1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»



бет43/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

63. Көшбасшылық терминіне сипаттама
Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу. қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына. мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының. қолданатын құралы. Қай заманда да ұлт өмірін ойлаған, ақыл-парасатты, ұлтжанды, рухы биік, мәдени-ғылыми өресі кең ұрпақты тәрбиелеу қоғам алдындағы басты міндет болған. Көшбасшылық әртүрлі ғылым саласы мамандары шұғылданып келген, тамыры тереңде жатқан мәселе ретінде адамзаттық өзара қарым-қатынас тарихында ерекше орын алады. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лидер аса беделді тұлға ретінде танылады. Лидерлік мазмұны жағынан иерархиялық тұрғыдан әртүрлі тарихи-әлеуметтік деңгейге ие болғанымен, бұл ұғымның нақты анықтамасы әлі де болса толық қалыптаспаған. Көшбасшылық түсінігінің алғашқы анықтамасы билік, өкілеттік тұрғыдан қолданылып, ары қарай лидердің жеке сипаттық белгілері (мінез-құлық, тәртіп стильдері) зерттелінген. Бүгінде психологияның жеке саласы ретінде «лидерология» ғылымы қалыптасты.
64. Лидерліктің негізгі функциялары
Батылдық, ұйымшылдық, жігерлік, ерлік т.б
Лидердің функциялары:
1. Конструктивті функциясы. Бұл функция қоғамдағы барлық адамдардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған, бірақ басқа қоғамның қызығушылықтарына нұқсан келтірмеу керек.
2. Ұйымдастыру функциясы. Кадрларды басқару жүйесін қалыптастыру, жұмыстарды біріктіру, саяси үрдістер мен әрекеттерді жоспарлау. Мұнда көшбасшы бір жүйені қалыптастырады, міндеттерді бөледі, әрі қарай жүруі қадағаланады, тұлғааралық қарым-қатынасты реттейді, бәрін келісімге мәмілеге; ымыраға бағыттайды.
3. Координациялық функциясы. Топаралық әрекеттерді келістіру, бірігіп жұмыс атқаруға белсендендіру. Көшбасшы шешім қабылдаушы, ортақ шешімге келтіруші, ортақ қоғамдық құндылық құрушы.
4. Интерактивті функциясы. Мұнда көшбасшы айналасына өз ойымен, мақсатымен ортақтас адамдарды біріктіреді.
лидерліктің негізгі функцияларын бөліп көрсетуге болады: интегративтік - адамдарды жалпы қызығушылығымен әрекет ететін топқа біріктірсе, ал дезинтегративтік – барлық адамдарды бір топқа біріктіреді, басқа ұжымға қарағанда әлсіздеу болады; ұйымдастырушылық – ұжым мүшелері үшін қолайлы жағдайлар мен басқару жүйесін құру, әртүрлі әрекетті жоспарлау, топқа қатысушылар арасындағы қатынасты реттеу; конструктивтік – топ мүшелерін қанағаттандыратын, барлығының қызығушылығын ескере отырып, пайда келтіретін нақты бағдарламаны айқындау; үйлестірушілік – осы қоғамдағы қабылданған құндылықтар жүйесімен және институт билігімен, қауымдастықтың пікірімен келісу арқылы шешім қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет