1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


 Жады қорының менеджері. Жадыны бөлу стратегиялары



бет28/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)

2 Жады қорының менеджері. Жадыны бөлу стратегиялары.
Жады қорының менеджерінде үлестірілген ортақ жадты реализациялау алгоритмдері
Төрт негізгі алгоритм бар:

  • Орталық серверлі алгоритм. Барлық бөлінетін деректер орталықтандырылған серверді қолдайды. Клиенттер оған сұраныстармен жүгінеді. Егер деректер оқу үшін керек болса, онда олар клиенттерге жіберіледі. Егер жазу үшін керек болса, онда сервер оларды түзетеді және модификацияны растайтын квитанцияға жауап ретінде клиенттерге жіберіледі.

  • Миграциялық алгоритм. Алдыңғы алгоритмдерден негізгі айырмашылығы - деректердің орталықтандырылған серверді қолдамайды. Бөлінетін деректер сұраған түйінге қайта жіберіледі (миграциялайды). Алгоритм - бетті басқа түйінге миграциялағанға дейін оған бірнеше жүгіну орындалып болғанша еріксіз сол түйінде ұсталып тұратын уақытты беру мүмкіндігін қарастырады.

  • Оқу үшін бөлу алгоритмі. Оқу және жазу концепциялары болып бөлінеді. Оқуға арналған беттерді әрбір түйінде сақтауға болады. Жазуға арналған беттер алдыңғы алгоритм бойынша басқарылуы тиіс. Алгоритм өнімділігі оқу бойынша бірмезгілде қол жеткізу мүмкіндігі есебінен артады. Деректерді жазу барлық ескірген деректер блогы немесе оларды түзету көшірмесін жоюға кететін үлкен шығындарды талап тетеді.

  • Толық көбею алгоритмі. Бұл алгоритм – алдыңғы алгоритмнің кеңейтілген түрі. Ол көптеген оқырмандар және көптеген жазушылар хаттамасын реализациялайды. Көптеген түйіндер деректерді параллель түрде жаза алатындықтан келісімділікті қолдау үшін оларға қол жеткізуді бақылау талап етіледі. 

Барлық айтылған алгоритмдер жеткілікті тиімді емес. Тиімділікті арттыру үшін жадпен жұмыс істеу алгоритмін емес онымен жұмыс істеу семантикасын (тәсілін) өзгерту қажет.
Жадыны бөлу стратегияларының жұмыс істеуі үшін консистенттілік модель болуы шарт. Консистенттілік модель дегеніміз - бағдарламамен жұмыстың белгілі-бір ережелерін сақтау барысында жад модулі мазмұны дұрыс болады, ал егер бағдаламаға қойылған талаптар бұзылатын болса, онда жад «оқу-жазу» операциясының дұрыс орындалуына кепілдік бермейді деген бағдарламалар мен жад арасындағы қайсыбір келісім-шарт болып табылады.
Консистенттіліктің негізгі түрлерін қарастырамыз.

  • Қатаң консистенттілік. «жадтың х адресті ұяшығын оқу» операциясы ең соңғы «жазу» операциясымен х адресіне жазылған мәнді қайтаруы қажет. Қатаң консистентті жүйеде физикалық (нақты) уақыт болуы керек. Көптеген жүйелер үшін бұл іске асырарлық емес.

  • Тізбекті консистенттілік. Оны ең алғаш 1979 жылы Лампорт анықтады. Орындалу нәтижесі дәл барлық процестер операторларының нұсқаулары осы процесс үшін бағдарламамен анықталған қандай да бір тізбекпен орындалған жағдайдағыдай болуы керек. Параллель орындалу барысында барлық процестер жадқы жазудың тек бір ғана тізбегін көруі керек (оқу үшін кешігуге рұқсат етіледі).

  • Себепті консистенттілік. Барлық процестер жазудың потенциалды-тәуелді (бір ұяшықтарға ғана жазу) және потенциалды-тәуелді емес (әртүрлі ұяшықтарға жазу) операциялары арасында айырмашылықтарды өткізе отырып жадқа жазудің тек сол бір тізбегін ғана көруді талап етпейді.

  • Суөткізгіштік консистенттілік. Бір процессормен орындалатын жазу операциялары қалған барлық процедураларға олардың орындалған ретімен көрінеді. Әртүрлі процессорлармен орындалған жазу операциялары кездейсоқ ретпен көрінеді.

  • Әлсіз консистенттілік. Бұл консистенттілікті үш ереже анықтайды:

    • Синхронизациялық айнымалыларға қол жеткізу тізбектік консистенттілік моделімен анықталады;

    • Синхронизациялық айнымалыларға қол жеткізуге барлық алдыңғы жазу операциялары орындалып бітпейінше тыйым салынады;

    • Жазу немес оқу бойынша деректерге қол жеткізуге берілген (локальді) процессор үшін синхронизацияланған айнымалыларға барлық алдыңғы жүгінулер орындалып бітпейінше тыйым салынады.

13. Телекоммуникациялық қатынас құруды басқару. Қолданбалы интерфейстер және қабықшалар. Телеқатынас құрудың программалық қамтамасы. Хабарларды тіркеу, буферлеу және бағдарғылау. Қашықтан өңдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет