№1-МӘТІН. ТЕЛЕФОН.
Түркия аудандарының кодтары (сыртқы байланыс желісіне шығу қажет)
Айсел
|
324
|
Сакарья
|
264
|
Анкара
|
312
|
Самсун
|
362
|
Бурса
|
224
|
Санлиурфа
|
414
|
Измир
|
232
|
Стамбул
|
212
|
Карабук
|
372
|
Тарс
|
324
|
Маниса
|
236
|
Элациг
|
424
|
Кейбір халықаралық кодтар (сыртқы байланыс жолына шығу қажет)
Австралия
|
61
|
Люксембург
|
352
|
Австрия
|
43
|
Марокко
|
212
|
Аргентина
|
54
|
Мексика
|
52
|
Бельгия
|
32
|
Нидерланды
|
31
|
Бразилия
|
55
|
Никарагуа
|
505
|
Ұлыбритания
|
44
|
Жаңа Зеландия
|
64
|
Вергия
|
36
|
Норвегия
|
47
|
Венесуэла
|
58
|
Польша
|
48
|
Гватемала
|
502
|
Португалия
|
351
|
Германия
|
49
|
Ресей
|
7
|
Греция
|
30
|
Румыния
|
40
|
Дания
|
45
|
Саудов Аравиясы
|
966
|
Үндістан
|
91
|
АҚШ
|
1
|
Индонезия
|
62
|
Филиппины
|
63
|
Ирландия
|
353
|
Филяндия
|
358
|
Исландия
|
354
|
Франция
|
33
|
Испания
|
34
|
Чех Республикасы
|
420
|
Италия
|
39
|
Чили
|
56
|
Канада
|
1
|
Швейцария
|
41
|
Колумбия
|
57
|
Швеция
|
46
|
Корея
|
82
|
Эквадор
|
593
|
Коста-Рика
|
506
|
Жапония
|
81
|
ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІН ТІКЕЛЕЙ ТЕРУ (сыртқы байланыс жолына шығудың қажеті жоқ)
Түрік әуе жолдары 700 теру
Түрік әуе жолдары (билеттерді броньдау) 701 теру Темір жол ақпараты және билеттерді тағайындау 702 теру Кең тас жол туралы ақпарат 703 теру
Кең тас жол туралы ақпарат (Стамбул) 704 теру
Телефонды қалай пайдалану керек?
Қонақ үйде болғанда, нөмірден нөмірге телефон соғу үшін бөлменің нөмірін, егер ол төрт нөмірден тұрса, тікелей теріңіз. Егер бөлменің нөмірі үш цифрдан тұрса, басында «0»-ді содан кейін бөлменің нөмірін теріңіз.
Қонақ үйден тыс нөмірге байланыс жасау үшін (сыртқы байланыс жолы)
«8»-ді теріңіз.
Түркияның ішінде қалааралық телефон соғу үшін жергілікті кодты және абоненттің нөмірін теріңіз.
Түркиядан басқа елге халықаралық телефон соғу үшін ең алдымен «07»-ні теріңіздер де, халықаралық байланыс желісімен байланыстың сигналы – ұзақ гудок болғанша 1 сикунд күтіңдер.содан кейін телефон соғып отырған елдің халықаралық кодын ары қарай ондағы қаланың кодын (бірінші «0»-сіз) және ақырында абоненттің нөмірін теріңдер.
Түркияның кез келген ауданы бойынша ақпарат алу үшін «0»- ді, содан соң қажет ауданның жергілікті кодын теріңіз.
Болат пен Қайрат Түркияда демалуда. Олар Стамбулда бір апта болып, содан кейін болаттың апасының хал-жайын білу үшін Сакарияға баруды жоспарлады.
Алдыңғы бетте Болат «Стамбулдың халықаралық отелі» қонақ үйіндегі телефонның жанынан тауып алған мәлімет берілген. Осы мәліметті келесі сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыздар.
Сұрақ 1: ТЕЛЕФОН
Болат сөмкеден бар заттарын шығарып болған соң, Қайрат онымен тамақтануға баруға дайын екеніне көз жеткізу үшін оған телефон соқты. Қайрат 328-нөмірде орналасты.
Болат қандай нөмірді теру керек?
Сұрақ 2: ТЕЛЕФОН
Түстен кейін Болат пен Қайрат Стамбулдан Сакарияға дейінгі пойыздар жөнінде білмекші болды.
Олар қай нөмір бойынша телефон соғу керек еді?
Сұрақ 3: ТЕЛЕФОН
Болаттың дос қызы да саяхатта. Болат Түркиядан кеткеннен кейін онымен Польшада кездесуді жоспарлады. Міне, Болат одан алған хатының соңы.
Болат Стамбулдағы өзінің қонақ үйіндегі нөмірінен телефон соғуға дайындалды. Салимамен сөйлесу үшін Болат қандай нөмірді теруі керек?
Келесі сұрақтарға жауап бергенде, алдыңғы бетте келтірілген дүкенге жұмысқа қабылданушыға арналған сауалнаманың бланкісін пайдаланыңыздар.
Сұрақ 4: ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ
Кестеде келтірілген мәліметті пайдаланып, алдыңғы бетте келтірілген сауалнама бланкісіндегі «ұсыныстар мен мүмкіндіктер» бөлімін толтырыңыз.
Сіз 16:00-ден бастап, 15 сағат жұмыс істегіңіз келеді.
Сіз сенбі мен жексенбіден басқа кез келген күндері, аптасына 2 күн немесе көбірек жұмыс істегіңіз келеді.
Сіз дүкенге жақын тоқтайтын автобустың жүру жолы бойында дүкеннен 2 км жерде тұрасыз.
Жұмыс туралы сіздің досыңыз айтты.
Бланкінің жоғары және төменгі (көлеңкеленген) бөліктерін ТОЛТЫРМАҢЫЗДАР!
Сұрақ 5: ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ
Сіз дүкеннен қаншалықты алыс тұрасыз? Сіз жұмысқа қандай көлікпен келесіз?
Қалай ойлайсыз, дүкен неге бұл мәліметтерге көңіл қояды.
№3-МӘТІН. ТҰМАУ (ГРИПП)
ACOL тұмауға қарсы ерікті вакциналау бағдарламасы
Тұмаудың қысқы кезеңде қарқынды түрде пайда болуына еш күмән жоқ шығар. Тұмаумен ауырған адамдар бірнеше апта бойы ауыруы мүмкін.
Вируспен күресудегі ең жақсы әдіс күшті және сау ағза болып табылады. Күнделікті жаттығулар мен құрамынажемістер мен көкөністер кіретін тамақтану иммундық жүйеге осы қауіпті вируспен күресуде көмек көрсету үшін ұсынылады.
ACOL біздердің арамызда осы зұлым вирустың таралуын болдырмау үшін персоналға қосымша тәсіл ретінде тұмауға қарсы вакциналау мүмкіндігі ұсынуды шешті. ACOL 17 мамыр күні жұмыс уақытында жарты күнге ACOL- да вакциналауды бақылау үшін медбикені шақырады. Бұл бағдарлама тегін және бүкіл персонал үшін қолжетімді.
Қатысу ерікті түрде. Осы нұсқаны таныған персонал олардың қандай да бір аллергиялары жоқ екендігін, және оларда аздаған жанама әсерлер пайда болуы екенін түсінетіндігі туралы келісім формасын толтыруы тиіс болады.
Медициналық ұсыныс вакцинациялаудың тұмаумен ауырудың себебі болмайтындығын білдіреді. Алайда ол аздап шаршау, дененің аздап қызуы мен қолдардың әлсіреуі сияқты жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Вакциналаудан кім өтуі тиіс?
Вирустан қорғалғысы келетін кез келген адам.
Бұл вакциналау, әсіресе, 65 жастан асқан адамдар үшін ұсынылады. Алайда жасына қарамастан, созылмалы ауру сырқаттары, әсіресе, жүрек-қан тамырлары, өкпе, бронхылары немесе сусамыр (диабеттік) бұзылулары бар КЕЗ КЕЛГЕН адамдарға да ұсынылады.
Кеңселік ортада БАРЛЫҚ персоналға тұмаумен ауру қаупі төнуі мүмкін.
Вакциналаудан кім өтпкуі тиіс?
Жұмыртқаға аса сезгіштігі бар тұлғалар, қатты безгек ауруынан зардап шегетін тұлғалар және жүкті әйелдер.
Егер сіз қандай да бір медициналық препараттар қабылдап жүрсеңіз немесе сізде бұрынырақ тұмауға қарсы вакциналауға реакция болған жағдайда өз дәрігеріңізден кеңес алыңыз.
Егер сіз вакциналаудан 17 мамыр күні өткіңіз келсе, бұл туралы кадрлар бөлімінің қызметкерлері Фиона Мак Свиниге, жұма 17 мамыр күні хабарлаңыз. Күні мен уақытты медбике жұмысының кестесіне, қатысушылар саны мен персоналдың көпшілігі үшін қолайлы уақытқа сәйкес белгіленетін болады. Егер сіз вакциналауды осы қысқы кезең үшін өткізгіңіз келсе, бірақ белгіленген уақытта келе алмасаңыз, бұл туралы Фионаға хабарлауыңызды өтінеміз. Егер жеткілікті қатысушылар саны болса, қосымша емшара тағайындалуы мүмкін болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Фионамен 5577 ішкі нөмір арқылы байланысыңыз.
Фиона Мак Свини – ACOL компаниясындағы кадрлар бөлімінің қызметкері. ACOL компаниясының персоналы үшін ақпараттық бюллетень дайындалады.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «Тұмау (Ггрипп)» ақпараттық бюллетеньге қараңыздар.
Сұрақ 6: ТҰМАУ
ACOL тұмауға қарсы вакциналау бағдарламасының ерекшелігін келесілер- дің қайсысы сипаттайды?
Дене шынықтырумен айналысу жаттығулары бүкіл қысқы кезең бойы өткізіле-тін болады.
Вакциналау жұмыс уақытында өткізілетін болады.
Қатысушыларға аздаған бонус ұсынылатын болады.
Вакциналауды дәрігер жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |