1 Мәтінді оқып үйренудің көпқырлылығын түсіндіріңіз


Мәтін және оны қабылдаудың дұрыстығы жайлы әңгімелеңіз



бет7/15
Дата15.02.2022
өлшемі65,53 Kb.
#25569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Мәтін және оны қабылдаудың дұрыстығы жайлы әңгімелеңіз.

Кез келген мәтінді түсіну, яғни оны іс-әрекеттегі мәтін ретінде қабылдау, бірінші кезекте оның функционалдық қырын қарастыруды талап етеді. Мәтінде қатысымдық үдеріс жүзеге асады. Оқырманның мәтінді қабылдауына баса назар аударылады.

Мәтінді функционалдық талдауды автордың мәтіннің мағыналық құрылымын беру үшін таңдаған құралдарының оның түрі мен жанрына тәуелді екенін ескеруге тура келеді. Мәтіннің түрі мен жанрын таңдау қатысымның шарттарынан (қатысымға қатысушылар, қатысымның пәні, қатысымның құралдары және т.б.) тікелей туындайды.

Мәтін қатысымдық қызметке негізделетіндіктен, оқу арқылы қабылданатын ақпараттардың көзі ретінде жүзеге асады. Мәтіндерді игерту барысында баяндаушы жеткізетін хабарды қабылдаушы түсіну үшін мәтіннің құрылымы, мағынасы маңызды рөл атқарады. Мәтін оқу үдерісінде тіл үйренушілердің қарым - қатынасын іс жүзіне асыру өзегі ретінде және өзара түсіну, ойды жеткізу тұлғасы ретінде қолданылады.[3.113]

Мәтін сонымен қатар тұтастық, толықтық, қисындық (байланыстылық), реттілік, аяқталғандық сияқты ерешеліктерімен сипатталады. Мәтінді туғызу барысында автор қарым - қатынасқа қатысушы серіктесінің мәтінді түсінуін ескереді. Автордың көзқарасы тұрғысынан мәтінге тұтастық, мағыналық жағынан аяқталғандықган тән.

Мәтінде сыртқы байланыстардың болмауы оны қабылдап түсінуге кедергісін тигізбейді, бұл мәтінде басқа байланыс құралдарының, яғни ішкі байланыстың болатындығын білдіреді. Мәтінді түсінуде ішкі байланыс басыңқы орын алады. Ол мәтінді тұтас құрылым ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін негізгі құрал болып табылады. Мәтіннің формальды түрде берілген сыртқы байланысы болғанмен, оның ішкі байланысы болмаса, мәтінді түсіну қиынға соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет