1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Жүсіп Хасхаджиб Баласагуни



бет8/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
1. Ìåìëåêåò æ?íå îíû? íåã³çã³ áåëã³ëåð³ æ?íå àò?àðàòûí ?ûçìåò³

Жүсіп Хасхаджиб Баласагуни 1021-1075 ) – аты әлемге әйгілі ақын , фәлсафашы , қоғам қайраткері болған . Оның өмірбаяндық деректері аз . Жүсiп туралы мағлұматтарды бiз онын негiзгi еңбегi « Құтадғу білік « ( « Бақытқа жеткізуші бiлiк « , кейбіреулер « Бакыттылық жәйлі ілім « деп те аударып жур ) дастанынан білеміз . Бұл еңбектің ерекшелiгi – ол сол кездегі ресми араб тілінде емес , өзінің ана тілі түрік тілінде жазылғандығы . Ол , бiрiншiден , араб , парсы тілдін Жүсіптің өз еліне , өз тiлiне деген сүйіспеншілігін , ұлтжандылығын білдірсе , екіншіден , сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне ( династиясына ) түсінікті болу үшін жазылса керек . Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады . Сондықтан « Құтад гу бiлiкте « мемлекетті орталықтандыру , оның бірлігі , мемлекеттi баскару мәселелеріне басым көңіл бөлінген . Ол – тек саяси трактат кана емес , онда өмірдің мән мағынасына , адамның тағ дыры , оның қоғамдағы орны мен рөлі , халықтың мінез – құлқы , салт – санасы , әдет – ғұрпы және т.б көзқарастар жинакталган үлкен шығарма . Ол шындыққа , бакытка жетудің адамгершiлiк жолдарын іздейді . Әдiлет , акыл , рақымдылықты жырлайды . Өмірде әділ занды , еркіндікті аңсайды .
Қожа Ахмет Йассауи ( 1093-1157 ) Оның басты шығармасы « Диуани Хикмет « ( “ Даналық кітабы « ) . Ол еңбегінде әділдікті , имандылықты шыншылдықты , мейiрiмдiлiктi жырлайды . « Ғаріп пакыр , жетімдердің көңілін көтер , Қамқоршы бол , жаныңды да пида етер « , - деп кара халық тың қамқоршысы болуға , адамгершілікке шақырады . « Көңіл бөлмей дуниеге адамдыктан кешіндер , Хакты сүйген адал құлдар халайыкпен бір болар « , - деп адал басшы халқымен бiр болып , соның тiлегiн тiлеу керектігін баса айтады . « Ей , мұсылман , тағат қылсаң , танбағын , Faзиз жаның – аманаты Алланың . Харамдықпен , ұқ , жиған мал – жалғанын , Қарыш атты жылан қылар малыңды ” , -деп дүниеқорлық , байлық сонына түспеудi , арамдыкпен мал жимауды уағыздайды , парақор әкімдердің о дүниеде тартар жазасын естеріне салады.
10. Қазіргі замандағы элитаның концепциялары . В.Парето , Г.Моска Р.Михельс.
Гаэтано Моска ( 1854-1941 ) .Г.Моска концепциялары: барлық қоғам екі топқа бөлінеді(басқарушы элита және бағынушы болып);басқарушы топтар заңды және заңсыз әдістерді қолдану арқылы билікті монополиялайды; элитаның үстемдігі барлық қоғамда бар.
Гаэтано Моска ұйымдастырушылық тәсіл негiзiнде саяси үстемдiктi талдады . « … келiсiлген және біркелкі әрекет етушi адамдар арасында келiсiм жоқ мың адамды жеңеді … « . Саяси сыныпқа кіру ерекше қасиеттер мен қабілеттердің болуын көздейдi . Бiрақ элитаға іріктеу үшiн ең маңызды критерий – басқару қабілеті , халықтың менталдығы , оның ұлттық сипаты туралы бiлiмiнiн болуы . Элитаны жаңартудың үш тәсiлi : мұрагерлік , сайлау немесе кооперация ( кандай да бір органның құрамын жаңа сайлау өткiзбей жетiспейтін қызметкерлер толықтыруы , жаңа мүшелердi ерiктi түрде енгізу ) . Басқарушы сыныптың дамуындағы үрдістер : осы сынып өкілдерінің өз функциялары мен артықшылықтарын мұралық етуге ұмтылысы , екiншi жағынан – жаңа күштердi ескiлерiн ауыстыруға ұмтылысы . Егер бiрiншi үрдiс ( аксуйектік ) басым болса , онда билеушi класс жабық болады және қоғамның стагнациясы болады . Саяси билікті беру принципіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет