1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»



бет2/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

Бірінші тұрғыда «басқару» «педагогикалық менеджмент» ұғымына қарағанда кең мағынаны білдіреді. Н.Л. Коломинский білім берудегі менеджменттің ғылыми-психологиялық негіздерін қарастыра отырып, бұл оқу-тәрбие мекемесі басшысының басқа адамдармен (қарамағындағылар, серіктестер, қызметкерлер, балалар, т.б.) бірге қойылған мақсатқа жетудегі олардың белсенділігін және үйлесімді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған саналы өзара әрекеттестігі деп есептейді. Ғалымның пікірінше, білім берудегі менеджмент – бұл басқарудың бөлігі, осы үрдістің нәтижесінде басқа адамға ықпал ету, тиімді әрекетке психологиялық негіз болу.
Екінші тұрғыдан «басқару» және «педагогикалық менеджмент» ұғымдарының мәні ұқсастырылады. В.П.Симоновтың пікірінше, менеджмент қойылған мақсатқа жетуде еңбекті, басқа адамның интеллектісі мен мінез-құлық мотивтерін қолданудағы басшының біліктілігі. Сондықтан әлеуметтік үрдістерді басқару ғылым мен өнердің қосындысы. «Педагогикалық менеджмент» бұл педагогикалық жүйелер және олардың тиімділігіне, қызметтеріне және дамуына бағытталған басқарудың технологиялық тәсілдері, қағидалары, әдістері, ұйымдастыру формаларының кешені.
М.А.Гончаров та «педагогикалық менеджмент - бұл оқу-тәрбие, оқу-танымдық үрдістерді басқару және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған қағидалар, әдістер, ұйымдастыру формаларының кешені» - деп тұжырымдайды.
Үшінші тұрғыдан «педагогикалық менеджмент» ұғымының мәні мектепішілік басқарудың педагогикалық теория мен практикасында дәстүрлі қолданылатын басқару ұғымына қарағанда терең сипатталады, Мұнда әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістер жағдайында білім беру мекемесі басымды қызмет атқаратыны, мектепішілік басқару теориясын менеджмент теорияларының элементтерімен байытудың қажеттілігі ашып көрсетіледі.
Т.И. Шамованың «Мектепті басқарудағы менеджмент» еңбегінде Педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен практикасындағы менеджмент құралдарын педагогикалық мақсаттағы жолдарды анықтауға, білім беру мекемелерін басқару теориясы мен практикасын жаңа идеялармен, басқару міндеттерін шешудің тәсілдерін байытуға алып келеді деп тұжырымдайды. Бұл тұрғы алдыңғы екеуіне қарағанда аса маңызды болып саналады. Себебі, бүгінгі таңда қоғам кеңістігінде қазіргі заманауи оқу мекемелерінің кез келген формасы (мемлекеттік, жеке) қызмет атқарады, нарықтық экономикаға негізделген.
Бұл нарықтық экономика жағдайында білім беру жүйесі әлеуметтік қызмет көрсету саласына енетінін көрсетеді. Кез келген жүйе секілді білім беру және тәрбиелеу жүйесі де нарық заңына сай дамиды. Білім беру (тәрбиелеу) қызметтерін оқу-тәрбие мекемелері ұсынады. Қазіргі заманғы мектептер іс-әрекеттерінің мақсаты, олардың негізгі қызметтері тұтынушылардың сан алуан түрлі сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді.
«Педагогикалық менеджмент» ұғымы, біріншіден,педагогикалық жүйелерді басқару туралы ғылым ретінде өзінің мәнін айқындайды, оның міндеті қазіргі заманғы оқу мекемесінің мақсатына тиімді жетуіне мүмкіндік беретін әдістер мен құралдарды дайындау, нарықтық экономиканың дамуымен анықталған ортаның ішкі және сыртқы нақты жағдайларына сүйене отырып, олардың қызметкерлерінің өнімді еңбегін арттыру, педагогикалық өнімнің рентабелділігіне және пайдалылығына қол жеткізу.
Екіншіден, педагогикалық менеджмент қойылған мақсатқа жету үшін рациональды тәсілмен оқу мекемесі педагогикалық ұжымы мен қосымша персонал, басқарушы қызметкерлер жұмыстарын ұйымдастыру ретінде мәнін ашып көрсетеді. Осыдан білім беру мекемесінің кадрларын басқару бойынша жұмыстар оқу-тәрбие үрдісінің барлық қатысушыларының сұраныстарына сәйкес келуі және олардың жұмыстарын белсендендіру мүмкіндіктеріне ие болуы, педагогикалық өнімді тұлғаны мәдени қалыптастыру саласы ретінде еңбек өнімділігін көтеруі тиіс.
Үшіншіден, педагогикалық менеджмент белгілі құрам мен құрылымнан тұратын оқу мекемесінің (өз субъектілері бар орган) ұйымдастырушылық іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі, оның аясында жалпы білімдік-тәрбиелік мақсаттарға жетуге бағытталған іс-шаралар жоспарланады және үйлестіріледі.
Төртіншіден, «педагогикалық менеджмент» термині басқару жүйесі деп анықталады, оқу мекемесі немесе оның жеке бөлімдері басқару нысаны болып табылады, нарықтық экономика жағдайында ортасы қалыптасқан кері байланыс жолымен икемделеді. Оқу мекемесінің нарықтық білім беру қызметтерімен кері байланысының нәтижесі басқару шешімі болып табылады. Ол оқу мекемесінің соңғы нәтижесіне жету үшін ақпараттық, технологиялық, материалдық, қаржылық, еңбек және интеллектуальдық ресурстарды өндіреді, нарық жағдайында оқушылардың білімділік және тәрбиелік жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Бесіншіден, «педагогикалық менеджмент» белгілі бір тұлғаның іс-әрекетіне қатысты әкімшілік біліктілік пен дағдылардың ерекше типі ретінде қарастырылады, яғни білім беру менеджері кәсіби басқарушы қызметін сипаттайды.
Педагогикалық менеджмент іс-әрекет жүйесі ретінде келесі құрылымдық - функциональдық компоненттерден тұрады, олар: іс-әрекет мақсаттары (жоспарланған, күтілетін нәтиже); іс-әрекет субъектілері (директор, оның орынбасарлары, мұғалімдер, оқушылар); іс-әрекет мазмұны (оқу-танымдық, басқарушылық және ақпараттық); іс-әрекет тәсілдері (басшының мұғалімдер, оқушылармен, мұғалімдердің оқушылармен өзара әрекеттестік әдістері мен стилдері).
3. Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері туралы айтыңыз
Дұрыс ұйымдасқан басшылық қатынас жақсы басшылықтың катализаторы болып есептеледі. Керісінше басшылық қатынастың болмауы басшы мен жұмысшы арасындағы қатынасқа зиян келтіре отырып, ұйымның жұмыс өнімділігін төмендетеді. Басшы болу үшін екі шартқа сәйкес болуы қажет: оның көмегімен басшылық мәселелер шешіледі; оған қатысушылар өзін жетілдіруге, жетістікке жетуге мүмкіншілік алады.
Басқарудағы осы екі шартты орындағанда ғана қатынас тиімді болады. Атақты психолог А.Ю.Панасюк басшылық қатынасының маңыздылығы жұмысшының басшысы не қалайтынын түсініп, өзін басшысының орнына қойып үйренеді. Бұл жағдайды А.Ю.Панасюк басшылық қатынасының бірінші заңы деп атаған. Басшы мен жұмысшы арасындағы өзара түсіністікті болдыру үшін бұйрықты ақпарат беруде мыналар маңызды: кәсіптік тілдің бірлігі, интеллект деңгейін есептеу, ақпарат толықтығы, мәселеге көңіл аудару немесе оны жеткізудің ойлылығы. Ақпаратты жеткізу мынадай үлгіде жүзеге асуы тиіс: жұмысшының көзқарасына қарсылықты болмауы; жұмысты атқарудағы жұмысшының қызығушылығын көрсету. Кейде жұмысшыға басшы адам ретінде ұнамағандықтан қарсыласады. Бұл жағдайда іскерлік шиеленістен туған қатынас эмоционалды түрге көшеді.
Сондықтан басшы жұмысшылармен ең алғаш қатынасу кезінде басшылық қатынастың екінші заңына бағынуы тиіс: тең қатынасты жағдайда адам өзі эмоционалды оң қатынастағы адамның позициясын ұстанады, және керісінше эмоцианалды теріс қатынастағы адамның позициясын құптамайды.
Қарым-қатынас міндетті түрде конструктивтік ұстанымда болып, басқалардың тұлғасы мен пікірін түсіну және сыйлау тұрғысынан жасалады. Біздің санамызда өзіндік түсінік, пікір, ойлар формасында туындайтын білім де тура осындай екі жолмен: алдымен басқамен қарым-қатынас арқылы, содан кейін өзіңмен диалог жасау, яғни рефлексия арқылы игеріледі.
Басшылық әрекетін талдау кезінде қарым-қатынас оның тәуелсіз бөлігі болып саналады, қатынас басқару үрдісінде «коммуникативті реттеуші», «коммуникативті ұйымдастырушы» функцияларын атқарады. Басқару қатынасы басқару әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Басқару қатынасы қарым-қатынастың ерекше, спецификалық түрі. Басқа қатынастардан ерекшелігі осы қатынас түрі негізінде басшылық мәселелері шешіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет