Мәтін – автор мен оқырман арасындағы байланыс емес, ол тудырушы мен тұтынушы арасындағы ой, пікір, сана-сезімдерінің араласып тоғысатын нысаны. Мәтіннің диалогтылығы полилог, полифония, коммуникацияға айналады. Сонымен бірге, мәтінді ұғыну, түсіну арқылы әр кезең, әр мәдениет, әр этнос, жеке тұлғалардың түрлі ой-пікірі, түсінігі белгілі болып, мәтінтануда көпварианттылық, көпқырлылық, көпдауыстылық туып, дамиды.
Мәтінді түсіну кезінде дәлме-дәл ойлап, сөзбе-сөз оқудың орнына автордың ойын, дүниетанымын, қоршаған орта мен адамдардың дауысына мән беруіміз керек. Яғни қоршаған ортаға, оның адамдарының ойы да авторға әсер етеді.
А.Потебняның «көркем шығарманың мағынасы мәтін аяқталғаннан кейін, суреткерде дамымайды, ол қабылдаушыларда дамиды»,- дегеніндей, оқырман, түсінуші мәтінді оқу, талдау-талқылаулар арқылы түрлі мағына табады, мән жүктейді, концепция, идеялар ашады, мәтіннің қабылдаушыға жетуінен оның екінші өмірі басталады. Көркем мәтінді қабылдау, түсіну тек танымдық тұрғыда ғана әсер етіп қоймай, қабылдаушыға сезімдік ләззат береді. https://thelib.info/psihologiya/394270-o-1179-yrman-m-1241-tin-avtor/