51. Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасының жасалу реті Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау Бұл топқа мынадай ұйымдастыру – педагогикалық ықпал жасау тәсілдерін жатқызуға болады: педагогикалық кеңес, кәсіптік қатынас, нұсқаулар. Тұтас педагогикалық үдерістің диагностика-сы. Тұтас педагогикалық үрдістің әр түр-лі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау. Білім беру үдерісін бақылау технологиялары. Негізгі түсініктер: мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы). ... тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға жағдай жасау ... Педагогикалық талдау функциясын қазiргi ұғымда алғаш рет қолданып, мектепiшiлiк басқару теориясына енгiзген Ю.А.Конаржевский едi.
52. Менеджмент, оның кәсіби білім беру жүейесіндегі рөлі Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Менеджмент ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғымен 20 ғасырдың басында пайда болып,
өзінің дамуында бірнеше кезеңді бастан кешірді.Экономикалық әдебиеттерде басқару
ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» ағыммен байланысты екені айтылады.
Алғаш рет ғылыми менджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерок
Тейлор. Ол өңдірісті ғылым басқаруға болады деген пікір айтты.Кезінде ғажайып жаналық болған бұл құбылысты кеиін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді.Ф.Тейлор кәсіп орынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасау болатының» нысан етті.Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қамтамассыз етті.Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд(1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919), т б өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. Классик үлгідегі «әкімшілік» мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни,А. К.Райли басқарудың әмбебап принциптерің ойластырды.