2. Оқытудың ынталандырушы және аффекттік теориялары. Жақын арадағы даму аймағы.
Адамның кәсіби іс-әрекетке жағымды қатынасы адамды іс-әрекетке ынталандыратын күштердің, оның белсенділігінің себептерін талдаумен байланысты. Қатынастар теориясы негізінде қатынастар ерекшеліктерінің 3 аспектісін қарастыруға болады: (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, А.Ф.Лазурский, С.П.Франк, А.Н.Леонтьев, В.И.Чирков):
- когнитивтік аспект (пән саласының сипаттамасы);
- аффективтік аспект (нақты белсенділікті қамтамасыз ететін мотивтердің сипаттамасы);
- мінез-құлық аспектісі (адам белсенділігінің қажеттілік аумағы).
Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары. Өткен ғасырдың 70–80-жылдарында оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер гуманистік психологияға негізделген болатын, әрі адамның өсу әлеуетін «мен» тұжырымдамасына баса назар аудара отырып қарастырған.
Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып танылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол физиологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге – өзін өзі көрсете, таныта білуді қойды.
1-деңгей: Аштық, шөлдеу, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек.
Маслоу төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта анағұрлым күшті болады. Оның кейбір оппоненттері бұл иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды орындамай-ақ, өз ойын іске асыра алады дегенді алға тартады. Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды.
2-деңгей: Қауіпсіздікке деген қажеттілік болашағы болжанған және бірізділікке негізделген өмір болуын көздейді. Егер де олар қанағаттандырылмаса, адамдар өз әлемін қорғап, жоғары деңгейлі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшін жұмсайды. Ал қанағаттандырылса, адамдар үшінші деңгейге ауыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |