Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа (кеңпейілділік)
Жүсіпбек аймауытовтың саналы қыз образын қалыптастырған романы – Ақбілек
Шерхан Мұртазаның аудармалары - Боранды бекет. Қош бол, Гулсары. Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт», Мұстай Кəрімнің «Біздің үйдің қуанышы» атты повесін аударған. Ш.Айтматовтың бүкіл əлемді таң қалдырған «Плаха» романы кəнігі жазушы һəм аудармашы Ш.Мұртазаның да назарынан тыс қалмады. Мұның алдында əлем жазушысының біраз шығармасын аударған Ш.Мұртаза «Плаха» романын қазақ оқырманына нағыз жүрек үнінде жеткізуге асығады.
Әбіш Кекілбаев Аңыздың ақырында хан бұлақтың басында не үшін отырады – Келесі қадамын ойлайды
Аңыздың ақырындағы ханға тән мінез - Хан тұқымына, жалпы билік басындағы адамдарға тән данғойлықтан, кеудесоқ мінезден де аулақ. Өзін қарапайым, сыпайы ұстап, халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайды. Көп ортасында болады, сөз тыңдауға, адам тануға ұмтылады. Әбілқайырдың бұл мінезінде хан тағына өзін іштей дайындау сезіледі.
Берілген үзіндідегі сипаттама қай ханға тән – Жанталас. Әбілқайыр хан
С.Мұқанов поэмалары – Ақ аю, Батырақ, Сұлушаш, «Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды көл», «Жүйткі, қара айғырым»
Сұлушаш - Поэмада қазақ ауылындағы әлдінің озбырлығы мен әлсіздік көрген қорлығы , әсіресе адамның бас бостандығы жоқтығы, яғни байдың кедейге не айтса сол болатындығы, екі жастың бір-біріне деген соншалықты махаббаты суреттелген. Туындының бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегіне құрылған.
Көңіл-күйді білдіретін жырлар – жоқтау, естірту, қоштасу
Бесатар повесінде әкесі Төреханды түрмеден босатып алатын кейіпкер – Сәруар
17 ғасырда өмір сүрген жырау – Жиембет – Есім хан тұсында
«Қиянатқа шабуыл жасап, әлсіздерге қуат беріп, халық мұратын іздеген сегіз қырлы, сексен сипатты...» С.Бегалин кім туралы айтқан – Қожанасыр
М.Дулатовтың өміріне қатысты деректер – алғашқы романның авторы, Торғай атырабында дүниеге келген.