1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, Саясаттанудың пәні мен объектісі



бет33/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46
Байланысты:
1. Ìåìëåêåò æ?íå îíû? íåã³çã³ áåëã³ëåð³ æ?íå àò?àðàòûí ?ûçìåò³

38. Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, Саясаттанудың пәні мен объектісі.
Бүкіл әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Сондықтанда кәсіби мамандығына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрбір адамға қажет деп тұжырымдау орынды, өйткені ол қоғамда өмір сүріп отырып, басқа адамдармен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайды. Саясат туралы білім алу қоғамдағы өзінің алатын орны мен атқаратын рөлін түсінуі, өз қажеттерін басқа адамдармен бірлесе отырып жақсырақ қанағаттандырғысы, оларды мемлекет ауқымында іске асырудың мақсаттары мен құралдарын таңдап алуға ықпал жасағысы келетін әрбір адамның мүдделеріне сай келеді. Ал саясатты түсінбеу және оны әдейі елемеу келеңсіз зардаптарға ұрындырады, адам тіршілігінен шектеп қалуға, ал ең қиын жағдайда оның негіздерін өзіне қатер төнуіне апарып соғады. Дүниежүзілік қауымдастықта және Қазақстанда қалыптасып отырған тарихи жағдай саяси білімдер деңгейіне, әрбір азаматтың белсенді саяси тәжірибиеге араласудың дәрежесіне біздің өміріміздің, біздің ойлау жүйеміздің, саяси іс-әрекетіміздің іс жүзінде байланысты екенін дәлелдейді.

Саясаттану адам және қоғам туралы өзге де ғылымдар сияқты адамның білімін қалыптастыруға, өткенді, қазіргіні, келешекті дұрыс түсініп, орнын анықтауға көмектеседі.

Саясаттану сөзі гректің «политика» және «логос» деген сөздерден шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясат термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымдармен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген.

Дәстүрлі түсінік бойынша саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік сирек ұштасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүшелері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.

Саясат — өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және комуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.

Саясаттанудың объектісі – мемлекет, билік, билік қарымқатынастары.

Саясаттану пәні қоғамның саяси санасын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастырып, басқаруды, оның құрлысы мен сан-алуан қызметтерін зерттейді. Ол адамзаттың қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастыру жолдары, қазіргі заманғы сан түрлі саяси идеалық көзқарастар, саяси сананың дамуы туралы, дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол өткендегі және қазіргі саяси жүйелерді, адамдардың санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ал, бір жағынан жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Қорыта айтқанда саясаттану дегеніміз – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.


Саясаттундың зандары мен принцип-тері, категориялары мен тәсілдері. Саясаттанудың заңдарын үш топқа бөлуге болады. 1. Саяси-экономикалық заңдар. 2. Әлеуметтік заңдар. 3. Саяси психологиялық заңдар.

Саясаттану өзінің танымдық процесінде мынандай негізгі принцип-терге сүйенеді:




  1. Саясаттану қоғамның саяси өмірін үнемі қозғалыста болатын құбылыс ретінде қарастырады.



  1. Саяси өмірді үнемі қайшылықта болатын процесс ретінде тану принципіне негізделеді.




  1. Саясаттану саяси құбылыстардың, жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын мойындау принципіне негізделеді.

Бұл бүкіл қоғамдық саяси процесті бірбүтін қозғалыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, саясаттану ғылыми танымның мынандай жалпы философиялық принциптеріне де сүйенеді: тарихи-логикалық сабақтастық принциптері, абстракциядан деректілікке өту; жалпының, ерекшенің және жекешенің диалектикалық бірлігі принциптері.

Саясаттанудың ғылым ретінде өзінің категориялары жүйесі бар. Категориялар дегеніміз әр ғылымның бүкіл құрылымдық табиғатын айқындауда, түсіндіруде қолданатын негізгі ұғымдар тізбегі.

Саясаттанудың негізгі ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: саясат, саяси өмір, саяси жүйе, саяси процесс, саяси қозғалыс, саяси ұйымдар, саяси мүдде, саяси партия, саяси билік, саяси институттар, саяси қатынас, саяси құндылық, саяси нормалар, саяси субъект, саяси объект, саяси сана, саяси мәдениет, саяси этика, мемлекет, саяси право, саяси үстемдік, саяси конфликт, саяси ымыра, саяси статус, саяси күрес, саяси бостандық пен теңдік, саяси жауапкершілік, саяси талғам, саяси болжам, саяси плюрализм, саяси тәжірибе, саяси мінез-құлық, саяси дағдарыс, саяси тұрақтылық, саяси пікір, саяси іс-әрекет, саяси эмоция, саяси элита, саяси көсем т.б. Саясаттанудың танымдық мүмкіндіктері оның ұғымдық (категориялық) аппаратының қалыптасуы және дамуымен ғана байланысты емес, сонымен бірге саясаттанудың жаңа білімдерді алу тәсілдерімен де байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет