сезімдері , жай – күйлері . Қалыптасып жүйеге түспеген , кунделiктi саяси өмірден туған әдет – ғүрып , дағды , дәстүрлі нанымдар , тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Саяси ахуалға орай ол тез өзгеріп , құбылып отырады.Саясаттың тереңіне бойламай , себеп – салдарын сараламай , көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды . Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Одан кейінгісі – субъектілердің саяси үдерістерге тікелей қатынасынан , саяси – тәжірибелік іс – әрекетінен туындайтын эмпириялық деңгей ; бұған саяси құбылыстарды қабылдаудан туатын сезімдер , елестер , күйзелулермен қатар ИНДУКТИВТIК қорытындылар жатады .Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір – біріне ықпал етеді . Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды , оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады. Саяси сананың жоғары деңгейі – саяси идеяларға , тұғырнамаларға негізделген көзқарастарды құрастыратын теориялық деңгей . Теориялық деңгейдегі саяси сана саяси мақсаттар мен міндеттерді , оларға қол жеткізудің әдістері мен құралдарын анықтауға , саяси шешімдер мен бағдарламаларды қалыптастырып , олардың іске асуын бақылауға жол ашады.

9. Қорқыт ата,Ж.Баласағұн,А.Яссауидың саяси ойлары мен көзқарастары.


Қорқыт-YIII ғасырда сырдария бойын мекендеген қыпшақ оғыз тайпаларынан шыққан атакты жырау , дарынды күйші және ойшыл философ болған . Қорқыт жайында 12 дастаннан құралған ( Китап дадам қорқыт ) кітаптың екi көшiрмесi бар оның бiрi Ватикан ( Рим ) , екіншісі Дреден қалаларының кітапханаларында сақталған . Ол ез емiрiнде Алтай , Ертіс , Ұлытау , Кiшiтау , Есіл , Нұра , Сарысу , Талас , Сайрам , сыр , Қаратау , Жетісу өлкелерін билеген үш ханга – инал , Кул – еркін , Қаңлы кожа , сияқты хандарға ақылгөй уәзір болған . Ол ата – баба жасаған мекенді жаудан қорғау , жер – суды белгiлi тәртiппен пайдалану , дау – жанжалдарды ақылмен шешу , қылмысты амалдарды жазалау , әскери күштердi оң және сол деп екі канатка бөлу , әлеуметтiк жора ( заң – тәртіп ) жасаған. Ол – « өмір барда өлім бар , өзгеру бар , өлмес өмір жоқ сынбас темір жоқ , бәрі де өледі , өзгереді , ұмыт болады , тек мәңгі – бақи өлмейтін , ұмытылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі « - дейді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет