1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Басқарудың жалпы қағидалары мазмұнын ашыңыз



бет54/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

89.Басқарудың жалпы қағидалары мазмұнын ашыңыз
Менеджмент басқару үрдісінде адамдардың өзара қатынасын зерттейтін басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларының мазмұны бірдей болады: басқарудың субъектісі мен объектісі, тура және кері байланыс, басқару жүйесі, қоршаған орта.Басқарудың принциптері – басқаруды ұйымдастыруға және оның құрылымына, жүйесіне қойылатын негізгі талаптары анықтайтын басшылықтың ережесі. Басқарудың заңдылығы сияқты оның принциптері де жеке және жалпы болып екіге бөлінеді.Басқарудың жалпы принциптері әмбебап сипатта болатындығымен және басқарудың барлық сферасы мен халық шаруашылығының барлық салаларына ықпалын тигізетіндігімен сипатталады.Басқарудың жалпы принциптеріне мақсаттылық, жоспарлылық, құзыреттілік, тәртіптілік, ынталандыру, иерархия
90.Тұтас педагогикалық үрдістің диагностикасын таңдаңыз
Диагностика – оқу үрдісінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі, танымдық үрдісте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностикалау негізінде басқару мазмұнының тұтасынан алғанда мектеп жұмысына сәйкестігі айқындалады. Менеджменттік тұрғыдан қарастыру арқылы басқарудың гумандылығы, демократиялығы, басқарушылардың ұжымды үздіксіз қолдап отыру жағдайына басты назар аударылады. Диагностикалық әдістерге оқушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бақылау, сұхбат алу, әңгіме өткізу, рефлексиялық талдаулар, рефлексиялық практикумдар жатады.
Мектепішілік қалыптасқан жағдайды бақылау немесе тексеру үшін ең әуелі мақсатқа бағытталған ішкі және сыртқы диагностика субъектілердің өзіндік рефлексия қызметін ұйымдастыру, объективті және субъективті талдау мен бағалау іске асырылады. Өзіндік рефлексия және сыртқы диагностика әдістері арқылы оқыту үрдісінің ерекшеліктері, педагогикалық іс-әрекетінің нәтижелілігі зерттеліп, соның негізінде одан әрі даму бағыттары нақтыланады, мектепті басқарудың тағы қандай мүмкіндіктері бар екені анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет