Гликозидазалар,өкілдері,кездесетін орны,каталитикалық әсері
Гликозидазалар- гликозидтік байланысты гидролиздейді
Гликозидазалар көмірсулардағы гликозидтік байланысты үзеді, жасушаларда, ас қорыту сөлдерінде ( асқазан сөлінде жоқ ) кездеседі.
Өкілдері: α- амилаза, γ - амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза.
Гликозидазалар катализдейтін реакциялар: α- амилаза сілекейде, ұйқы безі мен ішек сөлінде, дәнекер тіні жасушаларында кездеседі. Ол крахмал мен тағам гликогеніне әсер етіп, мальтозаға дейін ыдыратады:
Крахмал (Гликоген) мальтоза
Пептидгидролазалар,өкілдері,кездесетін орны,каталитикалық әсері
Пептидазалар- пептидтік байланысты гидролиздейді
Эндопептидазалар белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзеді, соның нәтижесінде ұзындығы әр түрлі полипептидтер түзіледі.
Экзопептидазалар полипептидтердің шетіндегі пептидтік байланыстарды гидролиздейді, оларды жеке амин қышқылдарына дейін ыдыратады.
Эндопептидазалар алдымен активсіз проферменттер түрінде түзіледі де, арнайы активаторлардың әсерінен олардың құрамынан пептидтер бөлініп шығып, белсенді ферментке айналады. Эндопептидазалар белоктарды әр түрлі ұзындықтағы полипептидтерге (п/п) дейін ыдыратады:
Экзопептидазалар Карбоксипептидазалар А және В – екікомпонентті ферменттер, коферментінің құрамында мырыш ( Zn ) бар. Ұйқы безінде прокарбоксипептидаза түрінде түзіліп, трипсинмен белсендендіріледі, п/п-дің «С» шетінен АҚ-ын бөліп алады. Аминопептидазалар жасушада және ішек сөлінде кездеседі, п/п-дің « N » шетінен АҚ-ын бөліп алады. Дипептидазалар жасушада және ішек сөлінде кездеседі, дипептидті 2АҚ-на дейін ыдыратады.
54.Трансферазалар. Жалпы сипаттамасы, негізгі топтары және олардың катализдейтін реакциялары. Трансферазалар– бір субстраттан (донор есебінде)екіншібір субстратқа (акцептор ретінде) әртүрлі топтарды тасымалдайтын ферменттер. Мысалы, глицеринкиназа глицеринді фосфорилдеу реакциясын катализдейді. Тасымалдайтынатомдар тобынақарай фосфотрансфераза,аминотрансфераза, ацилтрансфераза, т.б.
болып бөлінеді. Фосфотрансферазаларфосфорқышқылықалдықтарының көшуін катализдейді: Фосфор қышқылы қалдықтарының доноры негізінде АТФ болады. Фосфотрансферазаның өкілі – гексокиназа. Трансфераза класы 8 топшадан тұрады.