1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Тұрғын үй заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік



бет35/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

5. Тұрғын үй заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік. Әрбір мемлекетік мекеме және қоғамдық бірлестіктер Заңмен өздеріне белгілі сұрақтарды ғана қарауға және шешуге құқылы.
Тұрғын үй даулары — бұл тұрғын жайларды пайдалану, билік ету және иелену бойынша субъективтік құқықтарды қорғау қажеттігі, азаматтар мен ұйымдардың тұрғын жай құқықтары мен мүдделерін қорғаудан туындайтын даулардың ерекше түрі. Тұрғын үй дауларымен байланысты істер сот тәжірибесінде азаматтық істер түсінігін қамтиды. Тұрғын үй даулары сотпен сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен құрылған арнайы орган ретінде әрекет ететін тұрғын үй комиссиясымен шешіледі.
Тұрғын үй істерін уақытылы және дұрыс шешілуін қамтамасыз ету мақсатында соттар бұл істердің сот талқылауына дайындығына және ұсынылған материалдармен шектеліп қана қоймай, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің, істің мән-жайларының ақиқаттылығын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін заңмен белгіленген барлық шараларды қолдануға ерекше көңіл бөлу қажет. Соттар тұрғын үй дауларын қарастырған кезде істі сот талқылауына дайындау процесінде және істің бұндай аяқталуына мүмкіндіктерді анықтай отырып, тараптардың бітімгершілікке келуінің барлық жағдайларын ескеруі тиіс.
Азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша, егер бұндай даулар заңмен әкімшілік немесе өзге органдардың қарауына жатпаса, егер даудағы тараптардың біреуі азамат болса, онда ол сот юрисдикциясына жатады.
Сотта мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, мекемелердің, кәсіпорынның, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің және лауазымды тұлғалардың дара және алқалы шешімдеріне шағым келтірілуі мүмкін, соның нәтижесінде: азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылған, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуына кедергі келтірілген, азаматқа белгілі бір заңсыз міндет жүктелген немесе заңсыз жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздіктермен) келтірілген зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс. Жауапкершілік мынадай төрт негіз болғанда туындайды: 1) зиян келтірушінің құқыққа қайшылық әрекет, 2) зиянның болуы, 3) келтірілген әрекет пен зиянның арасындағы себепті байланыс, 4) кінәлілік.
Тұрғын үй саласында мынадай әкімшілік құқықбұзушылықтар қарастырылған: бөтен біреудің мүлкіне зиян келтіру, бүлдіру, өзбетімен құрылыс салу, өз бетімен тұрғын үйлерде қайта жабдықтау және қайта жобалау, тыныштықты бұзу және т.б.
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуды қажет ететін адамдарды есепке алу тәртібін бұзудан, тұрғын үйлерді беру және есептен шығарудан, тұрғын үйлерге жіберудің мерзімдерін бұзудан туындайтын лауазымдық қылмыстарды атауға болады. Қылмыстық жауаптылық қызметік өкілеттілігін теріс пайдаланудан, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, салақтық және т.б.
8. Қазақстан Республикасының қаржы және салық құқығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет