1 Мәтінді оқып үйренудің көпқырлылығын түсіндіріңіз


Көп уақытқа дейін текстология «прикладная филология» деп аталып, практикалық пән ретінде ғана қарастырылып келді



бет5/15
Дата15.02.2022
өлшемі65,53 Kb.
#25569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1-10

Көп уақытқа дейін текстология «прикладная филология» деп аталып, практикалық пән ретінде ғана қарастырылып келді. Текстологияны кәсіп деп, ал әдеби шығарма сәтті жасалған текстологиялық зерттеулерді текстологтың талантына байланысты өнер деп қабылдаған кездер де болды. Дұрысына келсек, текстология ешқандай кәсіп емес, ол – бірнеше ғылымның тоғысқан, зерттеушінің ізденушілік, тапқырлық талантының нағыз ашылар – көзі. Себебі, текстолог тек мәтіннің жарыққа шыққанға дейінгі тарихын зерттеп қана қоймайды, әрбір қолжазбадағы өзгерістердің себебін дәлелдеу барысында сол шығарманың жазылған дәуір тарихын, әдеби ағымдарын, этностың тілін, саяси-мәдени жағдайларын, тіпті көшірмешінің мақсатын да байқап, ескеріп отыруға міндетті. Мәтінге жасалған кейінгі зерттеулердің дұрыс бағыт алуы да текстология ғылымына тікелей тәуелді. Демек, текстология – филологияның көмекші пәні емес, керісінше, оның бастауы мен негізі, өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы.

Ғылыми әдебиеттерде текстология терминіне мынадай анықтамалар беріліп келеді.

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «Текстология әр алуан әдеби мұралар мен тарихы документтердің текстін анықтайтын филология ғылымының бір саласы» (Kazakh tilinin tusindirme sozdigi, 1986) – деген түсініктемеден текстология ғылымы жайында толық мағлұмат алу қиынға соғады. Бірақ, Қазақ Совет энциклопедиясында «текстология – филология ғылымының әдеби мұралар мен та рихи документтердің текстерін анықтайтын саласы. Объектілердің көне-жаңалығына қарай текстология өте ертедегі нұсқалардың, орта ғасыр ескерткіштерінің және сақталған жағдайларына орай әрбір халықтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің ерекшеліктеріне сай текстологияның әдіс-тәсілдері сан қилы болады», – деген анықтама беріп, бұл ғылым саласының принциптері мен міндеттері, қолдану аясы, зерттелуі кеңірек сөз болған (Kazakhsha kenester entsiklopediyasy, 1977). Бұларға қарағанда «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» «текстология (лат. textus және грек logos – сөз, ғылым) – филологияның шығарма текстінің анық қанықтығын сақталған қолжазбасымен түпкінұсқасымен салыстырып тексеретін жариялайтын саласы» – деп оқырман қауымға түсініктірек анықтама береді де, дербес ғылым ретінде қалыптасуын өзге ғылым салаларымен байланысын сөз етеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет