STEM аббревиатурасы S – science (жаратылыстану ғылымдары), T – technology (технологиялар), Е-engineering (инженерия), М-mathematics (математика) деп таратылады. «STEM-білім беру» бағдарламасы бойынша білім алушылар физика мен математикадан басқа робот жасау техникасын, бағдарламалауды үйренеді, өз роботтарын құрастырып, бағдарламалайды. Сабақта 3D принтерлер, көрсету құралдары және басқа да жабдықтар сияқты арнайы технологиялық зертханалық және оқу жабдықтары қолданылады. STEM-білім беру философиясы балаларды еңбек сабақтарында мамандықтарға оқытудың бұрынғы жақсы тәсілдеріне негізделген, тек құралдар мен оқыту тәсілдері ғана өзгерген деп айтуға болады.
Бұл оқу бағдарламалары – жаратылыстану-ғылыми компонент + инновациялық технологиялар күшейтілетін білім беру бағыты. Технология тіпті шығармашылық, көркем пәндерді оқуда да қолданылады.
Алайда дамыған елдердің тәжірибесі бойынша бұл үдерісті жылдамдатуға, STEM-оқытуды дамытуға робот жасау техникасы ықпал етеді. Робот жасау техникасы мен STEM арасындағы байланыс қандай? Робот жасау техникасы балаларға жаратылыстану ғылымының қыр-сырын меңгеруге, сыни және шығармашылық ойлауға, есептерді шешуге және т.б. көмектеседі. Осылайша, робот жасау техникасы балаға STEM-тәсілді жылдам меңгеруге және робот жасау техникасы үйірмелеріне барған оқушыға нақты ғылымдарды игеруге көмектеседі.
Жобаланатын фирманың басты мақсаты – нарыққа ену және онда одан әрі өмір сүру. Орталықтың негізгі қызметі – балаларды дамыту және тәрбиелеу жөніндегі қызметтер, өзге де қызметтер осы айтылғандардың айналасына шоғырландырылады. Сондықтан да білікті кадрларды іріктеуге және бос уақытты түрліше ұйымдастыруға басты назар аударылады. Бұл – фирманың бәсекелестік артықшылықтарының бірі.
Тәрбие қызметтеріне сұраныс жаз айларында сәл төмендегенімен, негізінен, тұрақты болатындықтан, ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп жатқан басқа бәсекелестерге қарағанда, артықшылықтар болған дұрыс.
Ұқсас қызмет түрлерін ұсынуға маманданған компаниялар негізгі бәсекелестер болып табылады.
Бәсекелестермен салыстырғанда біздің орталық нарықта тұрақты орын алуға дайын. Қызмет көрсету сапасын жақсарту және клиенттердің көңілін жаулап алу бойынша бірқатар іс-шара өткізу қажет. Клиенттермен сыпайы қарым-қатынас, ұсынылатын қызметтердің кең ассортименті, қызметтердің жоғары сапасы, міне, осылардың бәрі клиенттердің ықыласына бөленеді деген сенімдеміз.