1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


Телекоммуникациялық қатынас құруды басқару. Қолданбалы интерфейстер және қабықшалар



бет29/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
13.1 Телекоммуникациялық қатынас құруды басқару. Қолданбалы интерфейстер және қабықшалар.
Телекоммуникациялық қатынас құруды басқу жүйелерінде қолданбалы интерфейстер кеңінен қолданылады.
Графикалық қолданушы интерфейсі (Graphical User Interface - GUI) «қолданушы-компьютер» қарым-қатынасының стильі ретінде анықталады, бұл стильде төрт фундаментальды элемент қолданылады: терезе, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер (13.1 сурет). Кейде GUI интерфейсін WIMP интерфейсі деп те атайды (Windows – терезелер, Icons – пиктограммалар, Menus – мәзір және Pointers – көрсеткіштер). GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті – бұл тікелей манипуляциялау мүмкіндігі, тышқанды немесе көрсеткішті ұстап тұру, графиканы қолдану және қосымшаның функциялары мен мәліметтері үшін орынның болуы. GUI стилінің негіздерінің бастапқы анализі, кейінірек талқыланатын GUI бағытталған қосымшасының қолданбалы дәрежесінен бөлек жүргізіледі.
Терезе. Терезе – бұл бейнелеу үшін және объектілермен, объекттер туралы ақпараттармен әрекеттесу үшін қолданылатын, немесе объектте белгілі-бір әрекетті орындау үшін қолданылатын бейнелеу құрылғысының интерфейсі. Терезеде тақырыпша қатары, объекттер туралы ақпараттар, орын ауыстыру операциялар жиыны, өлшемді өзгерту, мәзір жиыны және объекттер туралы ақпараттар бейнеленетін облыс болады. Әдетте терезе үшбұрыш бейнесінде болады. Терезені қолданатын қосымшаға мысал ретінде компьютер дисплейінде бейнеленетін GUI бағытталған қосымша Address Book (Адрестік кітап) алсақ болады (13.1 - сурет). Терезелер тағы да диалогтық әрекеттерде, хабарламалар және анықтама алу үшін қолданылады.

Сурет 13.1 – GUI интерфейсінің негізгі компоненттері
Терезе ақпаратты бүкіл бейнелеу құрылғысының белгілі бір бөлігінде немесе облысында бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын қолдану бір уақытта бірнеше объектілермен немесе басқарушы диалогтармен әрекеттесу үшін 13.2 суретте көрсетілгендей бірнеше терезелерді қарастыруға мүмкіндік береді. Терезені анықтау сонымен қатар графиканы қолдануды және ақпараттың қол жетерлік көлемін көрсету үшін мәтіндік ақпараттың орнына визуализациялауды қолдануды түсіндіреді (мысалы, «45-тің ішінен 1-ші қатар» типін көрсетудің орнына айналдыру жолағын қолданудың ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет