1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұғымы



бет54/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

3. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұғымы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, жемқорлық тәрізді жинақты ұғым. Бұл саясат мемлекеттің өмірі мен қызметінің, халқының ауқымды бағытын қамтиды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат экономика және қаржы салаларында, әлеуметтік пайдалы қызметте, халықаралық қатынаста, мәдениет және спортта, денсаулық сақтау, ғылым және білім беру және т.б. салаларында негізгі функцияларды орындау үшін тиісті жағдай жасауға бағытталған.
Жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді құру үшін жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға себеп болатын жағдайлар неден тұрады, жемқорлық бұзушылыққа апаратын объективтік шарттар қандай, мемлекеттің жеке алған әрбір жеке өмір мен қызметтегі жемқорлықтың теріс әсері неде, еліміздің нақты алғандағы экономикалық маңызды бағыттарының жемқорлық жұққан деңгейін және т.б. білу керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шартты түрде мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) аймақтық;
2) жалпы мемлекеттік;
3) халықаралық.
Бірінші деңгей – аймақтық (латын тілінен region - аймақ) – қандай да бір шектелген облысты қамтиды, жергілікті сипатқа ие. Жергілікті деңгейге облыстар (мысалы, Қазақстан Республикасында), сондай-ақ берілген мемлекетте қабылданған өзге де әкімшілік-аумақтық бөлініс түрлері (мысалы, АҚШ-та жеке дара штат, Қытайда жеке дара провинция және т.с.с.) жатқызылады.
Екінші деңгей – жалпы мемлекеттік – сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарының кері әсері барлық облыстардағы (штаттардағы, провинциялардағы және т.с.с.) өмір мен қызметтің барлық салаларын қамтиды.
Үшінші деңгей – халықаралық – іргелес елдердің, сондай-ақ ортақ шекаралары жоқ, бірақ сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет етудің ортақ принциптерін ұстанатын елдердің өмірі мен қызметінің барлық салаларын қамтиды.
Осы деңгей шеңберінде аймақтық деп аталатын (латын тілінен reginalis – белгілі бір аумаққа, елдер тобына жататын) саясат ескеріледі, мысалға бұл саясат Еуропа, Азия, Еуразия және т.с.с. елдердің сыбайлас-жемқорлыққа қарсы шараларын қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет