Эмоционалдытұрақтылық - өз-өзіне жеткіліктілік, өз күшіне сенімділік, эмоционалды кемелділік. Олар байсалды, өз жоспарлары мен құштарлықтары тұрақты, көңіл-күйдің кездейсоқ өзгерістеріне берілмейді. Эмоционалды тұрақты адамдар ең жағымсыз жағдайда да байсалдылық пен суыққандылықты сақтай алады. Олар көбінесе көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
Тәжірибеге ашықтық-өмірге деген жеңіл көзқарас. Бұл типтегі адам өмірдің тұрлі жақтарына қызығушылық танытып, өз әуестігін қанағаттандырады. Ол оқуда зейінді болғанымен, жүйелі түрде ғылымға ден салмағандықтан, ғылымда үлкен жетістіктерге сирек жетеді. Тәжірибеге aшық aдaмдaр кең қызығушылық, дaмығaн қиял, икемді aқылғa, оригинaлды және эстетикaлық сезімтaлдыққa ие, олaрды жaңaшылдық пен ерекшелік қызықтырaды.
Консервативтілік:реалист, күнделікті өмірге жақсы бейімделген. Ол өмірге парасатты әрі шынайы қарайды, дерексіз ойға қарағанда, материалдық құндылықтарға көбірек сенеді. Бұл типтегі адам өмірдегі жылдам өзгерістерді ұнатпайды, айналасындағы барлық затта тұрақтылық пен сенімділікті бағалайды; өмірдегі барлық жағдайларға логикалық өлшеммен қарап, рационалды түсінік пен практикалық пайда іздейді.
«Үлкен бестік» теориялық моделіадамды интегралды жүйе ретіндесипаттайды және «Адам» жүйесінің ішкі құрылымдарына сәйкес келеді.
Сонымен, бүгінгі дәрісті қорытындылайық:
-Қорытынды: Тұлға адамды әлеуметтік қарым-қатынас субъектісі ретінде анықтайды.
-Қорытынды: Тұлғаның құрылымы 4 базистерден тұрады, олар: темперамент, мінез, бағыттылық, яғни мотивтер мен құндылықтар, және қабілет.
-Қорытынды: Ұлттық сана халықбірлігініңбасты факторы мен механизмі. Олтілде, халық дәстүрлерінде, аңыздар мен ертегілерде, әлеуметтік және тұрмыстық қарым-қатынаста, сөйлеу мәдениетінде, әдет ғұрыпта көрініс алады. Ұлттық сана негізінде жеке адам болмысына ауыз біршілік, еңбекқорлық, адамгершілік, терең білім, адалдық қасиеттері ұялайды.
-Қорытынды: әрбір тұлғаның өзіндік тұрақты қасиеттері болады. Оларды: экстраверсия, тәжірибеге aшықтық, aдaлдық, aқкөңілділік, нейротизм.
Егер өз тұлғаңыздың қасиеттерін анықтағыңыз келсе, қосымша материалдар арасында осы «Үлкен бестік» тесті бар. Берілген нұсқау бойынша барлық сұрақтарға жауап беріп, өз қасиеттеріңізді танып, шыңдай біліңіз.
Сәттілік!