Карл Маркс( 1818-1883 ) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады . Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бiрлiгi болып табылатын мате риалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік , саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді.Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терең деп келе жаткан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады , ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып бередi деген. Екiншi жаңалығы – капиталистік канаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы iлiм болды .Дж.Локк табиғи құқық теориясын қайтадан сараптап шыққан философ . Және де Антик дәуiрi мен Орта ғасыр ойшылдарының көзқарастарынан озгеше жаңа дәуір адамының табиғатына тән табиги құқық теориясын жазып шығарған. Оның саяси – әлеуметтік көзқарастары , оның таным теориясымен тығыз байланыста дамыды Оның « Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе атты еңбегі мораль , қоғам , дін , мемлекет , құқық т.б. сұрақтарға ізденіс ретінде жазылған алғашқы еңбектерiнiң бiрi болатын . Ойшылдың кезқарастарының ішіндегі ерекше орынга ие болатыны – табиғи құқық теориясы . Сондықтан оның мемлекет және қоғам , табиғи құқық , жалпы философиялық және таным туралы ілімдерінен жеке карастаруға болмайды . Себебі философиялық және таным туралы көзқарастарының негiзiнде ғана оның саяси – әлеуметтік көзқарастарын толық меңгеруге мүмкін болады.
6. Сыртқы саясат ұғымы,мақсаты,жүзеге асу формалары,әдістері,құралдары.
Сыртқы саясат бұл мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізілген саясаты. Ұлттық мүддеге негізделген. Ол халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым - қатынасты реттеуші болып табылады.
Жалпы сыртқы саясат мемлекеттегі ішкі сыртқы факторлар ықпалы әсерінен қалыптасады.
Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері мемлекеттер арасындагы дипломатиялық қатынастарды орнату , мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкiлеттiлiгiн ашу немесе оларға мүше болу ; мемлекеттің басқа мемлекет өкiлдерiмен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы . Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал– екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер болып табылады.