1-модуль. ҚАзіргі білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері семинар нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ актілермен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен



бет4/7
Дата24.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#96393
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Презентация 1.1

ПРОБЛЕМАЛАР
  • 2025 жылға дейін халықтың күтілетін елеулі өсуіне мектепке дейінгі ұйымдар инфрақұрылымының дайын еместігі.
  • Мектепке дейінгі білім беру қызметтерімен айтарлықтай қамтылғанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу үшін 2-6 жастағы балалардың кезектілігін сақтау.
  • Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қоюдың өңірлік ақпараттық жүйелерінің бытыраңқылығы және мемлекеттік деректер базасымен интеграцияның болмауы.
  • Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің тәжірибесінде балаларды ерте дамыту әдістемесінің жеткіліксіз қолданылуы.
  • Мектепке дейінгі балалық шақты "тегістеу" және МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұнындағы ойынның жеткіліксіз рөлі.
  • Мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын кешенді бағалау тетігінің болмауы.
  • Заттық-кеңістіктік ортаның қауіпсіздігі, денсаулықты сақтау және жайлылығы тұрғысынан мектепке дейінгі ұйымдарда кеңістікті тиімсіз ұйымдастыру.

5.3. Тең бастапқы мүмкіндіктер жасау
5.3.1 мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті кеңейту.
  • Мектеп жасына дейінгі, әсіресе 3-6 жастағы балалар арасында жоғары кезектілікті сақтау проблемасын шешу үшін шаралар кешені қабылданатын болады.
  • Ең алдымен, бұл МЖӘ және бизнесті тарту негізінде балабақшалар ашу.
  • Меншік нысанына қарамастан балалардың мектепке дейінгі ұйымдарда болу қауіпсіздігіне, дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны жарақтандыруға және абаттандыруға қойылатын талаптар арттырылады.
  • Авариялық мектепке дейінгі ұйымдар жойылады, жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдарда балалардың инклюзивті білім алуы үшін жағдайлар жасалады.
  • Мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы ата-аналардың консультациялық пункттерінің саны артады, олардың ғылыми және әдістемелік қолдауы, оның ішінде оқыту онлайн курстары мен мобильді қосымшалар арқылы да күшейтіледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
  • Түзету педагогикасы және инклюзивті практика орталығы әдістемелік сүйемелдеу деңгейін арттыру мақсатында Авторлық оқу бағдарламаларын, оқу басылымдары мен оқу құралдарын әзірлейтін болады.
  • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың қосымша және баламалы тетігі ретінде үй тәрбиешісінің штат бірліктері ("әлеуметтік бала күтуші"), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда енгізілетін болады.
  • Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктелетін болады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
5.3.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделі шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардағы мазмұнды жаңғырту
  • Қазақстанда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру шеңберінде деңгейдің мақсаты БСХСЖ-2011 (ЮНЕСКО, 2013 жыл) сәйкес сапалы түрде өзгертілетін болады. Яғни, баланың танымдық, физикалық, Әлеуметтік және эмоционалды дамуын сақтау және оны отбасылық жағдайдан бөлек ұйымдастырылған оқумен таныстыру үшін кешенді тәсіл қамтамасыз етіледі.
  • Тәрбие мен оқыту баланың бастауыш мектепте оқуы және қоғамда әлеуметтенуі үшін қажетті базалық өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталатын болады. Ол үшін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты, үлгілік оқу жоспарын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын қайта қарау жоспарлануда.
  • Мектепке дейінгі ұйымдарды оқу басылымдарымен және қосымша білім беру ресурстарымен, оның ішінде электрондық форматта жарақтандыру жақсарады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
КНЦЕПЦИЯ РАЗВИТИЯ ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ДО 2025 Г.
5.3.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделі шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардағы мазмұнды жаңғырту
  • Бала скринингінің, оның психологиялық-медициналық-педагогикалық диагностикасының және медициналық және мектепке дейінгі ұйымдар мамандарының байқауының деректері негізінде
  • Ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтау және түзету жүйесін құру мақсатында білім беру, әлеуметтік қорғау салаларының ақпараттық жүйелеріне және медициналық ақпараттық жүйеге интеграциялау және бірлесіп қол жеткізу тетіктері пысықталатын болады.
  • Мектепке дейінгі ұйымдарды IT-жарақтандыруға және балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды қайта қарау жоспарлануда.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
5.3.3. Көшбасшылық негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын басқарудың тиімділігін арттыру
  • Кезекке қоюдың өңірлік ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптар заңнамалық негізде біріздендірілетін және күшейтілетін болады, оның ішінде ҰБДҚ-мен интеграция, міндетті аудит, LMS, блокчейн, бірінші жыл ішінде АЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жөніндегі провайдердің міндетін енгізу және аттестаттаудан өту арқылы
  • Интеграция мектепке дейінгі ұйымға түскен кезде балаға бүкіл білім беру траекториясы бойында оның бірегей цифрлық ізін сақтайтын әмбебап ID беруге мүмкіндік береді. Композиттік мемлекеттік қызметте мектепке дейінгі ұйымнан орын алу үшін кезекке қою белсенді емес, баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қалауы бойынша жүзеге асырылатын болады.
  • Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесі халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қажеттілігін есепке алудың өзгеруіне және ата-аналар үшін ваучерлердің енгізілуіне байланысты қайта қаралатын болады.
  • Мектепке дейінгі ұйымды басқаруда ерекше жетістіктерге қол жеткізген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы көшбасшылар корпусын құру жоспарлануда. Бұдан басқа, эмпирикалық зерттеулер негізінде әрбір өңірде жақын маңдағы мектепке дейінгі ұйымдар үшін құзырет орталықтарына айналатын кемінде екі эталондық балабақша айқындалатын болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет