1. Мұғалім ұстанымы. Тиімді және сапалы оқыту. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім


-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді. 4-деңгей



бет3/8
Дата10.05.2023
өлшемі1,33 Mb.
#91722
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1. М алім станымы. Тиімді ж не сапалы о ыту. Табысты о ыту мен

3-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді.
4-деңгей: Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлік, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады.
5-деңгей: Өзін өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете білу.
Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды. Өзін өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар да басымдыққа ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқызуға болады.
Мен Тұжырымдамасы. Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым- қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім беру қисын мен интуиция, зияткерлік пен сезімді қамтиды деген идеяны өрбітті. Оның ойынша, елеулі немесе тәжірибеге негізделген оқудың сипаттамасы төмендегідей:
• «Оқу барысында жүретін сезіну және тану аспектілерінің екеуінде де адамның жеке өзінің араласуын көздейді.
• Өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан жасалған күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады.
• Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы, тіпті жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.
• Оны өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме, өзі білмейтін салаларды анықтай ма деген сияқты аспектілерді қарастыра отырып оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік пайымдарына негізделеді.
• Оның мәнi – мағынасында. Мұндай оқу орын алған жағдайда оқушы үшін оқудың мағынасы жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» (Rogers, 1983).
Демек, «мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарды бағыттайтын, өзін өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық танымдық және аффекттік компоненттердiң үйлесуі болып табылады.
Әлеуметтікмәдени теориядағы маңызды ұғым – жақын арадағы даму аймағы. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен ересек адамдардың басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білім мен дағдыларды қамтиды. Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарымқатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Бұл баланың психикалық дамуындағы ересек адамның рөлін айқындайды.

Л.С. Выготскийдің тұжырымдауы бойынша (1978), баланың жақын арадағы даму аймағында оқыту анағұрлым тиімді болады. Бұл баланың өз бетінше және ересектердің көмегімен іске асыратын әрекеттері арасындағы терезе сияқты. Демек, жоспарланған білім беру мүмкіндіктері мен сабақтары баланың нақты даму деңгейінен сәл жоғары деңгейде ұйымдастырылуы тиіс, ал педагогтер немесе басқа да ересектер бала дамуының жақын арадағы даму аймағына қол жеткізуіне қолдау көрсетуі тиіс.

Брунер scaffolding («қолдау») терминін енгізді. Оның пікірінше, бала белгіленген білім, білік және түсінікті өз бетінше меңгеру қабілеті қалыптасқанда, оған көрсетілетін қолдау азайтылады (Вуд, 1998). Балаларды бақылау барысында олардың жетістіктерін белгілеу маңызды, дегенмен сыртқы жетістіктері мұқият ойластырылған «қолдау» техникаларына негізделетін тәсілдерді қолдану маңыздырақ болып табылады. Олар балалармен бірлексен ойын түрінде болуы мүмкін: модельдеу, сұрақ қою және түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет