1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Тұрғын үйге меншік құқығының пайда болуы және тоқтату



бет34/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
4. Тұрғын үйге меншік құқығының пайда болуы және тоқтату. Азаматтар өздерінің тұрғын үй жағдайларын тұрғын үйлерді меншікке алу жолымен жақсартуы мүмкін. Бір азаматтың немесе заңды тұлғаның меншігіндегі тұрығын үйді саны мен көлемі шектелмейді. Заңнамаға сәйкес тұрғын үйге немесе оның бір бөлігіне меншік құқығы келесі негіздер бойынша пайда болады:

    • үй құрылысы (үйдің бір бөлігінің құрылыс);

    • сатып алу сату, айырбастау, сыйға тарту, өмір бойы ұстау шартымен алу және заңнамаға қайшы келмейтін басқа да азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасау;

    • мұра бойынша тұрғын үйді алу;

    • жекешелендіру.

Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативiнiң мүшелерi, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшiн өзiнiң үлестiк жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады
Тұрғын үймен мәміле жасаудың кең таралған түрі сатып алу сату болып табылады және ол сатып алу сату шартымен рәсімделеді. Тұрғын үйді сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) тұрғын үйді немесе пәтерді екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл тұрғын үйді немесе пәтерді қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi. Тұрғын үйді сатып алу –сату шарты мемлекеттік тіркеуге жатады және тіркелгеннен кейін жасалды деп танылады.
Шарттың кең таралған түрлерінің бірі айырбас шарты болып табылады.
Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне түрғын үйді немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.
Мұрагерлік бойынша тұрғын үйді алу мүра негізінде жүреді, бұл қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Жекешелендіру деп ерікті негізде азаматтардың меншігіне мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрған тұрғын үйді тегін беруді айтамыз.
Меншiк құқығы меншiк иесi өз тұрғын үйін басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, тұрғын үйін қираған немесе жойылған, меншік иесінің қайтыс болған жағдайда және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.
Тұрғын үйді меншiк иесiнің құқығын мәжбүрлеп тоқтату Заңмен көзделген мына жағдайларда жол беріледі:
1) меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша тұрғын үйге өндiрiлiп алынған ақы айналымға түскен;
2) реквизицияланған - дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, iндеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте тұрғын үй қоғам мүддесi үшiн мемлекеттiк органдар шешiмi бойынша заң құжаттарында белгiленген тәртiп пен жағдайларда меншiк иесiнен оған тұрғын үйдің құны төлене отырып алып қойылуы мүмкiн;
3) тәркiлеген;
4) жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет