71.Педагогикалық ұжым ұғымын ашыңыз Педагогикалық ұжым - педагогикалық көзқарастарының, сенімдері мен іс әрекеттерінің бірлігімен ұйымдасқан оқу-тәрбие мекемесі (мұғалімдер, тәрбиешілер, директор, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп дөрігері) қызметкерлерін біріктіреді. Ұжымның қажеттілігі екі түсінікті аңғартады: бірі - кез келген ұжымдық бірлестіктер; оған жұмысшылар, еңбеккелер, әкімшілік, мектеп, оқу орындары және басқа мекемелердегі адамдар; екіншісі - белгілі бір жоғарғы жетістіктерге жетуді басты мақсат еткен арнайы топтар. Олардың басты мақсаттары – бірлік, ынтымақтастық және мүдделік ерекшеліктері болмақ. Мектеп ұжымының ерекшелігі – ұжым мүшелері, яғни оқушыларға педагогтар мен жұртшылықтың алдын-ала жоспарланған, алдына белгілі бір мақсат қойып, жас ұрпақтың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасауға бағытталған тәлім-тәрбие жүйесі.Педагогикалық ұжымның оқушылардың ата-аналармен жүргізілген жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.
72.Басшының және қызметкердің этикалық қарым-қатынас ұғымын түсіндіріңіз Басшының қызметкермен (яғни бағыныштылықпен) қарым-қатынас стилі ұжымдағы қарым-қатынастың жалпы стиліне байланысты. Басшы, әдетте, қызметкерлерге аты және әкесінің аты бойынша жүгінуге тиіс.Сондай-ақ қарамағындағыларға аты бойынша, тіпті қысқартылған нұсқада жүгінудің қажеті жоқ. Біздің елімізде ғасырлар бойы адамдарды аты мен әкесінің атын құрметпен атауға болады. Біздің ежелгі дәстүріміз осындай. Егер олар жас болса және мұндай отбасылық үндеуге қарсылық білдірмесе, жақын жердегі қызметкерлерге аты бойынша жүгінуге болады.
«Басшының және қызметкердің этикалық қарым-қатынас кодексі»
1.Басшы мен қызметкерлер қақтығыстарды болдырмай, өздеріне бекітілген жұмысты адал әрі тиянақты орындауға міндеттеме алады;
2.Басшы этиканың негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаттарын ескере отырып қызметкерлермен ортақ іскерлік шешім қабылдайды,олардың іске асуына жауапкершілікте болады;
3.Мекеме басшысы лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке қарым-қатынасты және жеке пайданы емес, ортақ мүддені ойлауы керек;
4.Ішкі нормативті құжаттардың талаптарын сақтау, бұзған немесе сақтамаған жағдайда жауапкершілігін сезіну;
5.Жаңа қызметкерлерді қабылдағанда Қазақстан Республикасы заңнамасын және ішкі талаптарды ескереді. Жас, жыныстық, діни немесе нәсілдік тұрғыда кемсіту болмайды.
6.Қызметкерлердің кәсібі біліктілігін арттыру үшін барлық жағдай жасалуы керек;
7.Қызметкерлердің жеткен жетістігіне байланысты оның біліктілігін мойындау және ынталандыру сыйақыларын беруді ұйымдастыру;
8.Қызметкерлері үшін таза және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету;
9.Ұжымда тұрақты әрі жағымды атмосераның қалыптасуы үшін екі жақты бірлескен әрекет ету керек, олардың ортақ мақсаттары мен жоспарлары болу керек.
10.Басшы мен қызметкер өзара сыйластықта болу керек және бір-біріне құрметпен қарау;
11.Басшы мекеме ережелерін ұстанатындығын өз әрекетімен көрсетуге тырысу, консультациялар мен тәлімгерлікке, ұжымның ортақ мақсаты, қағидалары ме қағидаттарымен біріктірілген команда болып жұмыс істеуге уақыт бөлу;
12.Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау;
13.Әрбір қызметкер әріптестері мен серіктестеріне қатысты жыныстық, жастық, нәсілдік, саяси, діни және т.б. себептермен кемсітуге жол бермеу;
14.Құқық бұзуға әкелетін кез келген жағдай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады;
15.Ішкі құжаттар негізінен бөлек қандай да болмасын артықшылықтар
мен жеңілдіктер жасауға жол берілмейді;
16.Лауазымды тұлғалар өз міндеттерін орындағаны үшін жеке тұлғалар
мен ұйымдардан ақша немесе сыйақы алуыға, оған тәуелді тұлғалардан
сыйлықтар мен қызметтер алуға құқығы жоқ.
17.Әрбір жаңа мәлімет, жаңалық уақытылы айтылуы тиіс;
18.Әрбір қызметкер өз құқығын біліп, өз ойы мен пікірін ашық жеткізе
алады. Барлық қызметкерлердің пікірі есепке алынуы тиіс.
19 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жағдайларға басшы жауапты болады.