53. Мектеп жұмысын жоспарлау түрлерін атаңыз Мектеп жұмысының практикасында жоспардың үш түрі кездеседі: перспективалық, жылдық, ағымдық.
Перспективалық жоспар бес жылға арналады. Оның құрылымы мынадай сипатта болуы мүмкін:
1. Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.
2. Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.
3. Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.
4. Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
5. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
6. Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту.
7. Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын жасау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші тоқсан) мектеп директоры мен оның орынбасарлары нормативтік, әдістемелік құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші тоқсан) директордың басшылығымен жобалаушы топ құрылады, олар қажетті мәліметтер жинақтайды. Үшінші кезеңде (үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтерге талдау жасалады, комиссия мүшелерінің есептері тыңдалады, туындаған қиындықтар мен оларды жою жолдары анықталады. Төртінші кезеңде (төртінші тоқсан) жоспардың жобасы дайындалып, талқылауға ұсынылады. Жоба оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің жұмыс жоспары ретінде бекітіледі.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына арналып жасалады.
54. Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым – қатынас ерекшеліктері Басшы өз уақытының көпшілік бөлігін әңгіме, кеңес өткізуге, тікелей байланыс орнатуға, мәлімет алмасуға жұмсайды. Осыған орай жеке адамдар арасындағы коммуникацияда қандай кедергілер болатындығын білудің айырықша маңызы бар. Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: ьасшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілдермен, өзінше шешеді.
2-нші жауап Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс - әрекеттегі қиыншылықтардың босым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немсе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емс, педагогикалық қарым - қатынас саласындағы деформация мен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым - қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады. Көптеген ғалымдардың ( Г. А. Ковалев, Л. А. Петровская, Б. Ф. Ломов, В. Н. Мясищевеңбектерінде педагогикалық қарым - қатынас шығармашылық іс - әрекеттің түрі ретінде қарастырылады