1-модуль Хронологиялық кесте



бет4/4
Дата08.02.2023
өлшемі31,5 Kb.
#66295
1   2   3   4
І.Нормативтік бағалау: Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.
ІІ. Оқулықтың мазмұндық жағы .Оқу материалын іріктеуде оқушы жас ерекшелігі ескерілген. Оқу материалы оқушы үшін түсінуге ыңғайлы. Материалдар оқушының ізденісіне қарай бағытталып құрылған. Топпен, жұппен орындалатын жұмыстар, шығармашылыққа арналған тапсырмалар, терең ойлауға арналған тапсырмалар берілген. Оқушыларға сөйлем, ереже,үндестік заңын,жалғау түрлерін бере отырып, оқушыны жетелеуге тапсырмалар берген. Оқулық соңында қысқаша түсіндірме сөздігі берілген. Ол оқушы үшін түсінбеген сөздерді қарап шығуға мүмкіндіктері бар. Ал ол өз тиімділігін көрсетуде.
ІІІ. Оқулық мәтіні. Негізгі мәтіндер теориялық және тәжірибелік білімдер қатар берілген. Оқулықта берілген тапсырмалар оқушыны өз ойларын айта білуге, қорғауға және дәлелдеуге құрылған. Оқулықтағы шартты белгілерді назарға ала отырып, оқушы қай бағытта жұмыс жасайтынын біледі. Берілген суреттерге байланысты оқушыларға түрткі сұрақтар арқылы өз ойын өрбітуге де көңіл бөлінген. Оқулықта оқушы үшін берілген тапсырмалар күрделі болса, астына «үлгі» ретінде көретілген. Оқулық соңында тыңдалым мәтіндері берілген.Оқулықтағы материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жазылған.
ІУ. Мәтін тілі және стилі. Оқулықта баяндау стилі әдеби тіл нормаларына сәйкес.
У. Баспа қателерінің болуы. Оқулықта грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателер сипаты байқалмады.
УІІ. Шрифт. Өлшемі талапқа сай, жолдар арасындағы ара қашықтық сақталған.
Оқулықтың беттеріндегі түрлі оқу материалын орналастыру мүмкіндігіне форматы сәйкес және пайдалануға ыңғайлы. Қағаздың сапасы жақсы, әріптері анық, тығыздығы, қалыңдығы жақсы, тасымалдауға ыңғайлы.

3. Қосымша әдістемелік еңбектерге сараптама жасау


А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі - мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.


«Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша.
Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы А.Байтұрсыновтың тағы бір зор еңбегі – қазақ тілінің терминдерін жасауы. Қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген «зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз» деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы А.Байтұрсыновтікі.
А.Байтұрсыновтың 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі бөлімнен тұратын екі кітапты «Тіл жұмсар» деген еңбегі белгілі. Ол методика саласында 1910 жылдардан бастап 1928 жылға дейін бірнеше материалдар жинаған. Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген.

«Тіл – құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша.


Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» (Төте жазу) дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойғаң бұл үшін «Тіл құралды» жазған.
.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет