18. Темперамент анықтамасы. Темперамент (лат. темпераментұм - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы.
19. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде. Жүйке жүйесінің күші дегеніміз – оның клеткаларындағы физиологиялық заттардың қоры. Клеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестері де күшті, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестері теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең, ал шамалас болмай, екеуі екі дәрежеде болса, онда бірінен-бірі алшақ, тең емес болады. Ми қабығыныі бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу, керісінше, тежелуді қозу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай,керенаулап қалса, онда жүйке жүйесі енжар болады. Демек, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесі тең емес, бірінен-бірі алшақ қозғалғыш болса, оны шыдамсыз тип, ал күшті, теңдес болса, оны сергек тип дейміз. Күшті, тендес, енжар болса – тыныш тип, егер жүйкесі шыдамсыз, күшсіз болса, әлсіз тип делінеді.
Темперамент – адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктердін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса – флегматик, әлсіз болса – меланхолик болады.
20. Темпераменттің анықтамасы. Темперамент (лат. темпераментұм - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы.
21. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Холерик-жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен,әрекеттегі қуаттылықпен,қозғалыстағы күштілікпен,жылдамдықпен,талпыныспен,қарқынмен сипатталады.Холериктің көңіл-күйі жылдам алмасады,шыдасыз,қызба,эмоционалды өзін басқаруы төмен,кей кезде агрессивті болып келеді.
Сангвиник- типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды.Көңіл-күйі тез өзгереді.Ұзақ уақыт мұнайып жүрмейді. Шапшаң, көпшіл, еті тірі, сергек болып келеді.Мұндай адам басқалармен тез тіл табысады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай,жұмысы аяқсыз қалады.
Флегматик- психикалық төмен белсенділікпен,баяулықпен,мимиканың жадаулығымен сипатталады.Флегматиктің бір істен екінші іске алмасыу және жаңа ортаға бейімделуі өтее күрделі.Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты.Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді.
Мелонхолик- типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді.Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді.