4.Тақырып. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілер.
1.
Мемлекеттік қызметтің түсінігі
2.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
1. Мемлекет қызмет туралы заңдар ҚР Конституциясынан, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңынан және
республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. (2-бап).
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы 1999 жылдың 23 шілдеде қабылданып,2000жыл 1 қаңтардан
бастап күшіне енді; ал 2001 жыл 4 маусымда; 2003 жыл 25 қыркүйекте өзгертулер мен толықтырулар
енгізілді. Мемлекеттік қызмет туралы заң 8-тараудан және 30-баптан тұрады.
Пайдалынатын негізгі терминдер: мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, әкімшілік
мемлекеттік қызметші, саяси мемлекеттік қызметші, әкімшілік жазалар.
6
Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында
конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге
де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі.
Мемлекеттік қызметтің негізгі белгісі ретінде – оның заңға қатаң бағынуы арқылы жүзеге асуын
көрсетуге болады. Мемлекеттік қызмет белгілі бір принциптер негізінде құрылады, бұл принциптер заңның
3 бабында көзделгенген және бір-бірімен тығыз байланысты болады. Оларға:
- заңдылық принципі, мемлекеттік қызметшілердің ранг, өзге де дәрежесіне қарамастан заң
алдындағы теңдігі. Заңнан кішкене болса да алшақтық азаматтың құқықтары мен заңды мүдделеріне, бүкіл
қоғам мен мемлекет мүддесіне елеулі залал келтіреді.
- қазақстандық патриотизм.
- мемлекеттік биліктің 3-ке бөлінуіне қарамастан, мемлекет қызмет жүйесінің біртұтастығы.
- азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекеттік мүддесі
алдында басымдығы яғни азаматтар мүддесінің мемлекет мүддесінен әрқашан жоғары екендігін айғақтайды.
- мемлекет қызметтің жалпыға ашықтығы, қол жетімділігі; өздерінің қабілеті мен кәсіби даярлығына
сәйкес азаматтардың оған кіруге тең құқылығы.
- азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге еріктілігі.
- өз өкілеттіктері негізінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
қабылдайтын шешімнің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі.
- мемлекеттік қызметшінің бақылауда болуы және есеп беріп отыруы.
- барлық азаматтар мен лауазымды адамдар үшін мемлекеттік қызметшілердің заңды талаптарын
орындаудың міндеттілігі.
- мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын өзге де құпия боп табылатын қызметті қоспағанда,
қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру.
- мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы.
- мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды не
күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
- мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және
өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауапкершілігі.
- мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
- мемлекет қызметшілерінің қызмет перспективасы.
-мемлекеттің қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу
2. Заңның 1-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметші деп - мемлекеттік органда заңдарда
белгіленген тәртіппен республикалық не жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы
төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында
лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз.
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттеріне 9-бапта карастырылган.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары 8-бапта айтылган.
3. Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі заңның 3-тарауында қарастырылған. Жалпы мемлекеттік
қызметке кіруге кез-келген республика азаматтарының құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына
кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады. Ал шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республика заңдарына және халықаралық шарттарына сәйкес
мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар, ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы болуы,
жасы 18-ден кем болмауы тиіс. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін білімі мен кәсіби даярлығы, жұмыс
стажы болуы шарт. Азамат мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына салық салу
объектісі боп табылатын өзінің алған табыстары мен өзіне меншік құқымен тиесілі мүлігі туралы
мәліметтерді табыс етуге міндетті. Мемлекеттік қызметте болудың шекті жасы 60 жас. Мемлекеттік
қызметшілер кемінде 3 жылдан бір аттестациядан өтеді. Егер аттестациялық комиссия мемлекеттік
қызметшіні атқаратын қызметіне сай емес деп шешкен болса, ол кәсіптік қайта даярлауға жіберіледі немесе
лауазымы төмендетіледі. Жоғары, бірінші және екінші категориядағы мемлекеттік лауазымдағы
мемлекеттік қызметшілер аттестациялауға жатпайды.
4. Мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді атқармағаны, лауазымды
өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны, сондай-ақ заңдағы
шектеулерді сақтамағаны үшін:
1/ ескерту;
2/ сөгіс. 3/ қатаң сөгіс;
4/ қызметіне сәйкес келмейтіні туралы ескерту;
5/ атқаратын қызметінен босату түрінде тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшілер
қылмыс және өзгедей құқық бұзушылық жасаған жағдайда заңдарда белгіленген негіздер мен тәртіп
бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік және материалдық жауаптылыққа тартылады.
7
5.Тақырып. Басқарудың құқықтық актілері.
1.
Басқарудың құқықтық актілерінің түсінігі
2.
Түрлері
3.
Құқықтық актілерді дайындау, талқылау, ұсыну
Басқарудың құқықтық актілері – атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың белгіленген
тәртіппен шығаратын, мемлекеттік биліктік сипаты бар, басқару қатынастарын реттейтін немесе нақты
басқару ісін шешетінзаңға тәуелді заңды актісі.
Басқарудың құқықтық актілері атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың заңдардың
орындалуын қамтамасыз ету қызметімен тығыз байланысты болады, сондықтан да олардың актілері
құқықтық сипатта болады. Атқарушы билік органдарының құқықтық апктілерді шығаруы басқару
міндеттерін жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды. Сонымен, басқарудың құқықтық актілері атқарушы
биліктің мақсаттарын жүзеге асырушы маңызды құралы болып есептеледі.
Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері.
Басқарудың құқықтық актілерін әртүрлі негіздер бойынша жіктеуге болады: заңдық қасиеттері
бойынша, әрекетр ету мерзімі бойынша, әрекет ететін аумағы бойынша, құзіретінің сипаты бойынша,
аттары бойынша, көрініс сипаты бойынша, күрделілік деңгейі бойынша, қабылдау тәртібі бойынша.
Басқарудың құқықтық актілерін құзіретінің сипаты бойынша мынадай 3 түрге бөлуге болады:
1) жалпы актілер;
2) салалық актілер;
3) салааралық актілер;
Жалпы құқықтық актілер ҚР-ның Конституциясына және басқа да заңдарына сәйкес атқарушы билік
органдарының құрылымын, билік субъектілері мен атқарушылардың мінез-құлық ережелерін бекітеді.
Жалпы актілердің ішіндегі неғұрлым маңыздысы – ҚР Президентінің актілер. ҚР Президентінің актілері
негізінде Үкіметтің және атқарушы биліктің өзге де органдарының қызметінің тәртібі және құқықтық негізі
құрылады, яғни олар құрылтайшылық сипатта болады.
Аттары бойынша бұл актілер: жарлықтар, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, нұсқаулықтар,
шешімдер, ережелер болып бөлінеді.
1.
Құқықтық актілерді дайындау, талқылау және ұсыну тәртібі.
Құқықтық актілер 2 жағдайда дайындалып, талқыланып, қабылданады:
1) оның қабылдануы жоғарғы нормативтік құқықтық актіде тікелей көрсетілген жағдайда;
2) мұндай актіні қабылдау қажеттілігі туған жағдайда.
Егер жаңа актіні қабылдауға неіз бар болса, онда оның жобасы, нақты орындаушылары, қаржылық-
экономикалық негізділігі анықталады. Жаңа актіні бастаушылар мыналар болуы мүмкін:
- осындай акт қабылдауға өкілеттігі бар орган;
- басқарудың төменгі органы;
- басқа да мүдделі субъектілер;
Құқықтық актілердің төмендегідей реквизиттері болуы тиіс:
- атауы;
- реттеу пәнін қысқаша түсіндіретін кіріспе;
- қабылданған күні мен орны;
- қол қоюға тиісті адамның қолы;
- заңды күшіне ену мерзімі, ал қажет жағдайда әрекет ету мерзімі.
2.
Құқықтық актілердің күшіне енуі, өзгеруі, күшін жою негіздері.
Құқықтық акт ресми түрде жарияланған кезден бастап не актіде тікелей көрсетілген кезден бастап күшіне
енеді. Құқықтық актіге өзгертуді оны қабылдаған орган немесе лауазымды тұлға енгізеді. Құқықтық актіні
тоқтату:
- тұтас не бір бөлігін тоқтату;
- ҚР бүкіл аумағында не белгілі бір аймақта;
- белгілі бір қызмет түріне байланысты немесе мемлекеттік орган қызметін тұтас тоқтату болуы мүмкін.
Құқықтық акт мынадай жағдайда күшін жояды:
- оны қабылдаған орган актіні күшін жойды деп тапса не басқа акт қабылдаса;
- актіде көрсетілген талап орындалса;
- заңды оқиға болса.
6.Тақырып. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық.
1.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі
8
2.
Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі және пайда болу негіздері
3.
Әкімшілік жазалар
4.
Әкімшілік жазаларды тағайындау
Пайдалынатын негізгі терминдер: әкімшілік құқықбұзушылық, әкімшілік жауаптылық, әкімшілік
жазалар, әрекет, әрекетсіздік, құқыққа қайшылық
1. Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды
бұзғандығы үшін әкімшілік жауаптылық пен жазаға тартылатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті кінәлі әрекет
немесе әрекетсіздік.
Әрекет дегеніміз – белсенді түрде заң талаптарын, міндеттерін орындамау және тиым салынған әрекеттерді
жасау. Әрекетсіздік дегеніміз - өзіне жүктелген міндеттерді орындамау (енжар түрде).
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың фактілік негізі болып есептеледі. Әкімшілік құқық
бұзушылықтың белгілері:
1) құқыққа қайшылығы. 2) кінәлілігі. 3) көп тарағандығы.
4) әкімшілік жазаланатындығы. 5) қоғамға қауіптілігі.
Құқыққа қайшылығы – құқық нормаларын бұзатын әрекетті жасаудан тұрады. Әкімшілік құқық
бұзушылық әкімшілік құқықтың ғана емес, басқа да құқық салаларының нормаларын бұзады. Мысалы:
еңбектік, азаматтық, қаржылық құқық нормалары.
Кез-келген әрекеттің кінәлілігі, оның қасақана немесе абайсызда жасалғандығын білдіреді. Кінәнің
болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы дегеніміз – қоғамға қауіпті әрекеті үшін әкімшілік
жауаптылыққа тартуға толық негіз беретін белгілердің жиынтығы. Құқық бұзушылықтың құрамы мына 4
элементтен тұрады:
1) Объект
2) Объективтік жағы.
3) Субъект
4) Субъективтік жағы.
Құқық бұзушылық объектісі - әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын және басқа да құқық
салаларымеен реттелетін қоғамдық қатынастар.
Объект – топтық, жалпы, тікелей, түрлік болып бөлінеді.
Объективтік жағы - әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын сипаттайды.
Субъектісі – 16-жасқа толған, есі дұрыс, кінәлі адам, арнаулы субъект болуы да мүмкін.
Субъективтік жағы – қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болғанда ғана, оны жасаған адам әкімшілік
жауаптылыққа тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік
жауаптылықтан босату негіздері көрсетілген. Бұл негіздерге – құқық бұзушының жеке тұлғасы, құқық
бұзушылықтың сипаты мысал болалады.
Мұнда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, құқық бұзушылық кінәсінің деңгейі, оның мүліктік
жағдайы, шын жүректен өкінуі, зиянды зардаптарын жоюы және тағы басқа ескеріледі.
2. Әкімшілік жауаптылық мемлекеттің құқық бұзушылыққа әсері болып табылады. Яғни
мемлекет құқық бұзушыға белгілі бір мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауаптылықты
Парламент, Президент, Үкімет тағайындауы мүмкін. Сонымен қатар өз аумағы шеңберінде жергілікті өкілді
және атқарушы органдар да әкімшілік жауаптылық тағайындау туралы шешім шығара алады. Қазақстан
Республикасының 1993 жылы 10-декабрьдегі «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы
органдары туралы» заңына сәйкес маслихат төмендегі мәселелер бойынша әкімшілік жауаптылық
тағайындай алады:
- жер, су, тоғай, ресурстарын, табиғи құндылықтарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау;
қоғамдық орындарда сауда жасау, қоғамдық тәртіп, жол және өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, қоғамдық
транспортты пайдалану тағы басқа.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын актілердің
кері күші болады. Ал жауаптылықты ауырлататын немесе тағайындайтын актілердің кері күші болмайды.
Әкімшілік жауаптылық дегеніміз – уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік заңға
сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдануынан көрінетін заңды жауаптылықтың
ерекше түрі.
7 – тақырып. Әкімшілік жазалар.
1. Әкімшілік жазалардың түсінігі, мақсаты, жүйесі.
2. Әкімшілік жазалардың түрлері.
3. Әкімшілік жазаны тағайындау тәртібі, мерзімі.
Пайдалынатын негізгі терминдер: әкімшілік жазалар, әкімшілік құқықбұзушылық, айыппұл, ескерту,
9
сөгіс, мүлкін тәркілеу.
1. Әкімшілік жаза дегеніміз - әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген
тәртіппен мемлекеттің уәкілетті органы немесе лауазымды тұлға қолданатын мемлекеттік әсер ету шарасы.
Әкімшілік жазалар құқық бұзушыға моральдық не материалдың әсер етуді көздейді.
Әкімшілік жазаның мақсаттары төмендегідей:
-әкімшілік заң нормасымен қарастырылған әрекеттер үшін тиісті жауаптылық шарасын тағайындау.
- әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды заңды сақтау және құқық тәртібін құрметтеу
рухында қайта тәрбиелеу.
-әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаудан сақтандыру, алдын алу.
Мерзімі бойынша әкімшілік жазалар: бір реттік (разовый), бір мерзімдік (единовременный),
созылмалы, негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі және қосымша жазалардың тағайындалу тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің
46-бабында көрсетілген.
Әкімшілік жазалар тағайындау арқылы әкімшілік құқық бұзушылық субъектілерінің белгілі бір
құқықтарынан айырады.
Ескерту, айыппұл, әкімшілік қамау – тек негізгі жаза ретінде қолданылады. Белгілі бір қызмет
түріне патент, лицензиядан айыру, арнаулы құқығынан айыру, сондай-ақ шетелдіктерді не азаматтығы жоқ
тұлғаларды әкімшілік жолмен кетіру - негізгі және қосымша жаза ретінде тағайындалуы мүмкін.
Қағидалар - әкімшілік жазаны тағайындауға негіз болатын негізгі идеялар мен бастамалар.
Қағидалар сақталса әкімшілік жазаларды тағайындауда қате, кемшілік жіберуден сақтануға болады.
- заңдылық
- мақсатқа сәйкестілік
- дер кезде болуы, жеделдік
- құқық бұзушылықтар жыйынтығы үшін салынатын жазалардың біріктірілуі.
Әкімшілік жаза тағайындағанда әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-
жайлар ескеріледі.
2. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлері.
а) Ескерту.
Ескерту әкімшілік жаза ретінде жазбаша түрде шығарылады және құқық бұзушыны сақтандыру
тәсілі болып табылады. Ескерту көпшілік жағдайда моральдық әсер ету шарасы болып табылады және
жасалып жатқан құқыққа қайшы іс-әрекетті аяқталмаған сатыда тоқтату әдісі болып табылады. Ескертуді
ауызша жасау әкімшілік жаза ретінде есептелмейді.
Ескертуді жазбаша түрде жасаудың қажеттілігі, егер адам құқық бұзушылықты қайталап жасаған
жағдайда оған неғұрлым қатаң шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Ескертудің әрекет ету мерзімі болады, егер адам жазасын өтегеннен кейін 1жыл ішінде жаңа
әкімшілік құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған деп есептеледі.
Егер тұлға қайтадан құқық бұзушылық жасаса, онда кодекстің 62-бабына сейкес, лауазымды тұлға
әкімшілік жаза тағайындаған кезде мұны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырады.
Ескеруді қолдану әкімшілік күштеу шарасының ең біріншісі және құқық бұзушыға өз іс-әрекетінің
объективті түрде бағалауға, өзінің құқыққа қайшы іс-әрекетін тоқтатуға негіз болады. Яғни құқық бұзушыға
ескерту жасау лауазымды адамның іс-әрекетінің адамгершілігін көрсетеді.
б) Айыппұл.
Айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін Кодексте (48-б) көзделген жағдайда және шекте,
әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік
көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза.
Айыппұл - әкімшілік жазалардың ең көп тараған түрі б/е. Себебі ол құқық бұзушының материалдық
мүддесіне әрекет ету тәсілі.
Айыппұл мынадай мөлшерде салынады.
- жеке адамға – айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен.
- лауазымда адамға – бес айлық есептік көрсеткіштен.
- заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.
Жеке адамға салынатын айыппұл мөлшерін 200 айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға 400
айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғаға 2000 айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Әкімшілік айыппұл міндетті түрде төленуі тиіс, егер құқық бұзушы дер кезінде төлемесе, онда
айыппұл оның жалақысынан (стипендия, пенсия т.б) мәжбүри түрде даусыз өндіріп алынады.
Егер кінәлі тұлға жұмыс істемесе, не тұрақты жалақысы болмаса онда жаза соттық орындау
тәртібімен борышкердің мүлкімен өндіріп алынады.
Егер дереу төлеуге мүмкіндігі болмаса, лауазымды тұлға айыппұлдың төленуін 1 айға дейін созуы
мүмкін.
10
Өзіне әкімшілік тәртіппен айыппұл салынған адам бұл жаза заңсыз деп есептесе, «Азаматтың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 19.07.95 Президентінің заң күші бар
жарлығымен сәйкес, бұл шешімге шағымдануға құқылы. Шағым қаулы шығарған лауазымды тұлғаға
беріледі, ал соңынан іспен бірге қарауға мүдделі органға не лауазымды адамға беріледі. Шағым 10 күн
ішінде қаралуы тиіс.
в) Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты өтемін
төлеп алып қою. – оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынған затты өткізу жөніндегі шығыстарды
шегеріп, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып
қоюды судья қолданады, түскен сомадан ол затты сақтауға, тасмалдануға, сатуға т.б. кеткен шығындар алып
қалынады.
Өтелім алып қоюдың тәртібі және алып қоюға жататын заттың тізімі Қазақстан Республикасының
тиісті заңнамамен белгіленеді.
Аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі боп табылатын адамдарға аңшылық қаруды, атыс оқ-
дәрілерін және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемін төлеп алып қоюды қолдануға болмайды.(КОАП 49-
б 2-т)
Бұл тек қасақана құқық бұзушылық үшін негізгі де, қосымша жаза ретінде де қолданылуы мүмкін.
г) Тәркілеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу,
сондайақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны, бағалы қағаздарды
тәркілеу – оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп тегін аударудан тұрады.
Тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат қала тәркіленуі мүмкін. Аңшы қаруы, оқ дәрісі,
егер аңшылық - өмір сүруінің негізгі көзі болып табылады, адамға тәркіленбейді. (негізгі, қосымша жаза
ретінде де б/м).
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары заңды
жолмен табылған кез-келген мүлікке меншік иесі бола алады.
Меншік заңмен қорғалады. Соттың шешімінсіз ешкім де өз мүлкінен айырылмайды.
Тәркілеуді судья қолданады, заңның ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде
көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |