1-модуль. ҚАзіргі білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері семинар нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ актілермен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен


-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері



бет2/7
Дата24.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#96393
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Презентация 1.1

3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
  • Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

  • 1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
    2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
    3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
    4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
    5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
    6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
    7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
    8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
    9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
    10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
    2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

«БІЛІМ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 27 ШІЛДЕДЕГІ ЗАҢЫ
(01.01.2022 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:
1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.
3. Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді.
«БІЛІМ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 27 ШІЛДЕДЕГІ ЗАҢЫ
(01.01.2022 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет