1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны



бет32/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Байланысты:
1. Ìåìëåêåò æ?íå îíû? íåã³çã³ áåëã³ëåð³ æ?íå àò?àðàòûí ?ûçìåò³

37. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны.

Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі ол қоғамда тұрып тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет жасауы керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерді амал-айла қулықтың құлы болып кетеді оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді.Азаматтардың көпшілігі саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір аламның дара әкімшілігін негізделген үкімет жүйесінен қатал деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың эканомикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс. Белгілі дәрежеде ғылым пәнінің өзінде алдын ала анықталғандық пен тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды-логикалық негізі тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған қалыпта болады. Кез келген ғылым пәнінің бірден дайын күйінде берілуі мүмкін емес, ол пайда болудың, қалыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек, өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идеалды конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге бөлінуінің, тармақталуының негізінде ғылыми білімдердің жалпы жүйесінің шеңберінде іске асады. Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқилы жүйелерінде қалыптасып дамыды: тарихи ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс-әрекеттерінің тарихы қарастырылады; заң ғылымдарында мемлекеттік құқықты зерттейтін ғылыми іс-әрекет ретінде; философияда саяси қатынастар мен биліктің дүниетанымдық, моральдық-этикалық, әлеуметтік, психологиялық негізін көрсететін рефлексия ретінде қарастырылады. Қазіргі кезде адамзат проблемалық аспектілердің көлемінің кеңдігін ескере отырып саясатты, саяси шешімдер мен іс-әрекеттерді аса мол әлеуметтік маңыздылығына және оған баламаның жоқтығына байланысты бірінші орынға шығарды. Саясаттану – саясат туралы, яғни мемлекеттік және қоғамдық істер туралы ғылым (гр. Рolitixa – мемлекеттік және қоғамдық істер). Алайда бұл терминологиялық анықтама саясаттану пәнінің мәнін толық аша алмайды. Бұл терминнің мазмұны белгілі дәрежеде ғылыми зерттеу объектісін, ғылым пәнінің іздену аясын көрсетеді. Саяси білімдердің басқа да жүйелері секілді саясаттанудың да зерттеу объектісі саяси шынайылық. Қазіргі қоғам – күрделі құрылым, көпбейнеліліктің бірлігі мен экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалардың өзара әрекет ретінде қызмет ететін нақтылық. Бұл салаларды бөліп көрсету – қоғам өмірінің ғылыми-теориялық бейнесінің қажетті алғышарты. Қазіргі уақытта ТМД елдерінде саясаттану ғылым ретінде даму үстінде, ал бұл саяси білімдер жүйесін сапалы түрде жаңарту, төл ғылыми-теориялық, методологиялық негіздерін жасау қажеттілігін көрсетіп отыр. Өткендегі қоғамтанудың методологиялық, дүниетанымдық және жалпытеориялық негізі тарихи материализм болғаны белгілі. Нақты әлеуметтік пәндер үшін ол жалпы әлеуметтік теория есебінде болса, саяси білімдер жүйесінде жалпы саяси теория қызметін, яғни белгілі дәрежеде саясаттанудың қызметін атқарды. Бұл жағдайдың қоғамтанудың қоғам туралы объективті ғылыми білімдер жүйесі ретінде дамуына кедергі келтіретін теріс жақтары да болды. Өйткені ғылым дүниетанымдық қағидаларды басшылыққа алып, тым идеологияландырып жіберілген еді.Саяси білім идеологиялық құндылықтарды, қағидаларды тәжірибелік әрекетке көшірілгендіктен, оны тікелей жүзеге асыру жеңілдеді.
Қазіргі жағдайда саясаттанудың дамуы қоғамның сапалы түрде жаңаруына көмектесетін саяси мәдениеттің қалыптасуы мен өркендеуі үшін қажет. Қоғамның сапалы түрде өзгеруі азаматтардың саяси белсенділігінің нәтижесінде мүмкін болады. Бұл белсенділік елде әрқилы саяси ағымдардың пайда болуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет