1. Мемлекеттік басқару әдістері мен нысандары. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру


 – тақырып. Атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы заңдылық пен тәртіп



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата31.03.2017
өлшемі442,3 Kb.
#10977
1   2   3   4   5

 

13 – тақырып. Атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы заңдылық пен тәртіп    

 

1. Атқарушы билік органдарының қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз етудің тәсілдері.     

2. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері.    

3.Әкімшілік қадағалау. 

 

Заңдылық заң әдебиеттерінде бірнеше мағынада қаралады: 

    1.ұйымдастыру және қызмет қағидасы;  

    2.басқару әдісі;  

    3.мемлекет және оның азаматтарының бір-бірімен әрекеттесу қағидасы.       

Заң  және  басқа  да  нормативті  актілер  азаматтардың  құқықтық  санасының  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету, 

сонымен  қатар  қоғам  мен  мемлекеттің  эволюциялық  дамуын  қамтамасыз  етуге  бағытталған.Адам  мен 

азаматтардың  абсолютті  ажырамайтын  құқықтары,халықтың  мәдениеті  мен  менталитеті-заңның  тірегі 

болып  саналады.Бұл-заңдылықты  қамтамасыз  етудің  басты  шарты.Заңдылық    әкімшілік  құқықта  тек  қана 

заң актілерімен сәйкес әрекет ету арқылы көрсету  

ғана емес (мысалы, лауазымды орынға тағайындау,заңды тұлғаларды тіркеу және т.б.),  сонымен қатар,заң 

және басқа да актілерді орындау барасанда ынталық көрсету (мысалы,әкімшілік бақылау барысында,құқық 

бұзушылықтың алдын алу және т.б.) 

Заңдылық барлық мемлекет билік оргадарына міндетті.Бақылау субъектіге байланысты келесі бақылауларға 

бөлінеді: 

-

 



Президенттік бақылау; 

-

 



Парламенттік бақылау; 

-

 



Үкіметтік бақылау; 

Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің принциптері 

Принциптер  –  бұл  атқарушы  билік  органдарын  ұйымдастыру  мен  қызметінің  аса  маңызды 



саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері. 

                       Атқарушы билік органдарының түрлері 

Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты бойынша ажыратылады. 

Оларды төмендегідей түрлі топтарға бөлуге болады. 

1.  Қызметінің  аумақтық  көлемі  бойынша  атқарушы  билік  органдарының  екі  деңгейін  бөлуге 

болады:  республикалық  және  жергілікті.  Бұл  белгі  унитарлық  мемлекеттік  құрылыспен  және  Қазақстан 

Республикасын  әкімшілік-аумақтық  бөліністерге  бөлумен  байланысты.  Қазақстанның  бүкіл  аумағына 

Үкіметтің,  республика  министрліктерінің  және  өзге  де  республикалық  атқарушы  билік  органдарының 


20 

 

 



қызметі  таратылады.  Жергілікті:  облыстардың,  аудандардың,  қалалардың,  ауылдардың  /селолардың/, 

кенттердің атқарушы билік органдары өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңберінде жүзеге асырады. 

          Республикалық  атқарушы  билік  органдары  жергілікті  жерлерде  өздерінің  аумақтық  органдарын 

/басқармалар,  департаменттер  және  т.б./  құра  алады,  бірақ  олар  жергілікті  атқару  органдары  жүйесіне 

кірмейді. 

Мұның  сыртында,  кейбір  республикалық  атқарушы  билік  органдарының  аумақ  аралық  органдары 

болады. Олардың қызметі бірнеше аумақтарды қамтиды /мысалы, темір жол, әскери құрылымдар және т.б./. 

2.  Ұйымдастыру  –  құқықтық  нысандары  бойынша,  бұл  ең  алдымен  олардың  аттарынан  көрініс 

табады.  Республика  деңгейінде  мыналар  ажыратылады:  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі, 

министрліктері, агенттіктері, комитеттері, ұлттық комиссиялары, өзге де атқарушы билік органдары. 

Жергілікті  жерлерде  мұндай  нысандарға  әкімдер,  әкімдіктер,  комитеттер,  басқармалар, 

департаменттер, бөлімдер және өзге де органдар жатады. 

3. Атқарушы билік органдары құзыретінің сипатына байланысты  мыналарға бөлінеді: 

а/  жалпы  құзыретті,  яғни  мемлекеттік-басқарушылық  қызметтің  барлық  немесе  көпшілік 

бөлшектеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға. Бұлар аса маңызды 

органдар: Үкімет, әкімдер, әкімдіктер; 

ә/ салалық құзыретті, яғни өздеріне тапсырылған басқару салаларының немесе қызмет аяларының 

шеңберінде функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға /мысалы, денсаулық сақтауды, ішкі 

істерді т.с.с./. Бұлар, әдетте, министрліктер, жергілікті салалық, функционалдық атқарушы органдар. 

б/  салааралық  құзыретті,  яғни  барлық  немесе  бірнеше салалық  жүйелерге  жалпы  бірдей болатын 

олардың қарастылығына  жатқызылған арнаулы  мәселелер бойынша  функциялар мен өкілеттіктерді  жүзеге 

асыратын  органдарға  /мысалы,  стандартизациялау,  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелері  бойынша  т.с.с./. 

Бұлар министрліктер де, агенттіктер де, ведомствалар да және т.б. болуы мүмкін. 

Бұлардың  арасынан  кейде  салалық  және  салааралық  құзыретті  органдар  белгілерін  қамтитын 

арнаулы  және  аралас  құзыретті  органдарды  бөледі.  Мұндай  құзырет  көпшілігінде  әр  түрлі  ұйымдық-

құқықтық нысандағы республикалық орталық атқарушы билік органдарына тәнді. 

4. Өз ведомствосына қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша мыналар ажыратылады: 

а/  алқалы  органдар,  оларда  құзыретінің  негізгі  мәселелері  осы  орган  мүшелерінің  көпшілік 

даусымен шешіледі / мысалы, Үкімет, әкімдіктер алқалы болып табылады/; 

ә/  дара  басшылық  органдары,  оларда  негізгі  мәселелерді  шешу  өкілеттіктері  басшының  қолына 

шоғырландырылған /мысалы, министрліктер/. 

Қазақстан Республикасы Президентінің атқарушы билік аясындағы өкілеттіктері 

Қолданылып  жүрген  1995  ж.  Конституция  бойынша  Президент  ресми  түрде  атқарушы  биліктің 

басшысы болмаса да, шындығында оның бұл аядағы рөлі өте зор. 

Конституцияның 44 б. 3-т. сәйкес ол Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-

Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика 

Үкіметінің  құрылымын  айқындайды;  Республиканың  министрліктерін  және  Үкімет  құрамына  кірмейтін 

орталық  атқарушы  органдарын  құрады  және  таратады;  Үкімет  мүшелерін  қызметке  тағайындайды  және 

қызметтен  босатады;  Үкімет  мүшелерінің  антын  Президент  өзі  белгілейтін  тәртіппен  қабылдайды. 

Республикалық  атқарушы  билік  органдарының  жүйесі  де  Премьер-Министрдің  ұсынуы  бойынша 

Президенттің  жарлықтарымен  бекітіледі.  Қазіргі  кезде  ол  «Атқарушы  өкіметтің  орталық  органдарының 

жүйесін ретке келтіру туралы» Президенттің 1993 ж. 9-маусымдағы жарлығымен айқындалады.

6

  



Президент ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етуге, Үкіметтің 

отставкаға кетуі туралы шешім қабылдауға құқылы.  

Президент Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-Министрінің және облыстар, Астана мен 

Алматы қалалары әкімдері актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата  тұруға құқылы. Оның жарлықтарымен 

атқарушы биліктің қызметі мен механизмінің көптеген маңызды жақтары регламенттелінеді. 

 Қазақстан Республикасының Үкіметі 

Үкімет –  Қазақстан Республикасының атқарушы  билігін жүзеге  асыратын, атқарушы органдардың 

жүйесін  басқаратын  және  олардың  қызметіне  басшылық  жасайтын  орган.  Оның  құқықтық  мәртебесінің 

негіздері Конституцияның V – бөлімінде бекітілген. 

                      Заңдылықты қамтамасыз етуді қадағалау  

      Қадағалау мемлекеттік бақылаудың түрі болып  келеді.Қадағалау келесі  түрлерге бөлінеді:Прокурорлық 

әкімшілік және соттық қадағалау . Прокуратура мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асырады: 

-заңның, Президент Жарлығының және т.б. нормативті құқықтық актілердің біркелкі қолданылуы; 

-шұғыл –іздеу жұмыстары, тергеу жұмыстарының заңдылығы;  

-әкімшілік және атқару өндірісіндегі заңдылық. 

Прокуратура өзінің міндетін атқаруда құқылы: 

1.Заңның кез келген түрінің бұзылуын айқындауға; 

         2.Конституцияға  және  Республика  заңына  қайшы  келетін  заңды  және  басқа  да  құқықтық  актілерге 

наразылық білдіруге;  

                                                 

6

 ПҮАЖ, 1993, №19, 224-б. 



21 

 

 



         3.сотта мемлекеттің мүддесін қорғауға; 

         4.заңмен белгіленген тәртіпте, шектеулі түрде қылмыстық тергеуді жүргізуге. 

     Прокуратура  қызметкерлері  заңды  түрде  кез  келген  тергеу  объектілеріне  баруға,  басшылықтан  керекті 

мәліметтерді алу, тексеріс және ревизия өткізуге құқылы. 



 

14 – тақырып. Әкімшілік жазаларды қолдану және босату негіздері. 

 

  1 Әкімшілік жазалардың ұғымы және мақсаттары.   

  2 Әкімшілік жазалардың түрлері. 

  3 Әкімшілік  жазаларды қолдану ержелері. 

  4 Әкімшілік жазаның өзге жазалардан айырмашылығы

 

 

    Әкімшілік  құқық  пәнінде  жаза  қолдану  ұйымын  уәкілеттілі  берілген  мемлекеттік  орган                    немесе   

өкілеттілігі  бар  лауазымды    адамның  әкімшілік  теріс  қылық  жасаған  адамға  заң  негізінде  қолданатын 

мемлекеттік  ықпал  ету  шарасы  деп  түсінуге  болады.Әкімшілік  құқық  нормасы  қандай  да  бір  әрекетке 

әкімшілік-  құқықтық  тыйым  белгілейді  және  сол  арқылы  ереженің  сақталуын  қамтамасыз  етеді,  сонымен 

қатар  бұзылған  жағдайда  кінәліге  жаза  қолданылады.  Әкімшілік  ықпал  ету  шаралары  құқық  бұзушыға 

қатысты әкімшілік құқықтығы жазаны қолдануды көздейді. 

  Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді, 

олар: 

   1) ескерту жасау; 

   2) айыппұл салу; 

   3) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттың өтемін төлеп алу; 

   4) әкімшілік құқық бұзушылық құрлы болған немесе тікелей объектісі болған затты тәркілеу; 

   5) арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы, аң аулау құқығынан, көлік құралын жүргізу құқығынан); 

   6)  берілген  арнаул  рұқсаттан,  біліктілік  аттестаттан  (куәліктен  )  айыру,  яғни,  ол  дегеніміз  белгілі  бір 

қызмет түріне, не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату, лицензиядан айыру; 

  7) тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен тұрғызып  жатқан құрылысты мәжбүрлеп  бұзып тастау; 

  8) кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған мүлдем тыйым салу; 

  9) әкімшілік қамауға ал; 

  10)  азаматтығы  жоқ  адамға  немесе  шетелдікте  Қазақстан  Республиксының  (территориясынан)  аумағынан 

әкімшілік жолмен шығарып жіберу. 

      Айыппұл салу-  белгілі бір әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзған кінәлі адамға ақшалай жаза қолдану 

арқылы мүліктік ықпал ету шарасы болып табылады.     

     Лауазымды адамдарға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері құқық бұзушылықтың сипатына қарай 

өзгеріп  отырады,  мысалы,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодекс  әкімшілік  айыппұлдың  мөлшерін 

құқық бұзушылықтың сипатына және құқық бұзушының мәртебесіне қарай белгілеп отырады.Жеке тұлғаға 

салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан  бірінен аз емес,лауаз ымды адамдарға 

салынатын айыппұл мөлшері бес айлык есептік көрсеткіштен кем емес,ал заңды тұлғаларға екі мың айлық 

есептік  көрсеткіштен  кем  емес  мөлшерде  болады.  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодекстің  48-

бабында; 

 1.  ақшалай жаза ретінде; 

 2.  әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс көзделген  және шектерде;                                           

 3. айлық есептік көрсеткіш санына сәйкес келетін сома түрінде салынады деп қаралады; 

 4. азаматтарға салынатын айыппұл, әдетте айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінен, ал лауазымды 

адамдарға-елу мөлшерінен аспауға тиіс деп көрсетілген. 

       Айыппұлдың  құқық  бұзушы  өзіне  айыппұл  салу  туралы  қаулы  тапсырылғаннан  кейін  15  күннен 

кешіктірмей  төлейді.Бұл  ретте  азаматтың,  лауазымды  адамның  шағымдану  құқығы  сақталады  және  егер 

шағым  беріліп  каралғаннан  кейін  немесе  прокурордың  наразылығынан  кейін  шағым  қанағаттандырусыз 

қалдырылса,  онда  жоғарыдағы  мерзім  шағымның  қанағаттандырусыз  қалдырылғандығы  жайында  хабар 

берілген күннен бастап саналады. 



        Әкімшілік  алдын  алу  шаралары. 

Әкімшілік  алдын  алу  шаралары  мақсатқа  жетудегі 

профилактикалық сипаттағы шараларға толы және олар қоғамға зиянды,қауіпті жағдайлардың алдын алуға 

бағытаалған.Әкімшілк  алдын  алу  шараларына  құқық  бұзушылық  негіз  болмайды,оған  ерекше  заңнамалық 

орнатылған шаралардың орындалмауы негіз бола алады.Әкімшілік алдын алу шараларына мыналар жатады: 

-

 



бас бостандығынан айыру жерлерінен шыққан азаматтарға әкімшілік қадағалау; 

-

 



кедендік тексеріс; 

-

 



азаматтық авиация мен басқа да көлік жолаушыларына арнайы тексеріс

-

 



жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын азаматтардан қару-жарақ құралдарын алып қою; 

-

 



құжаттар  тексерісі  (автокөлік  жүргізушілерінің  паспорттық  режим  негізіндегі  құжаттары,шекаралық 

күзетте,т.б.); 

-

 

сапар алдында автокөлік пен оның жүргізушісін күәландыру; 



22 

 

 



-

 

денсаулыққа қауіпті жұқпалы ауру тараған аудан шекарасынан әрі қарай өткізбеу; 



-

 

сапасыз азық түліктерді жою; 



-

 

суды пайдалану құүқығын шектеу және т.б. 



Әкімшілік  алдын  алу  шаралары  көбінесе  әкімшілік  шектеу  немесе  белгілі  бір  ұйым  не  азаматтар 

категориясына байланысты әкімшілік әрекеттердің қолданылуы арқылы жүзеге асады.   

         Алдын алудың іс жүргізушілік шараларына мыналар жатады: жеткізу,ұстау,тұла бойын қарау,заттарын 

қарау,заттарын  және  құжаттарын  алып  қою,көлік  құралдарын  басқарудан  шеттету.  Алдын  ала  шараларын 

қолданғанда заңдылық қағидасы қатан сақталуы тиіс. 

    Әкімшілік қамтамасыз ету және алдын алу шаралары. 

Жеткізу –заң бойынша теріс қылық жасаған адам мына жағдайларда жеткізіледі: 

1.

 



Құқық    бұзылға  жерде  хаттама  жасау  мүмкін  болмай,біріақ  хаттама  жасау  үшін  полиция  қызметкері 

жеткізеді; 

2.

 

құқық бұзушыны,егер оның жеке басын күәлендіретін құжаты болмаса не ол жайында қажетті деректнр 



бере алатын куәгер болмаса,өкілеттігі бар адам оны полицияға жеткізеді; 

3.

 



орман  және  аң  аулау  ережелерін,сонымен  қатар  балық  аулау  тәртібін  бұзған  жағдайда  хаттама  жасау 

мақсатында,егер  құқық  бұзушының  кім  екендігін  сол  жерде  анықтау  мүмкін  болмаса,оны  жеткізуді  сол 

ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін өкілетті адамдар жүзеге асырады; 

-

 



күзет  қызметкерлері  сол  күзет  объектілеріне  қатысты  құқық  бұзылған  жағдайда,оның  екендігінің 

анықтау және хаттама жасау үшін полиция орындарына жеткізеді. 



 

15 тақырып - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен 

лауазымды адамдар. 

 

 

1.Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдар тізімі жәнежүйесі. 

2.Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс  жүргізу,іс  қозғау,істерді  қарау  немесе  қайда  қарауға 

жататындығы, лауазымды адамдардың құзыреті. 

 

Жалпы құқық бұзұшылық-бұл адамға,мемлекетке  зиян келтіретін,құқыққа қайшы,қоғамға қауіпті,кінәлі іс-

қимыл. Құқық бұзұшылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді. 

1)

 



Қылмыс-бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген,қылмыстық жауапкершілік 

пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс-әрекер. 

2)

 

Теріс  қылық-қоғам  өмірінің  әр  түрлі  саласындағы  жасалатын  және  әр  түрлі  салдар  тұғызатын 



қоғамға  аса  қауіпті  іс  әрекеттер.Теріс  қылықтар  заңды  жауапкершілікке    байланысты  бірнеше  түрлерге 

бөлінеді: 

әкімшілік,азаматтық-құқықтық,материалдық 

бөліктік,тәртіптік.Соның 

ішінде 

біздің 


қарастырайтын деп отырғанымыз-әкімшілік құқық бұзушылық. 

       Әкімшілік 

құқық  бұзұшылық  туралы  заңдардың  міндеттері  –адам  және  азаматтардың 

құқықтарын,бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін,қоршаған  ортаны,мемлекеттік  билікті  жүзеге  асырудың 

белгіленген тәртібін,құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзұшылықтан қорғау ,сондай-ақ олардың 

жасалуының алдын алу. 



1.

 

Әкімшілік  құқық  бұзұшылық  түсінігі.Жеке  адамның,әкімшілік  жауаптылық  көзделген  құқыққа 

қарсы,кінәлі  (қасақана  немесе  абайсызда  жасалған)  іс-әрекеті,не  әреетсіздігі  әкімшілік  құқық  бұзұшылық 

болып табылады. 

        Бір  адам  екі  немесе  одан  да  көп  әкімшілік  құқық  бұзұшылық  жасаған  кезде  әрбір  құқық  бұзұшылық 

үшін  жеке-жеке  әкімшілік  жаза  қолданылады.  Егер  адам  бірнеше  әкімшілік  құқық  бұзұшылық  жасап,ол 

істерді  бір  судья,орган  қараса,бұл  адамға  белгілі  бір  түрдегі  жазалар  қолданылған  жағдайда  әкімшілік 

қамауға  алудың  ең  ұзақ  мерзімі-30  тәуліктен,ал  төтенше  жағдай  режимінің  талаптарын  бұзғаны  үшін 

әкімшілік қамауға  алу 45 тәуліктен аспауға тиіс. 



    Әкімшілік құқық бұзұшылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар: 

1)

 



кінәлі адамның шын өкініуі; 

2)

 



кінәлі  адамның  құқық  бұзұшылықтың  зиянды  зардаптарын  болдырмауы,залалды  өз  еркімен  өтеуі 

немесе келтірілген зиянды жоюы; 

3)

 

әкімшілік  құқық  бұзұшылықты  күшті  жан  толқынысының  әсерімен  не  жеке  басының  немесе 



отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау; 

4)

 



әкімшілік құқық бұзұшылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы; 

5)

 



әкімшілік құқық бұзұшылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы

6)

 



әкімшілік құқық бұзұшылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау; 

7)

 



әкімшілік  құқық  бұзұшылықты  қажетті  қорғанудың  заңдылығы  шарттарын  бұзу,құқыққа  қарсы  қол 

сұғушылық жасаған адамды ұстау,бұрықты немес өкімді орындау кезінде жасау. 



Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жәйлар: 

1.

 



тиісті  уәкілетті  адамдардың  құқыққа  қарсы  мінез-құлықты  тоқтатуды  талап  еткеніне  қарамастан  оны 

жалғастыра беру; 



23 

 

 



2.

 

бұрын  жасаған  әкімшілік  құқық  бұзушылығы  үшін  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылған,мерзімі 



бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы; 

3.

 



кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту. 

4.

 



кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық ауруымен ауыратын адамдарды,не әкімшілік жауаптылығы 

туындайтын жасқа жетпеген адамдарды,не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды 

әкімшілік құқық бұзушылық  жасауға тартуы; 

5.

 



ұлттық,нәсілдік  және  діни  жек  көрушілік  немесе  жауласушылық  себебі  бойынша,басқа  адамдардың 

заңды әрекеті үшін кек алу,сондай-ақ ,басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету 

мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 

6.

 



адамға  немесе  оның  жақындарына  қатсты  белгілі  бір  адамның  өзінің  қызметтік,кәсіптік  немесе 

қоғамдық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 

7.

 

кінәлі  адамның  біле  тұра  жүкті  әйелдерге  қатысты,сондай-ақ  жас  балаға,басқа  да  қорғансыз  немесе 



дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 

8.

 



адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық  жасау

9.

 



табиғи апат жағдайында немесе  басқа  да төтенше; 

10.

 

маскүнемдік, нашақорлық  немесе уытқұмарлық масаң күйде  әкімшілік құқық  бұзушылық  жасау. 



Әкімшілік құқық  бұзушылық  түрлері 

     Жеке  адамның  құқықтарыена  қол  сұғатын  әкімшілік құқық   бұзушылықтар,оларға мыналар жатады; 

А) ааматтардың тіл таңдау құқықтарын шектеу; 

Б) еркін жүріп тұру және тұрғылықты жер таңдау құқықтарын шектеу; 

В) азаматқа ақпарат беруден бас тарту

Г! Еңбек туралы заңдарды бұзу; 

Д) зейнетақымен қамтасыздандыру туралы заңдарды бұзу; 

Е) еңбекті қорғау ережелерін бұзу; 

Ж) ұжымдық шарт,келісім жөніндегі келісөздерге қатысудан жалтару; 

З) ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу. 

  Мысалы,азаматтардың  тіл  таңдау  құқықтарын  шектеу,тілге  байланысты  себептер  бойынша  кемсіту-

лауазымды  тұлғаларға  айлық  есептік  көрсеткіштің  бестен  жиырмаға  дейінгі  мөлшерінде  айыппұл    салуға 

әкеп соғады. 

         Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық  

А) үгітке тиым салынған кезеңде оны жүргізу. 

Б) Президентке,депутатқа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидат туралы көрінеу жалған мәліметтер 

тарату; 


В) салау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесінің,байқаушының құқықтарын бұзу; 

Г) азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетендерін (дауыс 

беруге арналған бюллетендер) беру, т.б. 

         

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша  

 

 

шешімдердің түрлері: 

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,судья,орган мына қаулылардың бірін шығарады: 

1)

 

әкімшілік жаза қолдану туралы; 



2)

 

іс жүргізудегі қысқарту туралы; 



3)

 

жаза қолдануға құқылы судьяның,органның қарауын беру туралы; 



4)

 

айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы қаулы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет