1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Тұрғын үй құқығы: пәні, құқықтық реттеудің әдістері, қағидаттары



бет33/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

3. Тұрғын үй құқығы: пәні, құқықтық реттеудің әдістері, қағидаттары. Адам өмірінің басты материалдық жағдайларының бірі тұрғын үй болып табылады. Адамның тұрғын үйге деген сұранысы ол туғаннан бастап пайда болады және оның өмірінің барлық кезінде сақталады, яғни, тұрақты сипатта болып, жасы ұлғайған саыйн, отбасының пайда болуымен түрі өзгереді.
Тұрғын үй құқықтын реттеу пәні ретінде заңнамада және заңи әдибиеттерде тұрғын үй қатынастар деп аталатын қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығы болып табылады.
Тұрғын үй қатынастары - үй жайларды пайдалану бойынша, тұрғын жайларға мұқтаждарға, оларды беру бойынша, тұрғын үй қорын басқару және пайдалану бойынша тұрғын үй саласындағы әр түрлі қатнастар құрайды.
Тұрғын үй қатынастар келесі топтарға бөлінеді:
- жалға алу шарты негізінде тұрғын үйді жалға алу бойынша қатынастар;
- «коммуналдық қатынастар», азаматтарға тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетумен байланысты қатынастар;
- тұрғын үйді жалға алуды басқару, пайдалану, оны сақтау мен жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету саласында пайда болған тұрғын үй қатынастары;
- қызметтік үй жайларды, жатақханаларды, мамандандырылған тұрғын үйлерді пайдалану бойынша тұрғын үй қатынастары;
- тұрғын үйдің құрылысымен және меншікке сатып алумен байланысты туындаған қатынастар;
- азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету саласындағы тұрғын үй қатынастары.
Тұрғын жайларды пайдаланумен байланысты қатынастарға құқықтық қатынастар тараптарының теңдігіне негізділген реттеудің азаматтық-құқықтық әдістері тән болып табылады, әкімшілік-құқықтық әдістер тұрғын үйлерді бөлу, тұрғын үй қорларымен басқару және ұйымдастырушылық, басқару сипатындағы басқа да қатынастар қатысты, яғни, құқықтық ережелерді орындауды мемлекеттік мәжбүрлеуді қамтамасыз етуде рұқсат беру, тыйым салуларды бекітуді білдіреді.
Тұрғын үй қағидаттары ретінде негіз салушы бастама, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің маңызды ережелері түсіндіріледі:
1) ең бастысы тұрғын үйге қолсұқпайшылықтың конституциялық қағидаты. Оған сәйкес тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі;
2) тұрғын үйден айыруға жол берілмеу қағидаты. Оған сәйкес соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді;
3) тұрғын үйлерді жалға алу жағдайы азаматтар үшін қол жетерлік қағидаты. Оған сәйкес азаматтарды тұрғын үйге өз құқықтарын әр түрлі тәсілдер арқылы іске асуы мүмкін;
4) тұрғын үй қорын мақсатты пайдалану қағидатына сәйкес тұрғын үй тек азаматтардың тұруы үшін арналған. Оның үстіне тұрғын үйлерде өнеркәсіптік өндірістерді қоюға жол берілмейді.
5) тұрғын жердің еркін тандау қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде болған кез келген адамның еркін жүріп тұруға,тұрғылықты жерді тандауға құқығы бар. Ешкімде белгілі бір аумақта немесе елді мекенде тұруға мәжбүрленуге жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет