1. Мемлекеттік басқару әдістері мен нысандары. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.03.2017
өлшемі442,3 Kb.
#10977
1   2   3   4   5

 

д) Арнаулы құқықтан айыру. 

 

Нақты  адамға  берілген  арнаулы  құқықтан  айыру  –  осы  құқықты  пайдалану  тәртібінің  өрескел  не 



үнемі  бұзылғаны  үшін  қолданылады.  Арнаулы  құқықтан  айыруды  судья  қолданады  және  ол  1  айдан  кем 

болмауы, 2 жылдан аспауы тиіс. (көлік жүргізу құқығы, аң аулау құқығы т.б.). 

- алкогольдік, токсический, есірткілік масаң күйде болу; 

- авария жасап жол жүру ережесін өрескел бұзу. 

-  техникалық  жарамсыз  көлікті  айналадағы  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына  зиян  келтіретінін  біле 

отырып пайдалану. 

- аң аулау ережесін бүзу арқылы адамдардың мүддесіне, табиғатқа қауіп тудырса. 

 

Мүгедектігіне  байланысты  арнаулы  құқықты  пайдаланатын  адамды  ол  құқықтардан  айыруға  



болмайды. (егер мас күйінде болса ғана қолдануы мүмкін). 

 

Ал  аң  аулау  құқығынан  айыру  –  ол  өмір  сүруінің  негізгі  көзі  болып  табылатын  адамға 



қолданылмайды. 

 

е) Әкімшілік қамау. 

 

Ерекше  жағдайда  ғана  жекелеген  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  үшін  15  тәулікке,  ал  төтенше 



жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда 30 тәулікке дейін Қазақстан Республикасы заңына 

сәйкес аудандық (қалалық) сот тағайындайды. 

 

Кәмелетке  толмағандар,  жүкті  әйелдер,  12  жасқа  дейінгі  баласы  бар  әйелдер,  1,2  топ  мүгедектері 



әкімшілік қамауға  тартылмайды.  Әкімшілік қамау  туралы  қаулыны  сот шығарады, және  ішкі істер органы 

дереу  орындауы  тиіс.  Әкімшілік  қамау  әкімшілік  құқық  бұзушылық  қайталап  жасалса  және  қылмысқа 

жақын әкімшілік құқықбұзушылық жасалса тағайындалады. 

 

ж) Кәсіпкерлік қызметке қадағалау жасау. 

 

Қосымша  жаза  ретінде  бір  жылға  дейінге  мерзімге  тағайындалады.  Азаматтардың,  шаруашылық 



субъектісінің кәсіпкерлік қызметіне қадағалау жасау - өз өкілеттігі шеңберінде мұндай қызметті бақылауды 

жүзеге асыратын органның арызы бойынша тағайындалады.  

 

Мұның  мақсаты  –  азаматтарға,  шаруашылық  субъектісіне  әр  ай  сайын  өзінің  қаржылық, 



шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруін қадағалау. 

 

Бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасы заңдары негізінде өкілеттігі бойынша 



жұмыс атқарады, олар: мемлекеттік салық, санитарлық, ревизиялық инспекциялар. 

 

з) Белгілі бір қызмет түріне лицензиясынан (патент) айыру. 

 

Лицензия  –  бұл  уәкілетті  мемлекеттік  орган  беретін  азамат  не  заңды  тұлғаға  белгілі  бір  қызмет 



түрімен  айналысуға  құқық  беретін  шешім.  Лицензиядан  айыру  уақытша  не  тұрақты,  қосымша  не  негізгі 

жаза болуы мүмкін. «Лицензиялау туралы» ҚР Президенті жарлығына сәйкес,  жыл сот тәртібімен алынуы 

мүмкін: 


11 

 

 



 

-  егер  лицензият  лицензияда  көрсетілген  талаптарды  орындамаса  немесе  сот  ондай  қызметпен 

айналысуға тиым салса. 6 айға дейінгі мерзімге лицензия мерзімін тоқтата тұруы мүмкін, себебі көрсетілуі 

тиіс. Ол кемшіліктер жойылған соң лицензияның күші қайта енеді. 

 

3.  Әкімшілік  жазаны тағайындау тәртібі  Кодексте,  нормативтік  актілерде  көзделген.  Әкімшілік  жазаны 

төмендегідей жағдайларда өз өкілеттігі шеңберінде тиісті орган немесе лауазымды тұлға тағайындайды: 

 

-егер кінәлінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы бар болса. 



 

-егер бұл құрам ӘҚБК-ң тиісті нормасымен бекітілген болса. 

 

-егер бұл баптың санкциясында жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген болса. 



 

-жасалған  құқық  бұзушылықтың  сипаты,  кінәлінің  жеке  тұлғасы,  кінә  деңгейі,  мүліктік  жағдайы, 

сонымен қатар жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ескеріле отырып. 

 

ӘҚБК-нің  61-бабына  сәйкес,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  үшін  жауаптылықты  жеңілдететін  мән-



жайлар: 

 

-кінәлінің шын өкінуі. 



 

-кінәлінің құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарынжоюы, зиянның орнын толтыруы 

 

-жан күйзелісі жағдайында жасалуы. 



 

-кәмілетке толмаған адамның құқық бұзушылық жасауы. 

 

-жүкті әйелдің немесе 3 жасқа  дейінгі жас баласы бар әйелдің құқық бұзушылық жасауы. 



 

Істі  қарайтын  орган  немесе  лауазымды  тұлға  бұдан  басқа  да  мән-жайларды  жеңілдететін  мән-жай 

есебінде қарастыруы мүмкін. 

 

 



 

 Әкімшілік  заң  кінәлінің  бірнеше  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  жасағаны  үшін  жауаптылық 

қарастырады, яғни 1 тұлға  2 немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаса, онда  тиісті орган 

немесе  лауазымды тұлға  заң негізінде оның әрбір құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жаза  тағайындайды. 

Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, ол істерді бір судья, бір орган (лауазымды адам) 

қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның 

осы  түрі  үшін  осы  Кодексте  белгіленген    3  еселенген  ең  жоғарғы  шегінен  асыруға  болмайды.  Әкімшілік 

қамауға алудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайда – 30 тәуліктен, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын 

бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік қамауға алу 45 тәуліктен аспауы тиіс.  

 

 



 

8 – тақырып. Басқарудың құқықтық актілері. 

1. Басқарудың құқықтық актілерінің түсінігі және негізгі белгілері. 

2. Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері. 

3. Құқықтық актілерді дайындау, талқылау және ұсыну тәртібі. 

4. Құқықтық актілердің күшіне енуі, өзгеруі, күшін жою негіздері. 

 

 

1.  Басқарудың  құқықтық  актілері  –  атқарушы  билік  органдары  мен    лауазымды  тұлғалардың 

белгіленген тәртіппен шығаратын, мемлекеттік биліктік сипаты бар, басқару қатынастарын реттейтін немесе 

нақты басқару ісін шешетінзаңға тәуелді заңды актісі.  

 

Басқарудың құқықтық актілері атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың  заңдардың 



орындалуын  қамтамасыз  ету  қызметімен  тығыз  байланысты  болады,  сондықтан  да  олардың  актілері 

құқықтық  сипатта  болады.  Атқарушы  билік  органдарының  құқықтық  апктілерді  шығаруы    басқару 

міндеттерін  жүзеге  асыру  қажеттілігінен    туындайды.  Сонымен,  басқарудың  құқықтық  актілері  атқарушы 

биліктің мақсаттарын жүзеге асырушы маңызды құралы болып есептеледі. 

 

  

2. Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері. 



 

Басқарудың  құқықтық  актілерін  әртүрлі  негіздер  бойынша  жіктеуге  болады:  заңдық  қасиеттері 

бойынша,  әрекетр  ету  мерзімі  бойынша,  әрекет  ететін  аумағы  бойынша,    құзіретінің  сипаты  бойынша, 

аттары бойынша, көрініс сипаты бойынша, күрделілік деңгейі бойынша, қабылдау тәртібі бойынша. 

 

Басқарудың құқықтық актілерін  құзіретінің сипаты бойынша мынадай 3 түрге бөлуге болады: 



1) жалпы актілер; 

2) салалық актілер; 

3) салааралық актілер; 

Жалпы  құқықтық  актілер  ҚР-ның  Конституциясына  және  басқа  да  заңдарына  сәйкес  атқарушы  билік 

органдарының  құрылымын,  билік  субъектілері  мен    атқарушылардың  мінез-құлық  ережелерін  бекітеді. 

Жалпы  актілердің  ішіндегі    неғұрлым  маңыздысы  –  ҚР  Президентінің  актілер.  ҚР  Президентінің  актілері 

негізінде Үкіметтің және атқарушы биліктің өзге де органдарының қызметінің тәртібі және құқықтық негізі 

құрылады, яғни олар құрылтайшылық сипатта болады.    



Аттары  бойынша  бұл  актілер:    жарлықтар,  қаулылар,  өкімдер,  бұйрықтар,  нұсқаулар,  нұсқаулықтар, 

шешімдер, ережелер болып бөлінеді. 

 

 

3. Құқықтық актілерді дайындау, талқылау және ұсыну тәртібі. 



12 

 

 



 

Құқықтық актілер 2 жағдайда дайындалып, талқыланып, қабылданады: 

1) оның қабылдануы жоғарғы нормативтік құқықтық актіде тікелей көрсетілген жағдайда; 

2) мұндай актіні қабылдау қажеттілігі туған жағдайда. 

 

Егер жаңа актіні қабылдауға неіз бар болса, онда оның жобасы, нақты орындаушылары, қаржылық-



экономикалық негізділігі  анықталады.  

 

4. Құқықтық актілердің күшіне енуі, өзгеруі, күшін жою негіздері. 

Құқықтық акт  ресми түрде жарияланған кезден бастап не актіде тікелей көрсетілген кезден бастап күшіне 

енеді. Құқықтық актіге өзгертуді оны қабылдаған орган немесе лауазымды тұлға енгізеді. Құқықтық актіні 

тоқтату:  

- тұтас не бір бөлігін тоқтату; 

- ҚР бүкіл аумағында не белгілі  бір аймақта

- белгілі бір қызмет түріне байланысты немесе мемлекеттік орган қызметін тұтас тоқтату болуы мүмкін. 

Құқықтық акт мынадай жағдайда күшін жояды: 

- оны қабылдаған орган актіні күшін жойды деп тапса не басқа акт қабылдаса; 

- актіде көрсетілген талап орындалса; 

- заңды оқиға болса.  



 

9- тақырып. Әкімшілік жауаптылық ұғымы және маңызы 

 

3.1. Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы жіне негізгі ерекшеліктері 

3.2. Әкімшілік жауаптылықтан босату. 

3.3. Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы. 

 

Пайдалынатын негізгі терминдер: әкімшілік жауаптылық, әкімшілік жауаптылықтан босату, 

әкімшілік құқықбұзушылық, әкімшілік жазалар, 

 

Әкімшілік  жауаптылық  қылмыстық,  азаматтық  және  тәртіптік  жауаптылықтармен  қатар  заңдық 



жауаптылықтардың  бір  түрі  болып  табылады.  Оны  мемлекет  жауаптылықтың  негіздерін,  бұзушыларға 

қолданылуы мүмкін болатын шараларды, құқық бұзушылық туралы істерді қараудың және осы шаралардың 

орындалу тәртібін айқындайтын құқықтық нормалар шығару жолымен белгілейді. 

 

Заңдық  айғақ  -  әкімшілік  құқық  бұзушылық  болған  кезде  –  құқықтық  реформа  санкциясының 



механизмі іске қосылады, сөйтіп санкция жазаны қолдануға болатын (потенциалды) мүмкіндігінен шынайы 

жазаға, яғный әкімшілік жазаға айналады.  

 

Әкімшілік  құқықта  әкімшілік  мәжбүрлеудің  толып  жатқан  шараларының  ішінен  (тексеру, 



реквизициялау,  ұстау,  алып  қою  т.б.)  тек  әкімшілік  жазалар  ғана  жазалау  функциясын  атқарады  және  тек 

соларды қолдану ғана әкімшілік жауаптылықтың туындауына әкеп соқтырды (ӘҚБтК-тің 283-б.). Сонымен, 



әкімшілік  жауаптылық  – бұл әкімшілік-құқықтық санкцияларды  жүзеге  асыру, уәкілетті органның 

құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен заңды тұлғаларға әкімшілік жазалар қолдануы. 

 

  



 

 

Әкімшілік жауаптылықты әкімшілік құқық бұзушылық үшін құқықтық жауаптылық ретінде 



қарауға  болады.  Бұл  орайда  мынаны  ескеру  керек,  қол  сұғудың  объектісі  мемлекеттік  басқару 

аясындағы,  сондай-ақ  кейбір  басқа  да  қатынастар  болып  табылады.  Мәселен,  әкімшілік  жауаптылық,  бір 

жағынан, кеден, салық қатынастарына, меншіктік сақтауға, азаматтардың құқықтарын, табиғатты, халықтың 

денсаулығын, сауданы т.б. қорғауға байланысты қатынастарға қол сұққаны үшін белгіленеді.  

 

Екінші  жағынан,  әкімшілік  жауаптылық  әкімшілік  құқықтың  әрбір  нормасын  бұзған  үшін  емес, 



олардың ішінде тек әкімшілік жауаптылық көрсетілгендеріне ғана қолданылады.  

 

Әкімшілік  жауаптылық  құқық  қорғаудың,  бұзушылықтың  ерекше  түрімен  -  әкімшілік  құқық 



бұзушылықтармен,  олар  аса  қауіпті  болмаса  да,  бірақ  қылмыспен  салыстырғанда  едәуір  жиі  кездеседі, 

күресудің маңызды құралы  ретінде  пайдаланылады.  Олардың қауіптілігі ққыққа  қарсы іс-әрекеттің немесе 

әрекетсіздіктің  өздерінің  сипатында  ғана  емес,  сонымен  бірге  едәуір  көп  таралғандығында,  олардың 

көптеген мыңдаған әкімшілік құқық бұзушылықты қамтитын «көп түрлілігінде».  

 

 

 



Әкімшілік  –  құқықтық  нормаларды  бұзу  әкімшілік  мәжбүрлеу  шараларын  қолдануға  әкеп 

соқтырады,  олардың  бір  түрі  әкімшілік  жазалар  болып  табылады.  Нақ  осы  соңғылар,  алдын  алу,  жолын 

кесу  шараларынан  және  процессуалдық  шаралардан  айырмашылығы,  әкімшілік  жауапқа  тартылғанның 

нәтижесінде қолданылады. 

 

Әкімшілік жауаптылықты оны белгілеу тәртібі айырады. ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық 



осы  Кодекспен  белгіленеді.  Әкімшілік  жауаптылықты  көздейтін  өзге  заңдар  осы  Кодекске  олар 

енгізілгеннен кейін ғана қолданылады.  

Жергілікті  аумақтық  сипаты  бар  құқық  бұзушылықтар  үшін  (қоғамдық  тәртіп  пен  қауіпсіздікті 

қамтамасыз етуді, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру т.с.с.) облыстардың, Алматы мен 



13 

 

 



Астананың,  қалалар мен аудандардың  жергілікті өкілді органдары  ӘҚБтК-тің  тиісті баптарында әкімшілік 

жауаптылық көзделетін ережелерді белгілеуге құқылы.  

Органдар  мен  лауазымды  адамдар  әкімшілік  жауаптылық  шараларын  өздеріне  қызмет  жөнінен 

бағынышты  емес  бұзушыларға  қолданады.  Сонымен  бірге  олар  бір  ұжымның  қызметкерлері  болып 

табылмайды  және  қызметтік-еңбек  қатынасы  жөнінен  байланысты  болмайды.  Бұл  жағдай  әкімшілік 

жауаптылықты,  әдетте,  жоғарғы  органның  немесе  лауазымды  адамның  бағыныштылық  тәртіппен 

басшыларға,  жұмысшылырға,  қызметшілерге  қолданатын  тәртіптік  жауаптылыққа  айыруға  мүмкіндік 

береді. 

Әкімшілік  жауаптылыққа  тарту  мен  әкімшілік  жаза  қолдану  бұзушыны  сотталғанға  әкеп 



соқтырмайды және оны жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.  

Әкімшілік  жауаптылықты  оны  іске  асырудың  ерекше  процессуалдық  (іс  жүргізу)  тәртібі 

сипаттайды.  Ол  өзінің  біршамаоңайлығымен,  жеделдігімен  және  тиімділігімен  тиісті  қылмыстық  және 

азаматтық істерді қараудың және олар жөнінде қандай да біршешім қабылдаудың тәртібінен өзгешеленеді. 

Заңдар, демократизм, адамгершілік, мемлекеттік мәжбүрлеу құралдарын үнемдеу және иландыруды 

дәйекті  пайдалану  қағидаларын  негізге  ала  отырып,  құқық  бұзушылық  жасаған  адамдарды  қандайда 

болмасын бір заңдық жауаптылықтан босатудың мүмкіндігін қарайды. 

ӘҚБтК  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған  адамдарды,  мысалы,  теріс  қылық  онша  елеулі 



болмаған  жағдайда,  әкімшілік  жауаптылықтан  босатудың  негіздерін,  шарттары  мен  салдарларын 

белгілейді.  Әкімшілік  жауаптылықтан  босату  сондай-ақ  қоғамдық  ықпал  жасау  шараларымен  немесе 

жауаптылықтың  басқа  түрімен  (мысалы,  тәртіптік)  ауыстырудан  да  иа  болмаса  жауаптылықтың  ұзақ 

мерзімді  шараларын  қысқартудан  (мысалы,  аң  аулау  құқығын  жоюдың)  көрініс  табуы  мүмкін. 

Шындығында,  барлық  аталған  жағдайларда  уәкілетті  органдар  мен  лауазымды  адамдар  құқықтық 

нұсқамаларды бұзған адамдарды қандайда болмасын бір түрінде әкімшілік жауаптылықтан босатуды жүзеге 

асырады. 

Әкімшілік  жаза  қолдану  құқығы  берілген  органдар  (лауазымды  адамдар)  жоғарыда  аталған 

адамдарға  әкімшілік  жаза  қолданудың  орнына,  кінәлі  адамдарды  тәртіптік  жауаптылыққа  тарту  туралы 

мәселені шешу үшін тиісті органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруі мүмкін. 

Тәртіп  туралы  жарғалардың  күші  қолданылатын  темір  жол,  теңіз,  өзен  көлігі  мен  азаматтық 

авияцияның  қызметкерлері  қызметтік  міндеттерін  атқару  кезінде  ӘҚБтК-тің    тиісті  баптарында  (мысалы, 

439-441,  448-450,450-453,  443,  446,  447-баптарында)  көзделген  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  осы 

жарғыларға сәйкес тәртіптілік жауаптылықта болады. 

Әкімшілік  жауаптылықтан  босату  өзінің  мазмұны  мен  заңдық  салдары  бойынша  әкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  іс  жүргізуге  болмайтын  мән-жайлармен  ұқсас,  яғный  оларды  әрекеттің  құқыққа 

қарсылығы мен жауаптылыққа тарту мүмкіндігі біріктіреді, бұл тікелей қажетті қорғануға (ӘҚБтК-тің 38-б.) 

және аса  қажеттілікке (ӘҚБтК-тің 40-б.) жатады. Шынында, бірінші де, екінші де жағдайларда жағдайдың 

(ситуацияның) мазмұны әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, ал заңдық салдары (нәтижесі) ақыр 

аяғында  тура  келеді  және  юрисдикциялық  органның  немесе  лауазымды  адамның  қандай  да  бір  азаматты 

әкімшілік жауаптылыққа тартудан бас тартуға келтіреді. 



Әкімшілік  жауаптылықты  шектейтін  институт  бар.  Бұл  шектеулер  ең  алдымен  әкімшілік 

заңдармен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық субъектілерінің немесе әкімшілік қарап шешу шеңберінде 

құқық  қолданушылардың  ескеретін  ерекшеліктерімен  байланысты.  Атап  айтар  болсақ,  ӘҚБтК  әкімшілік 

құқық  бұзушылық  субъектісін  қандай  да  болмасын  шеліктеріне  байланысты  кейбір  әкімшілік  жазаларды 

қолдану мүмкіндігін болғызбайды. Мәсеен, әкімшілік қамауға алуды жүкті әйелдерге және 14 жасқа дейінгі 

балалары бар әйелдерге, 18 жасқа толмағандарға,  I және II топтағы мүгедектерге, сондай-ақ 58 жастан асқан 

әйелдер  мен  63  жастан  асқан  еркектерге  қолдануға  болмайды.Көлік  құралын  масаң  күйде  жүргізу,  масаң 

күйді  куәландырудан  белгіленген  тәртіппен  өтуден  жалтару,  сондай-ақ  аталған  адамдардың  белгіленген 

ережелерді  бұза  отырып,  өздері  қатысушысы  болған  жол-көлік  оқиғалары  болған  жерден  кетіп  қалу 

жағдайларын  қоспағанда,  көлік  құралдарын  жүргізу  құқығынан  айыруды,  бұл  құралдарды  мүгедектігіне 

байланысты  пайдаланатын  адамдарға  қолдануға  болмайды.  Аң  аулау  қаруларын  және  балық  аулау 

құралдарын  сақтау  мен  алып  жүру  құқығынан  айыруды,  осы  құқықты  пайдалану  тәртібін  үнемі 

бұзушылықты  қоспағанда,  аң  аулау  (балық  аулау)  өмір  сүруінің  негізгі  заңды  көзі  болып  табылатын 

адамдарға  қолдануға  болмайды.  Әскери  қызметшілерге  және  соларға  теңестірілген  адамдарға:  судьяларға, 

прокурорларға,  депутаттық  тиіспеушілікпен  пайдаланатын  адамдарға,  ҚРсы  аумағында  әкімшілік 

юрисдикциядан  иммунитеті  және  қорғанышы  бар  шетелдіктерге  әкімшілік  жаза  қолдану  негіздеріне  заң 

жүзінде шектеу қаралған. 

 Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы.   

Әкімшілік  жауаптылық  тек  жеке  адамдарға  ғана  емес,  жаңа  ӘҚБтК  бойынша  заңды  тұлғаларға  да 

таратылатын  болды.  Кодексте  заңды  тұлғаларға  (кәсіпорындарға,  ұйымдарға)  әкімшілік  жазалар 

қолданудың құқықтық негіздеріне едәуір орын берілген. 

Әкімшілік  жауаптылық  субъектілерінің  ішінде  «заңды  тұлғалар»  деген  цивилистік  ұғыммен 

қамтылатын  субъектілер  пайда  болды,  оған  барлық  ұйымдарды,  заңды  тұлға  құқықтары  барларды  да, 

жоқтарды  да,  оның  ішінде  олардың  филиалдары  мен  өкілдіктерін,  сондай-ақ  өзге  де  құрылымдық 


14 

 

 



бөлімшелерін,  егер  олар  әкімшілік  заңнамалармен  құқық  субъектілері  болып  табылатын  болса,  жатқызуға 

болады. 


Заңды  тұлғалардың  әкімшілік  жауаптылығын  әкімшілік  құқық  бұзушылық  құрамының  дәстүрлі 

белгілері  сипаттайды  (объект,  объективтік  жағы,  субъект,  субъективтік  жағы).  Бірақ  та  оларды  жеке 

тұлғалар  жасаған  әкімшілік  құқық  бұзушылықтың  құрамын  сипаттайтын  ұқсас  белгілерден  айыратын 

олардың елеулі ерекшеліктері бар. Бұл ең алдымен және негізінен кінә ұғымына қатысты.  

Кінә  -  кез-келген  жауаптылықтың  қажетті  шарты.  Кінә  болмаған,  яғный  құқыққа  қарсы  іс-әрекет 

(әрекетсіздік)  жасалмаған  жағдайда  әкімшілік  те,  тәртіптік  те,  қылмыстық  та  жауаптылық  болуы  мүмкін 

емес. 

Объективтік кінә - бұл белгіленген ережелерді бұзатын заңды тұлғаның нақты іс-әрекеттерінің немесе 

әрекетсіздігінің  сипатына  байланысты  әкімшілік  жаза  қолданатын  мемлекеттік  органның  көзқарасы 

тұрғысынан  ұйымның  кінәсі;  субъективтік  кінә  -  ұйымның  атынан  оның  ұжымының,  әкімшілігінің, 

лауазымды адамдарының құқыққа қарсы әрекетке көзқарасы. 

Заңды  тұлғаның  әкімшілік  жауаптылығын  өзінің  міндетін  кінәлі  түрде  орындамауының  жарамсыз 

салдары ретінде сипаттай отырып, оны тек құқыққа қарсы әрекет үшін ғана жауаптылық ретінде ұғынумен 

қанағаттануға  болмайды.  Заңды  тұлғаға  әкімшілік  жаза  қолдану  тек  кінәсі  үшін  ғана  жазалау  үшін  емес, 

сонымен  қатар  әрі  ұйымның  өзінің  міндеттерін,  мемлекеттік  органдардың  талаптарын  орындауды 



қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. 

Айтылғанды  жинақтап  қорыта  отырып,  мынадай  анықтама  беруге  болады:  заңды  тұлғалардың 



әкімшілік  жауаптылығы  –  бұл  әлеуметік  әділеттілікті  қалпына  келтіру,  құқыққа  қарсы  қызметті 

мемлекеттік  айыптау,  оларға  жүктелген  міндеттерді  орындатуды  қамтамасыз  ету,  құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу  мақсатында  әкімшілік  құқық  субъектілігі  бар  ұйымдарға  мемлекеттің 

белгіленген  ережелерін,  нормаларын  және  стандарттарын  орындамағаны  немесе  дұрыс 

орындамағаны үшін әкімшілік жазалар қолдану. 

Барлық  осы  салалар  мен  аяларда  Заңды  тұлғаларға  әкімшілік  жауаптылықтың  шараларын  қолдану 

белгілі бір ерекшеліктермен сипатталады.  

Жер туралы заңнамаларды бұзған үшін әкімшілік жазалар қолдану. Әкімшілік жазаның шаралары 

ретінде  ӘҚБтК  көпшілігінде  айыппұлдар  қараған,  олар  жерге  меншік  құқығын  бұзған,  жер  телімдерін  өз 

бетімен иеленген, ранаулы белгілерді жойған, жерді бүлдірген, өз бетімен құрылыс салған, жерді нысаналы 

мақсатында пайдаланбаған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі ережелерді бұзған үшін салынады.  



Заңды  тұлғалардың  кеден  ережелерін  бұзған  үшін  әкімшілік  жауаптылығы.  Заңды  тұлғалардың 

кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтары мынадай жазалар қолдану түрінде қаралған: 1) 

ескерту,  2)  айлық  есептік  көрсеткіштің  1000-ға  дейінгі  мөлшерде  айыппұл  салу;  3)  кеден  ережелерін 

бұзудың  тікелей  объектілері  болған  тауарлар  мен  көлік  құралдарын  тәркілеу;  4)  лицензияны  арнайы 

рұқсатты  немесе  біліктілік  аттестатын  (куәлігін)  тоқтата  тұру,  лицензиядан  айыру  (лицензиядан  айыру 

ұйымдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге, кедендік қоймалар, уақытша сақтау қоймалары, бажсыз 

сауда жасау магазиндер иелеріне, ұйымдарға – кедендік делдалдарға, кеден тасымалдаушыларына, бұлар тек 

қана  заңды  тұлғалар  болуы  мүмкін,  арналған).  Лицензиядан  айыру  деген,  шындығында,  осы  лицензиямен 

жұмыс  істейтін  кәсіпорын  қызметінің  толығынан  тоқтатылуын  білдіреді  және  әкімшілік  жаза  ретінде 

қаралады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет