мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;
вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;
баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға;
ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;
отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;
теңгерімді тамақтандырудың кешенді бағдарламасын әзірлеуге;
қазіргі жағдайларда жұмыс істеу үшін білікті педагогтер даярлауға;
педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етуге;
баланың даму процесін жетілдіру мақсатында кері байланыс орнатуға, зерттеу мәдениетін құруға;
қазіргі жағдайда жұмыс істеуге қажетті құзыреттерді дамытуға;
«мамандыққа кіріспе» курстарынан өтуді (жас мамандар үшін) қамтамасыз етуге
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР : (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысы)
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ МОДЕЛІ
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысы)
3. БАЛАЛАРҒА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ